О КОМПАНИИ НАШИ ПРОДУКТЫ СКАЧАТЬ КОНТАКТЫ ON-LINE English

Базы данных

Законодательство РК
Издающие органы
Типы документов
Строительные нормы
Строительные нормы по типам
Договора
Образцы документов
Энциклопедия

. .



СНиП РК 3.02-31-2004 каз ДОМА И ИНТЕРНАТЫ ДЛЯ ДЕТЕЙ-ИНВАЛИДОВ СНиП РК 3.02-31-2005

ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ҮЙЛЕР МЕН ИНТЕРНАТТАР

 

 

ДОМА И ИНТЕРНАТЫ ДЛЯ ДЕТЕЙ-ИНВАЛИДОВ

 

Енгізілген күні 2005.06.01

 


1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

 

1.1 Осы нормалар мен ережелер 2002 жылдың  11 шіл­десіндегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңын орын­дау үшін әзірленді, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне негіз­дел­ді және үйлер мен интернаттарға (арнаулы үй­лес­тіру ұйымдарына) қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.

1.2 Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнаулы үйлестіру ұйымдарына (әрі қарай – меке­ме­лерге) мыналар жатады:

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болатын мамандандырылған сәбилер үйі (әрі қарай – сәбилер үйі), онда ақыл-ой және дене кемістігі бар 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді;

- арнаулы түзету білім беру мекемелері (әрі қарай – арнаулы мектеп-интернат), мамандандырылған балалар үйлері* (әрі қарай – балалар үйі) – кемтар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған ҚР Білім және ғылыми министр­лі­гінің қарауында болатын;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­лігінің қарауында болатын ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат-үйлер.

 

* Ескерту - Жалпы типтегі балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің қызметін қоса атқаратын құрама балалар үйлері нұсқасы болуы мүмкін.

 

1.3 Осы нормалар мен ережелер орналастыруға, учаскеге, аумаққа, көлемдік жайғастыру шешім­де­рі­не, функционалдық топтарға, бөлменің құрамы мен ау­дан­дарына, кемтар балаларға (әрі қарай – балалар) арналған арнаулы үйлестіру ұйымдарының ішкі ортасына және инженерлік қамтамасыз етуге қойы­латын талаптар мен негізгі ережелерді бел­гі­лейді.

1.4 Осы нормалар мен ережелер міндетті, ұсынымдық және анықтамалық ережелерден тұрады.

1.5 Осы нормалар мен ережелердің талаптары кемтар балаларға арналған арнаулы үйлестіруші ұйымдардың жаңадан салынып жатқан, қайта құры­лым­далатын, кеңейтілетін және жаңғыртылатын ғима­рат­тарды жобалауға, олардың кімдікі және меншік нысанына қарамастан, қолданылады.

1.6 Осы нормалар ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 талап­та­рына сәйкес әзірленді.

1.7 Осы құрылыс нормалары мен ережелері      (ҚР ҚНжЕ) жобалауды құрылысты, қайта құрылым­дау­ды және қайта жабдықтауды жүзеге асырушы ұйымдық-құқықтық меншік нысанына қарамастан, бас­қару және қадағалау органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасы аума­ғын­да қолдануға жатады.

Ресми  басылым

 
1.8 Жоғарыда аталған мекемелерді жобалау кезінде, осы ҚР ҚНжЕ талаптарынан басқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық нормативтік актілері талаптарын, өртке қарсы нор­ма­лар талаптарын және санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің, экологиялық және гигиеналық норма­лар­дың тиісті талаптарын ескеру керек.

1.9 Кемтар балаларға арналған арнаулы үйлес­ті­ру­ші ұйымдарды жобалау жобалауға берілген тап­сыр­ма бойынша жүргізіледі.

1.10 Ғимаратты жобалау кезінде осы нормативтік құжат талаптарынан басқа, ҚР-дағы құрылыстық спецификалық (өзіндік) жағдайлары жөніндегі өзге нормативтік-техникалық құжат талаптарын ескеру керек.

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

ҚР ҚНжЕ II-12-77 Шудан қорғау.

ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 Сәулет, елдімекен құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер

ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі

ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Сейсмикалық аудан­дар­дағы құрылыс

ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* Табиғи және жасанды жарық­тандыру

ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* Құрылыстық кли­ма­то­ло­гия

ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* Елдімекен құрылысы. Қалалық және ауылдық елдімекенді жайғастыру жоспары мен құрылысы

ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001* Тұрғын ғимараттар.

ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар мен имараттар

ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 Сумен қамту. Сыртқы тораптар мен имараттар.

ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* Жылыту, желдету және конди­ционерлеу

ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 Қазандық  қондырғылар.

ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 Электротехникалық құ­рылғы

ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 «Едендер».

ҚНжЕ 2.01.07-85* «Жүктемелер мен әсер етулер».

ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 «Ғимарат пен имараттың негізі»

ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002 «Қадалы іргетастар»

ҚНжЕ 2.04-01-85* Ғимараттардағы ішкі су құбыры мен канализация

ҚЕ 2.6.1.758-99 (РҚН-99) «Радиациялық қауіп­сіз­дік ережелері»

ҚР ҚН 2.02.-11-2002 Ғимараттарды, жайларды және имарат­тарды автоматты өрт сөндіру және адамдарда өрт туралы  хабарлау қондырғылармен жабдықтау нормалары

ҚР ҚН 4.04-23-2004 Тұрғын және қоғамдық ғи­ма­рат­тарды электрмен жабдықтау. Жобалау нор­ма­ла­ры.

ҚР ҚН 2.04-29-2005  Ғимарат пен имаратты найза­ғай­дан қорғау құрылғысы жөніндегі нұсқау

МСЖ 3.02-05-2003 Халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі

ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 Елдімекен құрылысы. Мүге­дек­тер мен халықтық қозғалысы шектеулі топ­та­ры­ның қажеттіліктерін ескеріп, елдімекендерді жос­пар­лау және салу

Электр қондырғылардың орнату ережелері (ЭҚЕ) Астана, 2003 г.

Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері 8.02.2006 ж. № 35 ҚР төтенше жөніндегі министр бұйрығымен бекітілген

СанЕжН 2.01.004-96 Дене және ақыл-ой дамуы­н­да кемістігі бар балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелерінің құрылысы, жабдықтары, күтімі және режимі

СанЕжН 6.01.002-94 Жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар

Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 11 шіл­­де­сіндегі №343-II ЗРК «Кемтар балаларды әлеу­мет­тік және медициналық-педагогикалық түзеу ар­қы­лы қолдау туралы» Заңы.

 

3 АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы нормалар мен ережелерде мынадай тер­мин­дер тиісті анықтамаларымен қолданылады:

3.1 Адаптация (бейімделу) - жаңа жағдайға бейімделу. Мұнда: қозғалысы шектеулі пайда­ла­ну­шы­лар қажеттіліктері ескерілетін ғимараттың сәу­лет­тік ортасының өзгеруі.

3.2 Акцент  - мұнда: қарама-қарсы бағдар, сәу­лет­­­тік ортаның элементтері, келушілер (тұты­ну­шы­лар­), соның ішінде қозғалысы шектеулілер үшін ақпа­рат­тың маңызы бар элементі.

3.3 Антропометрикалық параметрлер - адамның денесі мен оның мүшелерін өлшеу жүйесі.

3.4 Сәулеттік орта - мұнда: белгілі міндеттерге арналған тұтынушы үшін қажетті және жеткілікті ақпа­рат­тылықпен, соның ішінде сәулеттік пластиктер кө­ме­гімен үлестірілген ғимарат пен имараттың сыртқы кескіні мен ішкі кеңістігінің жиынтығы.

3.5 Учаскені көркейту - мұнда: қозғалысы шектеулі келушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ететін және жасанды ландшафт (көгалдандыру) жасаудан, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен жүру бөліктерін төсеуден, сыртқы жарықтандыруды орнатудан, учаскеде демалыс, спорт және ойын-сауық аймақтарын құрудан, сонымен бірге келу­ші­лер­ді ақпараттық қамтамасыз етуден тұратын іс-шаралар кешені.

3.6 Бокс - ауыр сырқаттарды, жұқпалы аурулармен ауырғандарды және т.б. оқшаулауға арналған бөлме.

33.7 Бордюр  (жиектес) - жүру жолдары мен кеңістігін қауіпсіздік пен ақпараттылық критерийлері міндетін қоса атқаратын биіктігі аласа біртекті элементтермен қоршау.

3.8 Габариттер - мұнда: сәулеттік орта  эле­мент­терінің (заттар мен кеңістіктердің) олардың шет­кі шығыңқы бөлшектері бойынша ішкі («жарықтағы») және сыртқы («тазалықтағы») өлшемдері.

3.9 Топтық сабақтар - сынып топтарын 8, 6 не­ме­се 4 адамдық топшаларға бөліп жүргізетін са­бақ, соларға сәйкес оқушы үстелдері топ­тас­ты­ры­ла­ды. Мұндайда оқушылар бір-біріне қарама-қарсы оты­рып, ұжымдық тапсырманы орындайды.

3.10 Есік ойығы - есік жаппасы 90°С ашық тұрған кездегі (немесе толық ашылған жылжымалы есік) есік ойығының нақты ені.

3.11 Балалар үйі - 3-4-тен 18 дейінгі жастағы жетім балаларға арналған мемлекеттік интернаттық тәрбиелеу мекемесі. Мұндай мекемелердің кейбірі мектеп-интернат болып қайта құрылды.

3.12 Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлер - күтімге, тұрмыстық және меди­ци­на­лық қызмет көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік және еңбекке бейімделуге мұқтаж балалардың тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме.

3.13 Сәбилер үйі - ата-анасының қарауынсыз қалған балғын жастағы балаларға, жалғызбасты ана­лар­дың балаларына, сондай-ақ дене немесе пси­хи­ка­сының дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсету және тәрбиелеуге арналған мекеме. Жалпы типті, сондай-ақ орталық нерв жүйесі, қимылдау ап­па­раты, есту, сөйлеу, көру және т.б. қызметі за­қым­дан­ған балаларға арналған мамандандырылған сәбилер үйі құрылады.

3.14  Қолжетімдік (кедергісіздік) - орынға кедергісіз қол жеткізуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін ғимараттың, бөлменің, қызмет көрсету орындарының ерекшелігі.

3.15 Қолжетерлік - пайдаланатын затқа, ны­са­н­ға қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланумен қамтамасыз ететін параметрлері бар қызмет көрсету орын­да­ры­ның ерекшеліктері.

3.16 Аймақ (зона) - мұнда: қоршау құры­лым­дар­мен толық бөлінбеген, функциональды ұйым­дас­ты­рыл­ған кеңістіктің параметрлері мен кон­фи­гу­ра­циялары.

3.17 Қауіпсіздік аймағы - мұнда: жарақаттану қауіпі бар жағдайларды болдырмауға арналған функ­цио­нальды элемент (алаңша) шетіндегі аймақ (жолақ).

3.18 Қызмет ұсыну аймағы (қызмет көрсету) - бөл­медегі немесе учаскедегі қызмет көрсету орындарының жиынтығы.

3.19 Идентификация (сәйкестендіру) - мұнда: объектінің немесе тәуекелдік аймағының функ­цио­нальдық мақсатын бір мағынада тану.

3.20 Мүгедек - туа біткен кемістік, организм қызметінің күшті бұзылуы немесе өмірде ай­тар­лық­тай қиындықтарға әкелген ішінара немесе толық ең­бек­ке қабілеттіліктің жоғалуына душар еткен жа­рым­жан болу нәтижесінде денсаулығы бұзылған адам.

3.21 Жеке сабақ - мұғалімнің берген тапсыр­ма­сын өз бетінше орындау үшін бүкіл сынып бөл­ме­сін­де­гі оқушыларды бөліп орналастыратын сабақ. Оқу­шы­лар дидактикалық материалдар бекітілген қа­быр­ға периметріне бетін бұра алады немесе ТОҚ-пен сабақ өткізе алады.

3.22 Интернат - оқушылар ішінара немесе толық­тай мемлекеттік қамтамасыз етіліп  тұратын, оқи­тын білім беру мекемесі (мектеп).

3.23 Ақпараттылық - уақыт бірлігіндегі тасы­мал­дағыш бірліктен алынған ақпарат көлемімен си­пат­талатын сәулет ерекшеліктерінің бірі. Мұнда: мүгедек балаларға арналған қоршаған ортаға бейім­делудің (адаптация) негізгі өлшемдерінің бірі.

3.24 Карман (қалта) - мұнда: бөлменің шегіне немесе оның шегінен тыс коммуникациялық жол­дар­ға жинасатын қуыс, кеңістік.

3.25 Сынып-кабинет - түрлі пәндер бойынша сабақ өткізуге негізгі және жоғары мектеп оқу­шы­ла­ры­на арналған бөлме.

3.26 Сынып бөлмесі - бастауыш мектеп оқу­шы­ла­рына арналған бөлме.

3.27 Коммуникациялық кеңістіктер - мұнда: көбінесе адамдар легінің жүруіне арналған ғимарат, имарат немесе учаскелердің аймақтары мен бөл­ме­лері.

3.28 Коммуникациялық жолдар - тек жүруге арналған коммуникациялық кеңістіктің бөліктері.

3.29 Коррекция (түзеу) - кемшіліктерді түзету.

3.30 Латеральды - шетті шектейтін жиектеуші.

3.31 Лаборатория  (зертхана) - тәжірибелерді көрсететін сабаққа арналған бөлме.

3.32 Лаборант (зертханашы)  бөлмесі - мұғалім мен лаборанттың жабдықтарды сақтауға және тәжірибеге дайындауға арналған бөлмесі.

3.33  Қолжетімдік маршрут (кедергісіз)

1) Ғимарат пен имараттың барлық элементі мен кеңістігін байланыстыратын үздіксіз маршрут, онда қозғалысы шектеулі келушілерге қызмет көрсету жү­зеге асырылады.

2) Қозғалу пункттерінің тізбесі.

3.34 Маяк - мұнда: жарықпен немесе дыбыспен пульсациялаушы бағдар.

3.35 Медициналық сауықтыру - организмнің бұзылған немесе айырылған қызметін қалпына кел­ті­руге емдеуге бағытталған медициналық іс-шаралар кешені.

3.36 Қызмет көрсету орындары - мұнда: ғимарат, имарат, бөлмелердің, аймақтардың келу­шілерге қызмет көрсетушілердің құрылған және жабдықталған бөліктері. Оған жұмыс орыны, қызмет көрсетілетіндерге - орын кіреді, күту орыны болуы мүмкін.

3.37 Пандус - ғимараттың ішінде де, сондай-ақ сыртында да тігінен қатынасқа арналған еңіс жазықтық.

3.38 Аймақ пен кеңістіктің параметрлері - жоспардағы немесе кеңістіктегі, мысалы, аймақтың ұзындығы мен ені, мүгедектің кресло-арбаның бұры­лу радиусы, аймақтың қол жететін биіктігі және т.б. алатын қандай да бір шектердің  арасындағы өл­шем­ді білдіретін шамалардың сандық мәні (ұзындығы, ені, биіктігі).

3.39 Парапет (жиек қабырға) - әдетте, биіктік құламасының  бітеу қоршауы. Мұнда: қауіпсіздік пен ақпараттылық критерийлері жөніндегі қызметті қоса атқаратын жүру жолдары мен функциональды кеңістікті қоршаған құрылымдық элемент.

3.40 Ым тілінің аудармашысы (сурдоаудармашы) - дыбыстық ақпаратты ым тіліне аударуды жүзеге асырушы маман (керең-мылқаулар үшін).

3.41 Пиктограмма - символдық сурет, көбінесе стильденген.

3.42 Көтеру - еңіс жүру жолының жақын көл­де­нең жуықтықтары арасындағы деңгейлер (тік өлшем) айы­рымы.

3.43 Көтергіш құрылғы (платформа) – плат­формаға орналасқан, пайдаланушыларды кө­те­ру мен түсіру үшін мерзіммен істейтін стационарлы жүк көтергіш машина.

15°-тан аспайтын бұрышпен тігінен жылжитын платформа, 75°-тан аспайтын бұрышпен еңісінен жыл­житын платформа.

3.44 Жеке қызмет көрсету бөлмесі (функ­цио­нальды) - өзіне-өзі қызмет көрсету немесе мекеме (кәсіпорын) қызметкерінің аз жұмылдырылған келу­шілерге қызмет жүзеге асырылатын кабина немесе кабинет. Кабина (кабинет) габариты әдетте, алып жүруші тұлғаны да орналастыру мүмкіндігін ескеруі тиіс.

3.45 Әмбебап бөлме - мұнда: ұйымдастыру шараларының, сондай-ақ жабдықтарды ауыстыру немесе трансформациялау арқасында түрлі қызмет түрлерін ұйымдастыру мүмкін болатын ғимарат бөлмесі.

3.46 Көлденең еңіс - қозғалу бағытына перпендикуляр беттің еңісі.

3.47 Келушілер аймағы - ғимараттар мен имараттардағы келушілерге арналған бөлмелер мен кеңістік жиынтығы.

3.48 Практикум (лаборатория-практикум) - сыныптың бір бөлігін фронтальды зертханалық жұмыс­тарды және зертханалық практикумдарды  өткізуге арналған бөлме.

3.49 Бойлық еңіс - қозғалу бағытына параллель беттің еңісі.

3.50 Өткел - функциональды және (немесе) құрылымдық элементтер (жабдықтау) арасындағы жаяу жүретін кеңістік.

3.51 Психикалық кемшілік - адам психикасының дамуы мен (немесе) жұмыс істеуіндегі уақытша немесе тұрақты кемшілік, сонымен бірге:

- сенсорлық бұзылу салдары;

- сөйлеудің бұзылуы;

- эмоциялық-еріктік сананың бұзылуы;

- мидың зақымдану салдары;

- ақыл-ой дамуының бұзылуы, оның ішінде ақыл-ой кемістігі;

- психикалық дамудың кідіруі және соған байланысты оқудағы спецификалық (өзіндік) қиыншылықтар.

3.52 Кемтар бала (балалар) - туа біткендікпен, тұқым қуалаушылықпен немесе жарақат салдарымен байланысты өмір сүруді шектейтін физикалық және (немесе) психикалық кемшіліктері бар 18 жасқа дейінгі бала (балалар).

3.53 Ресурстық орталық - көрнекі оқу құралдары мен ТОҚ қойылған оқу секциясындағы бөлме.

3.54 Қауіп сигнализаторлары (хабарлағыштар) - зағип адамдарға олардың жолындағы қауіп жөнінде ескерту беруге арналған, жаяу жүргіншілер жолы мен басқа элементтердің бетіне тұрғызылған немесе төселген арнайы элементтер.

3.55 Символика - мұнда: объектіні (ұғымды) шартты көрсету үшін графикалық немесе текстильдік тәсілмен жасалатын, келушілерге арналған таңбалы ақпарат.

3.56 Сабақ жүргізудің аралас түрлері - бір мезгілде фронтальды, топтық және жеке жұмыс түрлерін жеткізу.

3.57 Әлеуметтік бейімделу - кемтар балаларды қоғамда қабылданған құндылықтарды, ережелер мен мінез-құлық ережелерін меңгерту және қабылдату жолымен әлеуметтік орта жағдайына, әлеуметтік және медициналық түзеу арқылы қолдауға мақсатты түрде бағыттау процесіндегі еңбек даярлығына белсенді бейімделу.

3.58 Кемтар балаларды әлеуметтік және меди­ци­налық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - білім беру, халықты әулеметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының кемтар балаларды шектеулі тіршілік әрекетті жеңуге және өтемақы беруге және олар­дың қоғамдық өмірге басқа азаматтармен бір­дей қатысу мүмкіндіктерін жасауға арналған жағ­дай­ларды қамтамасыз ететін арнаулы әлеуметтік, ме­дициналық және білім беру қызметін көрсету қызметі.

3.59 Білім берудің арнаулы түзеу ұйымдары (әрі қарай – мектеп-интернаттар) - Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жүйесіндегі арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері, олар білім беретін оқу орындарымен бірге міндеттерді         шеше отырып, бір мезгіл­де жоғалған қызметті қалпына келтіруде, бас­тапқы және екіншілей бұзылғанды түзеуге, сақталған талдаушылар қызметін дамытуға және балалар мен жеткіншектерді сауықтыруға, әлеуметтік-еңбектік бейім­­­деуге және қоғамда біріктіруге ықпал етуші компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағыт­тал­ған өзіндік міндеттерді атқарады.

Білім берудің арнаулы түзеу ұйымдары мынадай типтерге бөлінеді:

- естуі бұзылған (естімейтіндер, нашар ести­тін­дер, кейін саңырау болғандар);

- көруі бұзылған (көрмейтіндер, нашар көретіндер, кейіннен зағип болғандар);

- тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзылған;

- сөйлеуі бұзылған;

- психикалық дамуы кідірген;

- эмоциялық-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзыл­ған;

- күрделі бұзылулармен, оның ішінде соқыр-саңы­­рау.

3.60 Мамандандырылған кабинет – терең­де­тілген бейімдік курстарға немесе  тар пәнге арналған бөлме.

3.61 Өмір сүру (тіршілік ету) ортасы - адамды қоршаған материалдық орта, онда ол өзінің барлық өмірлік қажеттіліктерін жүзеге асырады, соның ішін­де, ғимараттар мен имараттар, олардың жабдық­та­ры, жарақтары және жақын жатқан аумақ.

3.62 Табло - механикалық электронды және өзге жетекпен, олардың жұмыстық бетінде символдардың өзгеруіне арналған көрсеткіштер.

3.63 Тактильдік - рельефтік, түйсіктік.

3.64 Учаске (телім, бөлім, бөлік) - мұнда: ғимарат жұмысымен байланысты аумақ.

3.65 Оқу секциясы – сыныптық бөлмелер тобы (оқу кабинеттері), рекреация, ресурстық орталық пен сантораптар.

3.66 Дене кемістігі - ағзаның (ағзалардың) ұзақ әлеуметтік медициналық және коррекциялық-педа­го­ги­калық қолдауды қажет ететін дамуы және (немесе) жұмыс істеуінің күшті бұзылуы.

3.67 Фронтальды сабақ - барлық оқушылар сынып тақтасы мен мұғалімге қарап отырады.

3.68 Функционалдық аймақтар - қандай да бір әрекетпен байланысты белгілермен сипатталатын қандай да бір шектер арасындағы кеңістік, мысалы, телефон-автомат жанындағы аймақ, үстел жа­нындағы аймақ, кафетерий бағаны қасындағы аймақ және т.с.с.

3.69 Мектеп - адам туралы ғылыми білім негіздері мен көркем мәдениет негіздері оқытылатын оқу-тәрбие мекемесі.

3.70 Мектеп-интернат - баланың дамуы мен тәрбиесі үшін неғұрлым қолайлы жағдайды қам­та­ма­сыз ету, отбасына көмек көрсету мақсатында тәр­бие­ле­нушілердің жыл бойы болуына арналып құрылған ме­кеме. Мектеп-интернаттардың тәрбие­ле­ну­шілері – оларды демалыс пен каникулда қалдырып кете алатын отбасы балалары, жетім балалар, және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, онда тұрақты болатын балалар.

3.71 Брайль шрифтісі - зағиптардың жазуы мен оқуына арналған рельефті-нүктелі шрифт.

3.72 Эргономикалық параметрлер - адамның қандай да бір қызметіндегі қозғалыс параметрлері.

3.73 Қысқартулар

ТЖК - табиғи жарықтандырылу коэффициенті

ТОҚ - техникалық оқу құралдары

 

4  НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

 

4.1 Осы нормалар мен ережелердің талаптары тіршілік әрекетінің негізгі процестері, қызмет көрсету орындарын құру, еңбек пен демалыс орындарын құру кезінде кемтар балаларға арналған білім беру­дің арнаулы түзеу ұйымдарына қолжетімділіктің қажет­ті деңгейін қамтамасыз етуші толыққанды сәу­лет­тік ортаны құруға бағытталған.

4.2 Бөлмелердің биіктігін, инженерлік жаб­дық­тар­ға қойылатын талаптарды және басқа жалпы талап­тарды, соның ішінде өртке қарсы, «Қоғамдық ғима­рат­тар мен имараттар», «Ғимараттар мен имарат­тар­дың өрт қауіпсіздігі», сондай-ақ Қазақстан Республика­сында қолданылатын өзге нормативтік құжаттарға сәйкес етіп алу керек.

4.3 Азаматтық қорғаныс шараларының қажеттілігі жобалауға берілген әр нақты жағдайда анықталады.

4.4 Сәулеттік ортаның сапасын арттыруға кемтар балалардың мұқтаждығына арналған ғимаратта қол­же­тімдік, қауіпсіздік, жайлылық пен ақпараттылық сақталған кезде қол жеткізіледі.

Ол өлшемдердің маңыздылығына қарай басым­дық реті төмендегідей:

- қолжетімдік;

-  қауіпсіздік;

- ақпараттылық;

-   жайлылық;

4.5 Объектінің сәулеттік шешімі балаларға көмек көрсетуі тиіс:

- ғимарат, имарат, бөлмелердің аймақтарын сәйкестендіруге;

- коммуникациялық кеңістікті табуға және пайдалануға, өз жолының, оның ішінде эвакуацияның бағытын анықтауға;

- тәуекелдік аймағын дер кезінде анықтауға және одан сенімді түрде аулақтауға.

4.6 Үйлер мен интернаттардың сыйымдылығы, олардың бөлмелерінің құрамы мен ауданы әр нақты жағдайда жобалауға берілген бекітілген тапсыр­ма­мен анықталуы тиіс.

 

4.1 Сәбилер үйі

4.1.1 Мамандандырылған сәбилер үйінде туғаннан 4 жасқа дейінгі жастағы балалар тәр­бие­ленеді.

Мамандандырылған сәбилер үйінде ақыл-ойы мен дене дамуында кемістігі бар балалар ұсталады (тәрбиелеу жағдайымен байланысты, психо-сөйлеу және дене дамуы кідірген балалардан басқа):

- орталық нерв жүйесі ағзалық зақымданған, пси­хикасы бұзылған;

- орталық нерв жүйесі ағзалық зақымданған, пси­хикасы бұзылмаған, соның ішінде  балаларда бола­тын церебральды салмен;

- тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзылған және т.б. психикасы бұзылмаған дене дамуы кеміс­тік­терімен;

- естуі мен сөйлеуі бұзылған (керең-мылқаулар, керең болып қалғандар, құлағы мүкістер);

- сөйлеуі бұзылғандармен (алалиясы бар тұтық­па­лар және т.б. сөйлеуі бұзылғандар);

- көруі бұзылғандармен (соқырлар, нашар көре­тін­дер);

- туберкулездік интоксикациясы барлар, туберку­лез­дің аз және әлсіреген түрлерімен;

- имбецильдік, жарыместік дәрежесіндегі олиго­фре­ниясы барлармен;

- бас мидың ағзалық зақымдануынан кейінгі кем ақылдық;

- тірек-қозғалу қызметі тым бұзылған кездегі бар­лық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен;

- соқыр (нашар көретін) немесе саңырау (нашар еститін) тәрбиелеуді қиындататын, тірек-қозғалу қыз­меті тым бұзылған барлық дәрежедегі  ақыл-ой кеміс­тігі бар балалар үшін медбикелік күтімдегі жеке топтар ұйымдастырылады.

4.1.2 Сәбилер үйінде сәбидің қозғалуына және денсаулығының нығайтылуына, олардың үйлесіммен дамуына кепілдік беретін жағдай жасалады және тәрбиеленушілерге қызмет көрсетудің түрлерімен  қамтамасыз етеді:

- тұру;

- тамақтану;

- санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету;

- медициналық қызмет көрсету.

4.1.3 Сәбилер үйінің  сыйымдылығы 100-150 орындық болуы тиіс және жобалауға тапсырмада беріледі.

4.1.4 Сәбилер үйінде тәрбиеленуші топтардың бекітілген құрамы:

- туғаннан 1 жасқа дейінгі - 8 бала;

- 1-ден 2 жасқа дейінгі  - 10 бала;

- 2-ден 4 жасқа дейінгі - 15 бала.

 

4.2 Арнаулы мектеп-интернаттар,

интернат үйлер

4.2.1 Арнаулы түзеу ұйымдары (арнаулы мектеп-интернаттар) стационарлық әлеуметтік қызмет көр­се­ту жүйесіне жатады және балалардың жасына, денсаулық күйі мен әлеуметтік жағдайына сәйкес дифференсацияланады және тәрбиеленушілерді мынадай қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз етеді:

 - тұру;

- тамақтану;

- санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету;

- тәрбиелеу, оқыту;

- мәдени-көпшілік қызмет көрсету;

- әлеуметтік бейімдеу;

- медициналық қызмет көрсету (физикалық сауықтыруды қоса алғанда);

- кәсіби даярлау (жеке мүмкіндіктеріне қарай);

- әкімшілік-тұрмыстық қызмет көрсету.

4.2.2 Арнаулы мектеп-интернаттарда балалардың мынадай тұруын қарастыру керек:

- бірдей жастағылардың топтарында, дамуы мен оқуға даярлығы бар деңгейдегі  балалардан тұратын топтарды және сынып топтарын жасақтау;

- әр жастағылардың топтарында, әр жастағы балалардан сыйымдылық (5-8 адамдық «отбасы» құрып) принципі бойынша топтар жасақтау.

4.2.3 Жалпы сыйымдылығы 150 орыннан артық бол­ған кезде ғимарат, тұратын бөлімдерден басқа, та­мақтану, сондай-ақ бастапқы оқу және ме­ди­ци­на­лық қызмет көрсететін бөлмелері бар жеке блок­тар­дан (бөлімдерден) тұруы тиіс.

4.2.4 Бөлмелердің барлығында да қозғалу қызметі  шектеулі, соның ішінде коляскалармен жү­ре­тін балалардың дене күшін  жеңілдетуге арналған құрылғылар мен құрал-жабдықтарды қарастыру қажет.

4.2.5 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептерден басқа, мекемелердің барлық типі арбалы мүгедектердің келуіне есептелуі тиіс.

Қозғалу аппараты зақымданған балаларға арнал­ған мекемелердегі арбамен жүретіндердің бағдарлы есептік санын сыйымдылығына қарай 20-30 %, меке­менің қалған типтерінде сыйымдылығына қарай 2-3 %  етіп алу керек.

 

Ескерту - Барлық мекемелер арба пайдаланатын мүгедек келушілерге есептелуі тиіс.

4.2.6 Кемтар балаларға арналған үйлер мен интернат типтерінің ұсынылған номенклатурасы мен білім берудің тәрбиеленушілерді  қамтамасыз ету деңгейі 4.2.1-кестеде келтіріледі.

 

4.2.1-кесте - Кемтар балаларға арналған арнаулы

мектеп интернаттар типтері мен тәрбие­ле­ну­шілер

құрамы мен білім деңгейінің ұсынылған номенкла­

турасы

 

Мектеп-интернаттың белгіленуі

Білім деңгейі

1. Интеллектуальды бұзылған (ақыл-ойы кем балалар) балаларға арнал­ған

Негізгі білім

2. Көрмейтін (соқыр), нашар еститін және кейіннен соқыр болған  бала­лар­ға арналған

Орта білім

3. Естімейтін (керең), нашар еститін және кейіннен керең болған бала­лар­ға арналған 

Негізгі және орта білім

4 . Тірек-қозғалу  аппараты бұзылған ба­ла­ларға арналған

Орта білім

5.Сөйлеуі тым бұзылған балаларға ар­налған

Негізгі білім

 

4.2.7 Арнаулы мектеп-интернаттарда мектеп жасындағы балалар ұсталады:

- негізгі біліммен қамтамасыз мекемелерде (тоғызжылдық);

- орта білім (он бір жылдық).

4.2.8 Арнаулы мектеп-интернатқа келген балалар мен жасөспірімдердің оқу мерзімі мен жасы дене және ақыл-ой дамуы ерекшелігі ескеріліп, көбейтілуі мүмкін және жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес мүгедектерге арналған арнаулы мектеп-интернат­тар­дың құрамына 4-7 жастағы балаларға арналған мектеп­ке дейінгі бөлімдер қосылуы мүмкін.

4.2.9 Мұндайда бір учаскеде біртұтас мекеме кешенін (балабақша-мектеп) қарастыру ұсынылады. Бұл мекемелердің әрқайсысы бөлек ғимаратта  немесе блокта әр жастағы балаларды ғимараттарда да, сондай-ақ учаскелерде де оқшаулау принципін қатаң сақтап орналастыру керек.

4.2.10 Интеллектуальды бұзылған балалар үшін (ақыл-ойы кем балалар) сынып топтары ұйымдас­ты­ры­луы мүмкін, оларда балалар тиісті біліммен қам­тамасыз етіледі.

4.2.11 Мекеме тәрбиеленушілердің тәулік бойы, сонымен бірге демалыс күндері болуын қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайда балалардың  мүддесіне орай күндіз болуына рұқсат етіледі.

Жетім балалардың және ата-анасының қарауы­н­сыз қалған балалардың жыл бойы, сонымен бірге мектеп каникулында болуы қамтамасыз етіледі.

4.2.12 Көруі бұзылған балаларға арналған меке­ме­лерде кедергілерге, жол жабынының беткі қабаты сапасының өзгеруіне, рельефті жолақтарға, қор­ға­ныш қоршауларға жақындағаны туралы және т.б. ба­ла­лардың кеңістікте бағыт алуын жеңілдетуге ар­нал­ған ескертуші ақпаратты қарастыру керек.

4.2.13 Арнаулы мектеп-интернаттарды жалпы сыйымдылығы 300 орыннан аспайтын екі параллель сыныптан көп болмайтындай етіп жобалау ұсы­ны­лады.

Полиомелит пен церебральды сал салдарынан ес­­туі, көруі бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар 12 жылдық оқуға есептеледі және өзінің құрамында дайындық сыныбы болады.

Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар 10 жылдық оқуға есептеледі, ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектеп-интер­­наттарда дайындық сыныптары қарас­ты­рыл­май­ды.

Арнаулы мектеп-интернат тәрбиелену­ші­ле­рі­нің негізгі контингенті сондай-ақ, негізгі дене кемістігінен басқа, интеллектуальдық кемістіктен тауқымет тарт­қан балалар есебінен көбейтілуі мүмкін. Мұндай балалардан оқу мерзімі 9 жылдық (1-9 сыныптар) қосалқы сыным бөлімдері жа­сақ­талады.

Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйле­рінің сыйымдылығы  250 орыннан аспауы тиіс.

4.2.14 Арнаулы түзеуші білім беру мекемелері мынадай түрлерге бөлінеді:

1 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері:

а) соқырлар үшін, балаларды оқыту 6-7 жастан бас­­тауға арналғандарға  балалардың жас мөлшері 1-2 жылға асқанын  қабылдауға рұқсат етіледі;

б) нашар көретіндерге арналған, балалар 7 жас­тан қабылданатын  жерге басқа тип пен түрдегі  білім беру мекемелерінен  түрлі сыныптарға көз ағзасы ауырған, көздері жарақаттанған және т.б. балаларды қабылдауға рұқсат етіледі.

2 Саңырауларға, нашар еститіндер мен кейіннен керең болған балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері:

а) саңырау балаларға арналған;

б) нашар еститін және кейіннен керең болған ба­ла­ларға арналған.

Нашар еститіндер мен кейіннен керең болған балаларды оқытуда дифференциальды қарауды қамтамасыз ету үшін екі бөлім құрылады:

І – естудің бұзылуына байланысты сөйлеудің болмашы дамымай қалған балаларға арналған;

ІІ – естудің бұзылуына байланысты сөйлеуі қатты дамымай қалған балаларға арналған.

3 Сөйлеуі тым бұзылған балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері, олардың құрамында екі бөлім болады:

І – тілінің жалпы жетілмеуінің дәрежесі ауыр (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия  және т.б.), сондай-ақ тұтығуға ұласатын тілінің жалпы жетіл­меуі­нен зардап шегуші балаларға арналған;

ІІ – тілі қалыпты жетілсе де тұтығудың ауыр түрімен ауыратын балаларға арналған.

І және ІІ бөлімдердің құрамында тілінде бірдей кемістіктері бар білім алушылардың тіл дамуының дең­гейі міндетті түрде ескерілетін жеке сыныптар құ­ры­луы мүмкін.

4 Полиомелит пен церебральды сал салдары бар балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру меке­ме­лері. Денсаулығының қалпына келтірілу шамасына қарай, білім алушылар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде жалпы типтегі жалпы білім беретін мекемелерге ауыс­­­тырыла алады.

5 Психикалық дамуы кідірген балаларға арналған  арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері.

Бастауыш сыныпта білім алушылардың құрамы жыл­жымалы. Білім алушыларды жалпы білім беретін мекемелерге даму кемістігінің түзелу шамасына қа­рай ауыстыру туралы мәселе жалпы бастауыш білім (І саты) алғаннан кейін жүзеге асырылады.

Баланың оқу процесіндегі психофизикалық даму қалпын нақтылау үшін оқушылар  психикалық дамуы 1-2 жылға кідірген балаларға арналған  арнаулы (түзеу) білім беру мекемесінде бола алады.


6 Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері.

 4.2.15 Сыныптағы және тәрбиелеу топтарындағы ба­лалардың саны мекеменің бейініне қарай 4.2.2-кес­­те бойынша анықталады.

4.2.16 Оқымайтын балалар, яғни шындықты қабыл­дамайтын және өзіне қызмет көрсете ал­май­тын балалар ұйықтайтын  бөлмелерге жасына, сыр­қа­тының ауырлығына, сондай-ақ қызмет көрсетуші қыз­меткердің  нормативтік жүктемесіне қарай ор­на­лас­­тырылады.

 

5 ОРНАЛАСТЫРУҒА, УЧАСКЕГЕ

ЖӘНЕ АУМАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

5.1 Кемтар балаларға арналған  мекемелерді кәсіпорынның, имараттың және өзге объектілердің санитарлық-қорғау аймақтарынан тыс көгал­дан­ды­рыл­ған аумақтарға СанЕжН № 2.01.004-96 талап­та­рын, сондай-ақ адам үшін өте қауіпті химиялық, био­ло­гиялық және микробиологиялық организмдердің топырақтағы мөлшері, атмосфералық ауаның са­па­сы, радиациялық фонның, озонның деңгейі фи­зи­ка­лық (шу, тербелістің ультрадыбысы, электро-маг­нит­тік өрістің және т.б.) және басқа факторлар жөніндегі гигиеналық  нормативтер мен санитарлық-эпидемио­логиялық ережелердің тиісті талаптарын ескеріп орналастыру керек.

5.2 Кемтар балаларға арналған мекемелерді орналастыру, сондай-ақ сыйымдылығы, оның бөл­мелерінің  құрамы мен ауданы әр нақты жағдайда жобалауға берілген тапсырмамен анықталады.

Учаскенің жалпы ауданын, алаңшалардың жиын­тығын және олардың жабдықтарын анықтаған кезде мекеменің әр типі үшін учаскені пайдалану ерек­шелігін сауықтыру-қалпына келтіру мақсатында да, сонымен қатар оқу-кәсіптік даярлау үшін де ескеру қажет.

5.3 Мекемені елдімекен пунктіндегі құрылыс жүйесінде орналастыру, өндірістік объектілерден, көлік магистральдарынан және т.с.с. алыстату мәселелерін, сондай-ақ табиғатты қорғау шараларын Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың елдімекен құрылысы талаптарына сәйкес шешу керек.

Әр мекеменің магистральды көшеден кем дегенде 30 м қашық жатқан  жеке учаскесі болуы тиіс. Учаскеге  олармен функциональды байланысы жоқ объектілерді  орналастыруға тыйым салынады.

Мекеменің учаскелері МСЖ 3.02-05-2003* және ҚР-ның осы нормалары мен қолданыстағы сани­тар­лық нор­мативтеріне сәйкес жобалануы тиіс.

5.4 Жер учаскесі (телімі) құрғақ, таза, жақсы жел қаққан және инсоляцияланған (үздіксіз инсоляциялау уақыты кем дегенде 3 сағат) болуы тиіс; ыңғайлы кіру жолдары және кем дегенде екі шығу жолы – негізгі және шаруашылық болуы тиіс.

Учаскеде кем дегенде екі өрт сөндіруші ма­ши­на­ның осіне 20 т есептік жүктеме түсетін қатты жабын салынған жолы бар кіреберіс қарастырылуы тиіс.

Кіреберістің (қақпаның) біреуі шаруашылық болуы тиіс.

ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* 1-қосымшасы талаптарын ескеріп, ғимаратқа  (-тарға) кіру жолы болуы керек.

Аумаққа кіреберісте өткел құрылысы қарас­ты­рылады.


 

 

 

4.2.2-кесте – Арнаулы түзеуші білім беру мекемелеріндегі сыныптардың, тәрбиелеу топтарының, күні

ұзартылған топтардың толтырылуы.

 

Балаларға арналған арнаулы түзеуші білім беру мекемелері

Сыныптағы бала саны (топтағы)

Сәби жас

(3 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі жас (3 жастан жоғары)

Мектеп жасы

 1 Тілі бұзылған:

 

 

 

- жеке дыбыстарды айтуының толықтай  фонетикалық-фонематикалық дамымай қалғаны  

 

12

 

- сөзі тым бұзылған

10

12

 

- І бөлім

 

 

12

- ІІ бөлім

 

 

10

2 Естуі бұзылған:

 

 

 

- естімейтіндер (кереңдер)

8

8

8

- нашар еститіндер және кейіннен керең болғандар

10

12

 

- І бөлім

 

 

10

- ІІ бөлім

 

 

8

3 Көруі бұзылған:

 

 

 

-көрмейтіндер (соқырлар)

10

10

8

- нашар көретіндер және кейінен соқыр болғандар

 

 

12

-амблиопиямен және қылилықпен

10

15

-

4 Тірек-қозғалу аппараты бұзылған

10

12

10

5 Психикалық дамуы кідірген

6

10

12

6 Ақыл-ойы кем балалар :

 

 

 

- (интеллектуалды бұзылған)

6

10

12

- өте күшті ақыл-ой кемдігінен:

 

8

10

- ерік-сезім саласы бұзылған:

 

6

10

- кемістік құрылымы күрделі

6

6

6

Ескертулер

1 Жергілікті жағдай мен құралдың болуын негізге ала отырып, көрсетілген арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріндегі сыныптардың, күні ұзартылған тәрбиелеу топтарының толықтырылуы ұсынылған шекті толықтырудан төмен болуы мүмкін.

2 Дене кемшілігі бар және ақыл-ойы кем балалар топтарының саны (арнаулы топтар) 4-6-ны құрай алады.


 


5.5 Кез келген профильді мекеме учаскесінің биіктігі кем дегенде 2,0 м қоршауы болуға тиіс.

Кешкі уақыттан учаске аумағында жасанды жа­рық­тандыру болуы тиіс, норма бойынша шоқтану шамымен жерге 20 лк, люминиценттік шаммен 40 лк.

5.6 Учаске аумағында жол қозғалысы мен көшеде жаяу жүру ережелерін сақтау дағдыларын балаға үй­ре­ту үшін жол белгілерін, жол таңбалары мен өт­кел­дер­ді қоюды қарастыру керек.

5.7 Ғимаратқа баратын өткелдер, тәрбие­ле­ну­ші­лер­дің алаңда жүру жолдары автокөлікке арналған өткелдермен түйіспеуі тиіс. Үйге баратын өткелдер мен келу жолдарының жабыны қатты болуы тиіс.

5.8 Мекеменің жаңадан келген балалары арнал­ған оқшаулағыш (карантин тобы) болуы тиіс.

5.9 Ғимаратты жобалау және салу кезінде құры­лыс учас­­кесінің радон қауіптілігі дәрежесін, тех­но­ген­дік  ра­дио­активті ластанудың және құры­лыс құ­ры­лым­­­­­дарының радио­активтілігінің болуын ес­керу керек. Мұндайда радиа­­­циялық қауіпсіздік талаптарын РҚН-99-ға сәйкес орын­дауға қажет. Ғимараттың қоршау құрылым­да­ры­ның, со­ның ішінде жертөле (немесе еденасты) еденінің ра­дон­­нан қор­ғау жолын ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 бойын­ша орындау керек.

 

5.1 Сәбилер үйіне арналған учаске (телім)

5.1.1 Сәбилер үйінің құрамында бүкіл жыл бойы ба­ла­лардың таза ауада ұйықтауына және олардың серуен­деуін ұйымдастыруға арналған жабдықтары бар көгал­дандырылған және қоршаған жер учаскесі болуы тиіс.

5.1.2 5.1-кестеде әр жастағы балаларға ар­налған балалар алаңшасының өлшемдері кел­тірілді (топқа):

- балаларға арналған топтық алаңшалар учаскенің периметрі бойынша ені 1,5 м айналма жолға қосылады.

- барлық алаңшаны бір-бірінен жас көшеттермен (бұталармен) оқшаулау керек.

- балалар алаңшасының тиісті топтық ұялар бөлмелерінен шығаберістермен ыңғайлы бай­ла­нысы бар болуы тиіс. Бөбек жасындағы бала­лар­ға арнал­ған алаңшалар осы топтардың шыға­бе­рі­сіне тікелей жақын орналастырылуы тиіс. IV кли­маттық ауданда топтық алаң­ша­лар­дың, ашық­тан басқа, инсоля­цияланған және көлең­келенген бөліктері болуы тиіс.

- балаларға арналған топтық алаңшалардың шөптен жабыны болуы тиіс.

- әр топтың алаңшасында күннен және жауыннан қорғайтын, ауданы 40 м² көлеңке қалқасы болуы тиіс.

Көлеңке қалқалардың едені ағаш болуы тиіс. IV климаттық ауданда көлеңке қалқалар екі жағынан қоршалады, ал II климаттық аудан мен IIIА климат­тық кіші ауданда – үш жағынан.

5.1.3 Жер учаскесінде негізгі аймақтар бөлінуі тиіс:

- демалыс;

- дене тәрбиесі;

- шаруашылық;

- қосымша.

 

5.1 – кесте – Балалар алаңшаларының ауданы

 

Алаңшалардың атауы

Аудан, м²

Балалар алаңы:

 

- 1 жасқа дейінгі балаларға арналған;

40

- 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға арналған

50

- 2 жастан үлкен балаларға арналған

140

5.1.4 Сәбилер үйінің көгалды учаскелеріне дене тәрбиесімен шұңылдануға арналған ауданы 150 ш.м. алаңшаны орналастыру керек. Алаңша жабыны шөп болуы тиіс, тапталған топрырақта болуы мүмкін.

Дене тәрбиесі алаңшасы мынадай аймақтарда болу керек:

- стационарлы және жеке дене тәрбиесі жаб­дық­та­ры үшін, сондай-ақ шынықтырушы шара­лар­ды (ауа және күн ванналары) өткізу үшін. Осы аймақтарда ағын сулы, тереңдігі 0,25 м шашыратқы бассейн ұйым­дастыру ұсынылады.

5.1.5 Сәбилер үйіндегі қосымша аймақ (қосымша шаруашылық) ауданы 500-600 ш.м. құрауы тиіс. Бұл ай­мақта көкөніс дақылдарын, жеміс-жидек, сәндік гүл өсімдіктерін өсіруге арналған учаскелер қарас­ты­ры­луы тиіс. Оқу-тәжірибе аймағы қалған жасыл қорғау ай­мағынан бөлек қоршалады.

5.1.6 Сәбилер үйіндегі шаруашылық аймағының ауданы 500 ш.м құрауы тиіс.

Шаруашылық аймағы учаскенің шетінде орна­ла­са­ды, басқа аумақтан оқшауланады, өзінің дербес шы­ғаберісі және тағам блогы мен әрі кір жуатын үймен ыңғайлы байланысы болады.

Шаруашылық үйі ауданының, сондай-ақ кіру жол­да­рының қатты жабыны (асфальт, бетон) болуы тиіс. Бұл аймақта шаруашылық мүлкіне, тыңайтқышқа, ше­бер­ханаға арналған сарайлар мен жәшіктер; ав­то­ма­шинаға арналған парктер, сыпырынды жинағыш­тар, көкөніс қоймалары орналасады. Барлық жапсар­лас құрылыстар, сыпырынды жинағыштардан басқа, периметр бойынша орналасады.

Сыпырынды жинағыштар – қақпақты металл бактерді цементті, асфальтті немесе кірпіш жабын бар және қоршауының биіктігі 115 м қоршалған ала­ша­дағы ғимараттан кем дегенде 20 м қашықтықта қояды.

Көкөніс пен жеміс-жидектің қорын сақтау үшін шаруашылық аймағында ауданы кем дегенде 50 ш.м көкөніс қоймасы жабдықталады.

Бос аумақта кірді және төсек-орын жабдықтарын кептіруге, кілемдерді тазалауға арналған құрал-жаб­дық­тар орналастырылады.

5.1.7 Учаске кешкі уақытта жақсы жарық­тан­ды­ры­луы тиіс. Жарықтандыру арматурасы бар бағандар алаңшаға және кіретін жолдарға жақын қойылады. Ғимаратқа кіреберісті жарықтандыру үшін ғима­рат­тың қабырғасына бекітілетін арнайы жарықтандыру ар­­ма­турасы қолданылады. Жердің деңгейінде жа­рық­­тандыру 40-50 лк болуы тиіс.

 

5.2 Үйлер мен интернаттарға

арналған учаскелер

5.2.1 Учаскенің ауданын жобалауға берілген тапсырмамен 5.2, 5.3 және 5.4-кестелерде келті­ріл­ген көрсеткіштерді ескеріп анықтау керек.

     Жер телімінің ауданы мекеме профиліне қарай 2.2-2,5 га-дан кем болмауға тиіс.

Учаске құрылысының тығыздығы 20 %-тен аспауға тиіс.

 

5.2-кесте – Мамандандырылған балалар

мекемесі жер учаскесінің ауданы

 

Параллель сыныптар саны

Жер учаскенің ауданы, м ², балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттың  кем дегенде 1 тәрбиеленушісіне есептегендегі

естуі

көруі

интеллектісі

полиомелит пен церебральды салдың ауыр салдары бар

1

200

205

225

180

2

160

160

180

140

Ескерту – Тығыз аумақтағы учаске ауданы 15-20 %-ке қысқартылуы мүмкін.

5.3-кесте – Ақыл-ойы кем балаларға арналған

мектеп-интернаттары жер учаскесінің ауданы

 

Жер учаскесінің ауданы, м², кем дегенде 1 тәрбиеленушіге есептегендегі

Білім алушы балалар үшін

Оқымайтын балалар үшін

өз бетінше жүруге қабілетті

өз бетінше жүруге қабілет­сіз

өз бетінше жүруге

қабілетті

өз бетінше жүруге қабілетсіз

100

120

80

50

 

Функционалдық аймақ

5.2.2 Аумақтық құрамында мынадай функцио­наль­дық аймақтар қарастырылуы тиіс:

а) балалар тұратын және оқитын, ойын алаң­ша­ла­ры, көлеңке қалқалары, спорт алаңшалары орна­лас­қан аймақтар;

б) сыпырынды жинағышы бар ас үйі мен өрт сөндіру постысы жанындағы алаңша орналасқан қызмет көрсету аймағы;

в) қабылдау және карантин бөлімдерінің оқшаулау аймағы;

г) бақша, жидектік жер, табиғат бұрышы аймағы;

д) ата-аналардың балаларымен кездесуіне  арналған алаңша;

е) жобалауға берілетін тапсырмаға қарай гараж, қазандық, кір жуатын үй, қойма жайлары, шебер­ха­налар, көкөніс қоймалары және т.с.с. орналасатын шаруашылық аймағы;

ж) қызмет көрсетуші персоналдың тұру аймағы.

 

Ескертулер

1 Оқымайтын балалар үшін көлеңке қалқалары бар ойын алаңшалары, спорт алаңшалары және т.т. қарастырылмайды.

2 Қызмет көрсетуші қызметкерлер тұратын аймақтар интернат үйлері қала сыртында орналасқанда ғана қарастырылады.

3 Тығыз аумақтарда шаруашылық, инженерлік және қосымша бөлмелерді орналастыру үшін жер асты кеңістігін, соның ішінде мекеме ғимараты астын, қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптары орындалған жағдайда пайдалану ұсынылады.

 

5.4-кесте – Жер учаскелерінің ауданы

 

Мекеменің

сыйымдылығы, орын

1 орынға есептегендегі аймақ ауданы, ш.м

шаруашылық аймақ

қызметкерлер тұратын аймақ

100 - 150

 

151 – 300

 

300-ден жоғары

12 - 15

 

9 - 12

 

9 және одан кем

10 - 15

 

 9 - 12

 

9 және одан кем

 

 

5.2.3 Үйлер мен интернаттарды қала шетінде ор­наластырған жағдайда қызметкерлер тұратын аймақ ауданын учаске ауданына қосымша етіп алу керек.

Қызметкерлер тұратын аймақты оқшауланған кіре­беріспен бірге бөлектенген учаскедегі мекемеге жақын орналастыруға рұқсат етіледі. Қызметкерлер тұра­тын ғимараттар, сондай-ақ оқшаулағыш пен ойын алаңшаларының арасындағы қашықтық 50 м кем болмауға тиіс.

5.2.4 Қызметкерлер тұратын аймақта демалысқа, кір кептіруге сыпырынды жинағышқа арналған алаң­ша­лар, сондай-ақ универсалды мақсаттағы спорт алаң­шалары (волейбол, баскетбол, бадминтон ойын­да­рына арналған) және әрбір 150-200 тұрғынға бір спорт алаңшасы мен 2 үстелден тік есеппен үстел тен­нисі ойынына арналған үстелдер қарастырылуы керек.

 

Ескерту - Қызметкер кентін ұйымдастыру кезінде оны жобалау нормативтері ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елдімекенді жоспарлау және салу» тарауы талаптарына сәйкес қабылданады.

 

5.2.5 Арнаулы түзеу мекемелерінің құрамында  мектепке дейінгі топтар болғанда, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған алаңшалардың жиын­тығына және оларды жабдықтау дене және ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаларға арналған мек­тепке дейінгі мекемелерді жобалау жөніндегі қол­да­ныс­тағы нормативтік құжаттама мен осы нормаларға сәйкес болуы тиіс.

5.2.6 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеуші жалпы білім беретін мекемелер аудиометриялық аппаратының жұмысы бұзылмас үшін көлік магистральдарының және жүру жолда­ры­нан, радио-станциялардан, радиорелелік қондырғы пункттерінен алыс жатқан  елдімекен  бекетінің ең тыныш  аудандарында орналасуы тиіс.

Ғимаратқа жақын шудың деңгейі 60 ДВА-дан аспайды.

5.2.7 Белсенді және тыныш демалуға арналған ойын алаңдары қалауынша ғимараттың оқу-тұрғын және топтық ұялардың шығаберістеріне  тікелей жа­қын орналасқаны жөн, бұл әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар үшін маңызды. Көру қабілеті және тірек-қозғалу  аппараты бұзылған мектепке дейін­гі­лер мен оқушылар және ақыл-есі кем балалар үшін учаскеде алаңшалары бар оқу-тұрғын жайларымен ыңғайлы байланыс болуы міндетті болып табылады.

5.2.8 Учаскені және жекелеген алаңшаны жоспар­лау мен жабдықтауда дамуы бұзылған балалардың әрекеті мен дене мүмкіндіктерінің ерекшеліктері еске­рілуі тиіс. Ерекше талап соқырларға, нашар көре­тін­дерге, сондай-ақ тірек-қозғалу аппараты бұзыл­ған­дар­ға арналған арнаулы түзеуші білім беру меке­ме­ле­ріне қойылады:

а) тірек-қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат учаскесі аума­ғын­да жолдар мен жаяужолдар еңісі 5º-тан  аспайтындай, олардың еніне қарай 1,6 м етіп қарас­ты­рылады. Бұрылыстарды және әр 6 м сайын олардың демалуға арналған алаңшасы болуы тиіс.

б) соқыр және нашар көретін балаларға арналған учаскелерде балалар туристік серуен жолдардың ені 3 м-ден кем болмауы тиіс және екі деңгейлі екі жақты қоршауларының биіктігі 90 см  қанат және биіктігі 15 см планкасы болуы керек.  Қоршау балалардың жүруі­не кедергі келтіретін ағаш, бұта, бағандар және т.б. кедергілер сияқты нысандардың бәрінде қарастырылады.

5.2.9 Жол қиылыстарына жақын жерлер, бұ­ры­лыс­тар­дың жаны, ғимараттардың қасы, баған­дардың тұ­сы жә­не өзге де жол кедергілері құрылымы (ас­фальт­қа мал­та­тас қосылады) ірі түйіршікті жабын­нан болуы тиіс. Жа­бын бетіннің кедір-бұдырлығы ақырын жүруге берілетін си­гнал қызметін атқарады. Ас­фальт­талған  жолдардың пішіні олардың еніне қарай  доға тәрізді болуы керек (жолдың ортасы бүйір жағы үстімен 5-15 см көтеріледі). Соқыр балалардың бағ­дар алуын қалыптастыру үшін иісі әр түрлі (қылқан жа­пырақты, жеміс-жидек т.б.) ағаштар отырғызған дұ­рыс. Нашар көретін балалар үшін бағдар ретінде ашық гүлдер де егіледі.

Соқыр және нашар көретін балалардың дене жаттығулары мен ойын әрекеті үшін, кеңістікті игеруді жеңілдету, қозғалу еркіндігі мен ептілігін дамыту мақсатында, әсіресе соқыр балалардың компенса­тор­лық реакцияларын қалпына келтіру және дамыту үшін тегістеліп тапталған  немесе бетін шөп жапқан қоршаулары бар арнайы алаңшалар  салу қажет. Дуалдар, қабырғалар, бағандар және өзге де ке­дер­гілер  ойын алаңшасы  шетінен кем дегенде 2,5-3,0 м қашықтықта  тұруы керек.

5.2.10 Ойын алаңшасының ауданы мектепке дейінгі барлық баланың және мектеп жасын­да­ғы­лар­дың 40-50 %-ы бір мезгілде болатын есеппен алған­да, бір балаға 6-8 ш.м етіп алынады. Алаңшаның шалғынды-құмды жабыны болуы тиіс.

5.2.11 Топтық алаңшалар өз бетінше оқуға қабілетті тәрбиеленушілердің әр тобы үшін жоба­ланады.

Ақыл-ойы кенже қалған балаларға арналған топтық алаңшаның ауданы 200 м² кем емес болуы тиіс.

Оқуға қабілетсіз балаларға арналған алаңшаның қоршауы болуы керек.

Естуі, көруі, тірек-қозғалу аппараты бұзылған ба­ла­ларға арналған топтық алаңшалар ауданы 1 орын­ға 10 м² кем емес болуы керек.

5.2.12 Топтық алаңшаларда балаларды атмо­сфе­ра­лық жауын-шашыннан, артық күн радиациясынан, күшті желден қорғау үшін көлеңке қалқалар қа­рас­тыру керек.

1 орынға шаққанда ауданы 2 ш.м көлеңке қал­қа­лар  ойын алаңшасына  жанасуы және жаман ауа-райын­да ойын өткізуге, сондай-ақ мектепке дейінгі­лер мен жасы кіші оқушылар ауызша сабақтар өткізу мүмкіндігіне қарай есептелген болуы тиіс. Бір тұрғын секциясына жататын ойын алаңшалары мен көлеңке қалқаларының блоктануы мүмкін.

 Көлеңке қалқалардың едені тақтай болуы және күн шығатын көкжиенке қаратылуы тиіс.

Топтық алаңшалардың тиісті топтық ұялармен және дене тәрбиесі алаңшасымен ыңғайлы байла­ны­сын қамтамасыз ету қажет.

Көруі бұзылған балаларға арналған топтық алаңшалардың беті тегіс және ені 1-1,5 м жабынның келесі бетінде қоршау жолағы болуы тиіс, сонымен бірге қоршау жолағын 10-12º-пен біртіндеп көте­рі­ле­тін еңіспен істеген жақсы.

5.2.13 Ойын алаңшаларында мынадай жабдық­тар­ды қарастыру керек:

- мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасын­да­ғы балалар үшін - әткенмектер, тербелелер, гри­бок­тар, үйшінтер, демалуға арналған орындықтар, құм сақтайтын жәшіктері, құммен ойнауға арналған үстелдері бар құмды аулалар, сондай-ақ қимылдың (өрмелеу, сырғанау, кіру) барлық негізгі түрлерін дамытуға арналған алаңша;

- орта және ересек мектеп жасындағы балалар үшін – демалуға және оқуға арналған беседкалар мен орындықтар, ойынға арналған үстелдер.

Ескертулер

1 Құрал-жабдық жиынтығын жобалауға тапсырма берілген әр нақты жағдайда нақтылау керек.

2 Құмды аулаға ойыннан соң ойыншықтарды жуатын жазғы су құбыры жүргізілетін болуы тиіс.        

 

5.2.14 Ойын алаңшаларымен қатар балалар ау­руы­ның түріне қарай түрлі құралдармен жабдық­тал­ған емдік-ойын алаңшаларын қарастыру керек. Емдік-ойын алаңшасының жоспар үлгісін 1-қосым­ша­дан қараңыз.

5.2.15 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардан басқа,  мекеменің аумағында, ойыннан өзге, үстел теннисі, волейбол, бадминтон, футбол және т.с.с. ойындарына арналған  дене тәрбиесі және спорт алаңшаларын қарастыру қажет. Бұл алаңшалар орта және ересек мектеп жасындағы балаларға арналған ойын  алаңша­ла­ры­на жақын орналасуы тиіс.

5.2.16 Алаңшалардың  жиынтығы және олардың өл­шемі жобалауға тапсырма берілген әр нақты жағ­дай­да анықталады.  Спорт алаңшаларының өлшемін:

- үстел теннисі үшін – 2,8 х 1,5 м;

- волейбол үшін  - 9 х 18 м;

- футбол үшін – 40 х 60 м;

- бадминтон үшін – 13,5 х 6 м;

- дене тәрбиесі үшін – 80-100 ш.м етіп алу керек.

5.2.17 Дене тәрбиесі  алаңшасының  кем дегенде 250 м² ауданы болуы тиіс. Дене тәрбиесі алаң­ша­сында доп ойнайтын аймақты, өрмелеуге  арналған аймақты, кем дегенде 30 м жүгіретін жолды, секіруге арналған шұңқырларды, гимнастикалық снарядтар мен спорттық ойындарға арналған аймақтарды бөлу керек.

5.2.18 Дене тәрбиесі снарядтарын берік темір­бетон іргетасқа  орнату керек, снарядтардың астына қалыңдығын 20-30 см етіп құм төсеніш  төсеу қажет.

5.2.19 Мамандандырылған мекеме учаскелерінде жаяу жүргінші және көлік жолдары түйіспеуге тиіс.

Жаяу жүргіншілер жолының ең төменгі ені - 1,8 м. Жол еңісі 1-2%-тен кем болмауға тиіс, 2-қосымшаны қараңыз.

5.2.20 Жаяужолдан жүру бөлігіне шығулар көлденең  беттен шығудың еңіс бетіне жайлап өтуді қам­тамасыз ететін бүйірлік учаскелермен жаб­дық­та­луы тиіс (5.1-сурет).

 

 

5.1-сурет – Жаяужолдан көшенің жүру бөлігіне шығу шешімінің нұсқасы

 Жүру бөлігі арқылы өту аймағында 1,4х1,3м-ден кем емес қауіпсіздік алаңдарын қарастыру керек. Қауіпсіздік алаңдарында автокөлік қозғалысы бол­мауы тиіс.

5.2.21 Аэросоляриді 1 орынға 3,0-3,5 ш.м есеппен қарастырған жөн, оны желді көлеңке аймағында, күн сәулесінің тура түсуіне жол ашық, жақсы көгал­дан­ды­рыл­ған алаңшада орналастыру керек. Аэросоляридің тұтас көлеңке және шашыраңқы күн радиациясы аймағы болуы тиіс.

5.2.22 Жидек бақшасы мен табиғат бұрышына арналған алаңшаны ересек мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқитын балалардың барлық топтары үшін ортақ етіп мынадай есеппен салу керек:

- жидек бақшасы – бір балаға – 0,3-0,6 ш.м;

- табиғат бұрышына арналған алаңша – бір балаға – 0,2-0,5 ш.м

Учаскелерді көгалдандыру

5.2.23 Естуі, көруі, интеллектісі бұзылған бала­лар­ға арналған арнаулы мектепке дейінгі меке­ме­лер­дегі, арнаулы мектеп-интернаттардағы көгалдандыру аймағы учаске ауданының кем дегенде 50 %-ін құрауы тиіс, тірек-қозғалу аппараты  бұзылған бала­лар үшін – 60 %.

5.2.24 Учаске периметрі бойынша ағаштар мен бұталардан енін кем дегенде 1,5 м, ал көше жағынан кем дегенде 6 м етіп жасыл қорғаныш аймағын құрған жөн.

5.2.25 Учаскені көгалдандыруға тобымен және қатар-қатар ағаштар мен бұталар, сәндік өсімдіктер, гүлзарлар мен гүлбақшалар жатады.

Учаскелерді көгалдандыру кезінде тұқымы мен сорты алуан түрлі өсімдіктерді мүмкіндігінше көбірек пайдаланған жөн, өйткені олар балалар үшін оқу-танысу материалы болып табылады.

Жемісі улы, инелі немесе гүлденгенде аумақты ластайтын ағаштар мен бұталарды отырғызуға рұқсат етілмейді.

Соқырлар мен нашар көретін балаларға арналған мекеме учаскелерінде иісі айқын сезілетін, жапырақ фак­турасы алуан түрлі, учаскеде бағдар алуды оңай­ла­та тым ашық түсте өсімдік тұқымдарын отырғызған жөн.

5.2.26 Жасыл екпе ағаштар интернаттың имарат, ғимаратына күн сәулесінің түсуіне кедергі келтірмеуі тиіс және ғимарат пен топтық алаңшаларды қатты қызудан қорғауы тиіс:

- бұтаны кем дегенде 5 м алыс отырғызу керек;

- ағаштардың– ғимараттан 10 м;

- ІV климаттық ауданда бұл қашықтықты азайту және биік ағаштарды пайдалану керек.

Жасыл екпе ағаш түрлерін іріктеу жыл бойы жап-жасыл болуды қамтамасыз етуі тиіс.

 

6 КӨЛЕМДІК-ЖАЙҒАСТЫРУ ЖӘНЕ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Функционалдық талаптар

6.1 Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешім­де­рі меке­мелердің жер учаскелерін жоспарлау мен жабдықтау ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001, МСЖ 3.02-05-2003, ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 өртке қарсы талаптарға, осы және Қазақстан Республикасы аумағында қол­да­ны­ла­тын өзге нормативтік құжаттарға сәй­кес келуі тиіс.

6.2 Ғимаратты жоспарлауды ұйымдастыруға және аумақты аймақтандыруға қойылатын негізгі функцио­налдық талаптар жеке балалар топтарын бөлектеу, оқшаулау және топ бөлмелері мен учаске элемент­терінің арасындағы ыңғайлы, қысқа технологиялық байланыс талаптары болып табылады.

Неғұрлым қатаң талаптар ұйықтайтын бөл­ме­лер­ге (тұратын бөлмелерге) қойылады, ол мүлде әрлі-берлі өтетін болмауы тиіс.

6.3 Әртүрлі топ бөлмелерінің функционалды тұр­ғы­дан өзара байланысы мәселесін қарастыра оты­рып, көлденеңінен және тігінен коммункикациялық түйіндер – вестибюльдер, холдар, баспалдақтар, пан­дустар, лифтілер орналасатын және мекеме бөл­ме­лерінің функциональдық топтарының арасындағы байланыстар жүзеге асырылатын «Бейтарап аймақ­тар» деп аталатындарды қарастыру қажеттілігін назар­да ұстау керек.

6.4 6.1-суретте мүгедек балаларға арналған ғимарат бөлмелері жеке топтардың функциональды тұрғыдан өзара байланысының принциптік сұлбасы келтірілді, ол бойынша бөлме топтарының бәрі оқшауланған және бейтарап аймақтар арқылы өзара тең дәрежеде байланысқан. Іс жүзінде, әсіресе аз қабатты құрылыс кезінде бөлмелердің барлық тобын қажетті оқшаулаумен қамтамасыз ету аса қиын. Сондықтан ұйықтайтыннан басқа, кейбір бөлме тобында әрі-бері өтуді қарастыруға болады. Бұлар әкімшілік-тұрмыстық, медициналық бөлмелер және оқу-кәсіптік дайындық бөлмелері болуы мүмкін.

6.5 Мамандандырылған мектепке дейінгі ме­ке­мелер ғимаратында тәулік бойы немесе күндіз болатын мынадай бөлме топтарын қарастыру керек (6.2-сурет):

 А - сәбилік және мектепке дейінгі жастағы бала­ларға арналған топтық ұялар;

 Б - жалпы тәрбиелеу жайлары (дене тәрбиесі за­лы, бассейн, арнайы сабақ бөлмелері);

 В - медициналық сауықтыру бөлмесі (меди­ци­на­лық кабинеттер, процедура, ЛФК залы және механотерапия);

 Г - қызмет көрсетуге арналған бөлмелер (тағам блогы, жол сайын, әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер).

6.6 3-тен 18-ге дейінгі жастағы балаларға ар­налған мамандырылған мекеме ғимараттарында мынадай бөлме топтары қарастырылады (6.3 сурет):

 А - тұруға арналған бөлмелер (мектепке дейінгілерге арналған топтық ұялар мен кіші, орта және ересек оқушыларға арналған тұрғын бөлмелер);

Б - оқу сыныптары және өндірістік шебер­ханалар;

В - жалпы тәрбиелеуге арналған бөлмелер (акті және дене тәрбиесі залдары, бассейндер, арнайы сабақ бөлмелері);

 Г- медициналық-сауықтыру бөлмелері (кабинет­тер, процедура, ЛФК залы және механотерапия);

 Д- қызмет көрсетуге арналған бөлмелер (тағам блогы, кір жуатын, әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер).

6.7 Күрделі рельеф жағдайында бірінші және екінші қабаттардан жердің жоспарлау белгісі деңгейіне тікелей шығаберіс салу ұсынылады.

6.8 Жылыту құралдары ағаш торламалармен қорғалуы тиіс.

6.9 Ғимараттың қоршау және көтеруші құрылым­да­ры тиісті нормативтік құжаттар талаптары бойын­ша қабылданады. Ғимараттың құрылымы мен негізгі көтеруші және қоршау құрылымның өз салмағынан тұрақты жүктеме қабылдауға есептелуі тиіс:

- аражабынға уақытша біркелкі таралған және шоғырланған жүктемеден;

- құрылыстық осы ауданының қар мен жел жүктемесінен;

- көрсетілген жүктеменің нормативтік мәндері, жүктеменің үйлесімін немесе оларға сәйкес келетін күшті ескеретін, құрылымды ию мен жылжытудың шекті мәні, сондай-ақ жүктеме бойынша сенімділік  коэффициентінің мәні ҚНжЕ 2.01.07-85* талаптарына сәйкес қолдануы тиіс;

- ғимаратты өңделген аумаққа, шөкпе топыраққа, сейсмикалық аудандарда, сондай ақ өзге де күрделі геологиялық жағдайларда орналастырған кезде тиісті нормалар мен ережелердің қосымша талаптарын ескеру керек;

- ғимараттың  іргетасы ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002,       ҚНжЕ 5.01-03-2002 қарастырылған топырақтың физика-механикалық сипаттамаларын, сондай-ақ топырақ пен жерасты суының іргетастарға және жерасты инженерлік желілеріне қатынасына қарай агресив­ті­лік дәрежесі ескеріліп жобалануы тиіс және ғимарат элементтері астындағы негіздің біркелкі шөгу қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс;

- ғимаратты қайта құрылымдау кезінде олардың құрылымдық сұлбасында пайдалану барысында туындаған (соның ішінде, бастапқы жобалық шешімге қосымша жаңа ойықтардың пайда болуы, сондай-ақ құрылымға жүргізілген жөндеу немесе оларды нығайту ықпалы) өзгерістерді ескеру керек;

- құрылымдар олардың нақты құрылыс алаңшасы жағдайындағы тиімділігі мен экономикалық дұрыстығын ескеріп қабылдануы тиіс.

6.10 Бірінші қабат топырағы беті еденін жылу техникалық есептеу бойынша жылуұстағыш салып орындау керек.

6.11 Ғимараттың құрылымдық сипаттамасы       ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 бойынша ІІІ дәрежелі отқа төзімділіктен төмен болмауы тиіс.

 

6.1 Сәбилер (балалар) үйі

6.1.1 Сәбилер үйі жеке тұрған бір, екі қабатты ғимараттарда орналасуы тиіс. Ғимараттың сыйым­дылығы мен климаттық жағдайына қарай ғимараттың жинақы, блокты немесе павильонды құрылымы болуы мүмкін.

6.1.2 Ғимарат шаруашылықтық ауысу, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, канализация және орталық жылыту жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

6.1.3 Ғимаратта тұрғын бөлмелерді әкімшілік-шаруашылықтан оқшаулау, сондай-ақ тобымен оқ­шау­лау принципі сақталуы тиіс.

6.1.4 Сәбилер үйінде көп дегенде 2 топқа кіре­бе­ріс қарастырылады.

6.1.5 Сәбилер үйінің құрамы мен ауданы олардың сыйымдылығына және жобалауға берілген тапсыр­ма­ға қарай анықталады.

Ғимарат құрамында мыналарды қарастыру керек:

- тұрғын бөлмелер (топтық ұялар);

- жалпы тәрбиелік;

- таза ауада жыл бойы ұйықтауға арналған верандалар;

- медициналық;

- қызметтік-тұрмыстық;

- тағам блогы;

- кір жуатын бөлме.

6.1.6 Құрамында қол жуатыны мен әжетханасы бар дәретханалық жайлар бір балаға 0,7 ш.м  келетіндей есеппен жобаланады.

Дәретханада, жалпы топта 2 балалар қол жуғышы және мамандырылғанда 3, 1 және 2 унитаз, бір-бірден видуар және елгіш шлангіде себезгі торы бар табандық орнатылады.

Дәретхана бөлмелеріне кіреберістерде баспалдақ алаңшаларын қарастыруға және ұйықтайтын бөл­меге қарама-қарсы орналастыруға жіберілмейді



 

6.1-сурет – Мүгедек балаларға арналған мекеме бөлмелерінің жеке топтарының

функциональды өзара байланысының сұлбасы

 

 

 

Блоктар: А- топтық ұялар, Б- жалпы тәрбиелеу бөлмелері, В- медициналық сауықтыру бөлмесі, Г- қызмет көрсетуге арналған бөлмелер

1- сәбилік және мектепке дейінгі топтардың топтық ұялар бөлмелері; 2 – арнайы сабақ бөлмесі; 3 – медициналық кабинеттер; 4 – ЛФК залы; 5 – процедуралық кабинеттер; 6 – спорт залы; 7 – бассейн; 8 – тағам блогы; 9 - әкімшілік жайлар; 10 – шаруашылық-тұрмыстық жайлар; 11 – кір жуатын бөлме

 

6.2-сурет – Мектепке дейінгі мекеме ғимаратының функционалдық құрылымы

 

 

Блоктар: А – тұруға арналған бөлмелер; Б – оқу сыныптары; В – жалпы тәрбиелеуге арналған бөлмелер; Г – медициналық сауықтыру бөлмесі; Д – қызмет көрсетуге арналған бөлмелер 1 – мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған; 2 – кіші мектеп жасындағыларға арналған; 3 – орта және ересек жастағыларға арналған; 4 – қосымша сыныптарға арналған; 11- ЛФК залы; 12 – медициналық кабинеттер; 13 – процедуралық кабинеттер; 14 – тағам блогы; 15 - әкімшілік жайлар; 16 – шаруашылық-тұрмыстық жайлар; 17 – кір жуатын бөлме.

 

6.3-сурет – 3-тен 18-ге дейінгі жастағы балаларға арналған мамандандырылған

мекеменің функционалдық құрылымы

 


6.1.7 Сәбилер үйіндегі медициналық бөлмелер ұйықтайтын корпустың бірінші қабатында орналасуы және дербес шығаберісі болуы тиіс.

6.1.8 Сәбилер үйлерінде жаңадан келіп түскен балаларға арналған карантин бөлімі және аурулары жұқпалы емес, стационарлы емдеуді керек етпейтін балаларға арналған оқшаулағыш орналастырылады. Оқшаулағыш пен карантин бөліміндегі төсек саны сәбилер үйіндегі орынның штаттық санының 10 %-тен кем болмауға тиіс.

6.1.9 Сыйымдылығы 150 бала болғанда карантин бөліміне 1 топтық ұя бөлінеді. Карантин бөлімі бі­рін­ші қабатта орналасады және дербес шығаберісі бо­ла­ды.

6.1.10 Карантин бөлімін, оқшаулағышты және ме­ди­циналық бөлмені қайталауды болдырмас үшін бір-бі­рімен қатар орналастыру қажет:

- медициналық бикелер, процедура, дәрі-дәр­мек­тер­ді (дәріхана) стерилизациялық сақтау бөлмесі. Оқшаулағыш палатасы әрі-бері өтпейтін болуы тиіс. Сәбилер үйінде ауданы 6 ш.м  палата салынады.

Медициналық бөлменің дәлізден дербес кіребе­рі­сі болуы және оқшаулағыш палаталарымен аралас орналасуы тиіс; олардың арасында еден деңгейінен 1,2 м биіктікте шыныланған ойық салу қарастырылуы тиіс.

6.1.11 Қызметтік-тұрмыстық және тағам блогының құрамы мен ауданын 3-қосымша бойынша алу керек.

Асханалық және өндірістік бөлмелерді бірінші қа­бат­­­та бөлек кіреберісімен орналастыру керек. Олар­ды жаяужол немесе төсеніш деңгейінен 1,5 м-ден аспайтындай тереңдіктегі шығыңқы ірге қабатта, бұл бөлмелер қолданыстағы ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* «Табиғи және жасанды жарықтандыру» талаптарын сәйкес табиғи жарықтандырумен қамтамасыз ету кезінде және еден белг­ісі ыза суының ең жоғарғы деңгейінен кем деген­де 1 м жоғары болған кезде.

Асханалардың қойма жайлары, сондай-ақ қыз­мет­­­керлерге арналған тұрмыстық жайлар соңғысы желдеткішпен қамтамасыз етілген кезде еден белгісі топырақ суының ең жоғарғы деңгейінен кем дегенде 1 м жоғары болатын қабат жертөлесіне орна­лас­тыруға болады. Жертөледен сыртқа бөлек шығаберіс болуы тиіс.

Өтетін қоймалар немесе ас үй арқылы қоймаға өтуге болмайды. Тағам блоктарының тоңазытқыш қон­дырғыларының машина бөлімдерін ғимараттың сыртқы қабырғасының жанына орналастыру керек. Асхананың өндірістік бөлмелері онда электрмен қыз­дырылатын сауда-технологиялық жиынтықтарының (комплект) орналасуын ескеріп жобаланады.

Ас үйде электрмен істейтін жабдықтарды орна­ту­ды қарастыру керек. Тиісті негіздеме болғанда қатты отын­мен жұмыс істейтін ас үйлік плиталарды қол­да­ну­ға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ас үйлік пли­таның оттығын бөлек бөлмеге орналастыру керек. Үлестіретін жер тағам блогында болуы тиіс.

6.1.12 Кір жуатын (кір жуғыш) бөлменің құрамы мен ауданын 3-қосымша бойынша алу керек. Кір киім-кешекті өткізуге және тазасын алуға арналған шығу (терезе) бөлек болуы тиіс. Кір киім-кешекті өткізуге арналған терезелі шлюз кір жуатын бөлмеге қарай ашылуы тиіс. Топтық ұя бөлмелері мен тағам блоктарының кіреберісте қарама-қарсы кіржуатын бөл­ме кіреберістінің болыуна рұқсат етелмейді. Кіржуғыш фабрика толық қызмет көрсететін меке­ме­лер­де мекемедегі орын саны 280-ге дейін болған кезде ауданы 4 ш.м кір киімөкешекті өткізуге және іріктеуге арналған сыртқа шығатын бөлек есігі бар бөлмені қарастыру керек. Балалардың киім-кешегін бастапқы өңдеуге арналған ауданы 9 ш.м бір бөлмені салу қажет.

 

6.2 Арнаулы мектеп-интернаттар,

интернат үйлері жалпы талаптар

6.2.1 Ғимаратты жайғастыру шешімі, мекеменің про­филіне қарамастан, ғимараттың екі негізгі функ­цио­нальды бөлме тобына:

- оқу-тұрғын;

- жалпы мектептік

нақты бөлінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Мұндайда оқу-тұрғын және жалпы мектептік бөл­ме топтарының арасында олардың автономды орна­ла­суы мен пайдаланылуын, сондай-ақ жалпы мек­теп­тік шараларды өткізу мен карантинді ұйым­дас­ты­ру мүмкіндігін сақтай отырып ыңғайлы әрі қысқа байланыстарды қарастыру керек.

6.2.2 Оқу-тұрғын бөлмелер тобына:

- тұруға және топтық бөлмелерге;

- оқу сабақтарына (сыныптар);

- санитарлық тораптарға;

- киім мен аяқ киімді тазалайтын бөлмеге;

- кезекші тәрбиеші бөлмесіне;

- қосалқы және мекеме профилі мен балалар жасына қарай өзге бөлмелерге арналған жайлар жатады.

6.2.3 Жалпы мектептік бөлме тобында болуы тиіс:

- оқу кабинеттері мен лабораториялар, оларда арнаулы оқу секцияларына топтастырған және бөлек блокқа, бірак орта және ересек жастағы тәрбие­ле­ну­шілерге арналған ұықтайтын бөлмелері бар ыңғайлы байланыстары болатындай етіп орналыстырған жөн;

- еңбекке, кәсіптік даярлау мен әлеуметтік бейім­деу­ге арналған бөлмелер;

- спорт залы;

- тағам блогы – асхана;

- кітапхана – оқу залы;

- үйірмелік бөлмелер;

- медициналық бөлмелер, оқшаулағыш, қабылдау - карантин бөлімі;

- әкімшілк шаруашылық бөлмелер;

- персоналдар тұратын бөлмелер (мекеме қала сыртында орналасқанда).

6.2.4 Оқу және тұрғын бөлмелерді сыныптар мен тәрбиелену-топтарының жинақталуына қарай, са­ра­лан­ған жас принципі бойынша оқу-тұрғын типіне топ­тас­тырған жөн:

- дайындық сыныптарының оқушы – тәрбие­ле­ну­ші­лері үшін;

- І-ІІІ немесе І-ІV үшін; IV-VІІІ және V-VІІІ; ІХ-Х, ІХ-ХІ немесе ІХ-ХІІ сыныптар үшін.

Бір дайындық тобына арналған бөлменің (оқу, рекреация, ұйықтайтын, санитарлық тораптар және т.б.) оқу-тұрғын ұясында екі сынып тобын біріктіруге болады:

І-ІІІ немесе І-ІV сыныптар, ІV-VІІІ сыныптардың екі-үш тобы немесе V-VІІІ және ІХ-ХІІ сыныптар үшін екі-төрт.

6.2.5 Әр түрлі жастағы тәрбиеленушілерге ар­нал­ған оқу-тұрғын ұялары бір-бірімен және жалпы мек­теп­тік бөлмелерден оқшауланған өтетін болмауы тиіс.

Оқу-тұрғын ұяларды жобалау өтуге кететін уақыт­ты ба­­рынша қысқарту, әл-қуатты және демалыс уа­қы­­тын сақ­­тау, тәрбиелеушілерді балаларды қада­ға­­лауын же­ңіл­­дету, үйдегідей жағдай жасау үшін сын­ып­тардың, ре­к­ре­ациялық және ұйықтайтын бөл­ме­лердің арасында ың­ғай­лы әрі қысқа байла­ны­с­тар­дың болуын қарастыру ке­рек. Мұның бәрі көруінде, естуінде, тірек-қимыл ап­па­раты мен интеллектісінде кемістігі бар балалар үшін аса қа­жет.

Бастауыш сыныптардың оқу-тұрғын ұяларының бөлмелерін бір қабат шегіндегі бөлек блокта орна­лас­тыру керек, ол әсіресе, көруі, тірек-қозғалу аппа­ра­ты, интеллектісі бұзылған балалар үшін қажет.

6.2.6 Балалар тұратын бөлмелерді, оқу-кәсіптік бөлмелерді және қызмет көрсету жайларын бөлек корпуста немесе не біріне-бірі тікелей жанасатын, не жылытылатын өткелдермен қосылған блоктарда ор­на­­ластыру керек. Мұндайда, тікелей жанасқан жағ­дайда, блоктардың арасында бірінші типті өртке қар­сы қабырғалар қарастырылуы тиіс.

6.2.7 «Отбасы» типіндегі топтарды бірнеше «Отбасына» типтелген, жеке тұрған коттедждерде  орналастыруға болады.

6.2.8 Қабылдау – карантин бөлімімен қосылған оқ­шаулағышты не бөлек корпуста, не қызмет көрсету бөлмесіне жанасқан кіреберісі бөлек, оқшауланған блокқа орналастыруға болады.

6.2.9 Мекеменің  сыйымдылығына қарамастан, әкімшілік-тұрмыстық қызмет көрсету жайлары, оқ­шау­­лағыш, шаруашылық имараттар мекеменің бар­лы­ғына ортақ қарастырылады.

6.2.10 Мекеме ғимаратын ІІ дәрежелі отқа төзім­ді­лік­тен кем емес етіп жобалау керек. Балалар тұра­тын, бір-біріне тікелей жанасып жатқан жеке блок­тар­ды  І типті өртке қарсы қабырғалармен бөлу керек.

6.2.11 Ұялардың функциональды-жайғастыру сұл­ба­сы (6.4-суретті қараңыз) оның тәрбиеленушілер құрамына қарай белгіленуін білдіруге және балалар мен қызмет көрсетуші қызметкер үшін барынша жай­лы­­­лықты қамтамасыз етуші айқын құрылымы болуы тиіс.

 

 

 

а - кіші жастағы оқушыларға арналған оқу-тұрғын ұяла­ры:

1 - қонақ бөлме; 2 - сынып; 3 - ұйықтайтын бөл­ме;

4 - же­­ке сабақ бөлмесі; 5 - тәрбиеші бөл­ме­сі;

6 - шешінетін бөлме; 7 - киімді  тазалау және үтіктеу бөлмесі; 8 - кептіретін бөлме;  9 - санторап;

б - ересек оқушыларға арналған тұрғын ұя: 

1 - буфет; 2 - демалатын бөлме; 3 - ұйықтайтын бөл­ме;  6 - санторап; 7 - шешінетін бөлме; 8 - киімді та­залайтын және үтіктейтін бөлме; 9 - киімді кептіретін бөлме.

 

6.4-сурет – Мектеп жасындағы балаларға арналған ұялардың функциональдық сұлбалары

 

6.2.12 Соқыр, саңырау және мылқау балаларға ар­налған мекемелердегі  бөлмелердің құрамы мен ау­да­ны жобалауға берілген ерекше тапсырмамен жобаланады.

6.2.13 Ғимараттардағы қабат санын төмендегідей  етіп алу керек:

- мектепке дейінгілерге арналған барлық типті мекемелерде және балалар оқымайтын меке­ме­лерде – екіден артық емес;

- көруі бұзылған балаларға – 1 қабат;

- мекемелердің қалған типтерінде – үштен артық емес.

Ескерту – Ақыл-ойы кем балаларға, саңырау және нашар еститін балаларға, сколиозбен ауыратын балаларға, сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған мекемелердегі тығыз аумақтарда  қабат саны эвакуациялау жолдарында түтінге қарсы қорғаныш орнатылған болса, ғимаратта автоматты өрт сөндіру орнатылған болса және әр нақты жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша төртке дейін ұлғайтылуы мүмкін.

 

6.2.14 Қабат саны екіден артық болғанда мекеме есе­п бойынша  лифтілермен жабдықталуы тиіс. Тірек­-­­қозғалу аппараты зақымданған балаларға ар­нал­­­­ған мекеменің екі қабатты ғимаратында лиф­ті­лер­дің болуы міндетті; мекеменің қалған типтерінде – лифтілердің болуы жобалауға берілген тапсыр­ма­мен әр нақты жағдайда анықталады.

6.2.15 Тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзыл­ған балалар мен жас өспірімдерге арналған меке­ме­лер­де, лифтілерден басқа, еңісі 1:10 аспайтын бар­лық жағынан қоршау құрылымдары бар, отқа төзім­ді­лік шегі кем дегенде  2 сағат болатын пандустар қа­рас­тыру керек.

Мүгедек балаларға арналған мекемелердегі баспалдақ белдеулері мен пандустардың ені 1,8 м кем болмауы тиіс.

6.2.16 Жасы мен дертінің ауырлығына қарай қабат бойынша балалар топтарын орналастыру прин­ципі келесі ережелерге бағынуы тиіс:

- жатқан балаларды бірінші қабаттан жоғары емес орналастыруға рұқсат етіледі;

- 6 жасқа дейінгі балаларды – екінші қабаттан жоғары емес;

- отбасылы әр жастағылар топтарын кез келген қабатқа орналастыруға болады.

6.2.17 Залдан басқа бөлмелердің барлығының биік­тігі (еденнен жоғарыдағы қабат еденіне дейін) 3,6 м болуы тиіс, ал спорттікі – 6,0 м кем емес.

Акт залының биіктігі кинофильмдер көрсетілгенде қалыпты көрінуді  қамтамасыз етуі және 4,5 м кем бол­мауы тиіс, түскі тамақ залының – 3,6-4,2 м.

6.2.18 Арнаулы мектеп-интернатты бөлімшеде орналастырғанда және ғимараттың компо­зи­ция­лық шешімін таңдағанда оқу, ұйықтайтын ғима­рат­тарды  және өзге бөлмелерді жалпы білім бе­ре­тін мектеп­тер­ді, мектеп-интернаттар мен мек­теп­ке дейінгі меке­ме­лерді жобалардың қолда­ныс­та­ғы нормаларымен бел­гі­ленген горизонт жақ­та­ры­на бағдарлауға қойы­ла­тын талаптарды, сондай-ақ 6.1-кестеде көр­се­тіл­ген қосымша та­лап­тарды сақтау қажет.

6.2.19 Екінші жарықпен жарықтандыруға мектепке дейінгі топтардың дәретхана бөлмелері мен шеші­не­тін бөлмелерінде, қызметкер бөлмелерінде, қы­з­дар­дың гигиеналық бөлмесінде, санитарлық бөлмеде, буфеттік оқшаулағышта ыдыс жуатын ас үйде рұқсат етіледі.

Табиғи жарықтандыруды буфеттерде, қойма­лар­да, керек-жарақта, қызметкердің әжетханасы мен се­бе­з­гісінде, бассейндегі әжетхана мен се­безгіде және спорт залында, жинастыру зат­та­рын сақтайтын бөл­ме­лерде, тасымал­да­на­тын аппара­ту­ра сақталатын  оқ­шаулағышта, ұйықтайтын бөл­­мелер жанындағы санитарлық тораптарда қа­растырмауға болады.

6.2.20 Есіктердің енін 1 м кем емес етіп алу керек; ба­лаларға арналған тұрғын, медициналық, қабыл­дау, асхана  бөлмелеріндегі; оқу-кәсіптік дайындық, мәдени-спорттық қызмет көрсету бөлмелеріндегі дәліз­дердің енін 1,8 м етіп алу керек, қалған жағ­дай­лар­да – 1,4 м кем емес.

Акт және спорт залдарын барлық мекемелерге ор­тақ қарастыру керек.

6.2.21 Пайдалану режимі шумен байланысты және тұрып жатқан балаларды тазалайтын және пе­да­го­гикалық, медициналық немесе әкімшілік аппа­ра­ты­ның  жұмысына  кедергі жасайтын немесе бұзатын бөл­мелерді (сорғы қондырғысы бар бойлерлік, өнді­ріс­тік жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімі бар салқындатқыш камералар, желдеткіш ка­ме­ра­лар, компрессорлық, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.) аралас, сондай-ақ ұйықтайтын  бөлме­лер­дің, оқу, емдеу-диагностикалық жайлардың асты мен үстіне орналастыруға болмайды.

6.2.22 Шаруашылық имараттары – қазандық, дезкамера, гараж, кір жуатын бөлме (кір жуғыш), жөн­деу шеберханалары, тоңазытқыштар, жылыжай ша­руа­шылығы және өзгелері – жергілікті жағдайға қарай жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес жоба­ла­­нады. Олардың қуаттылығы, бөлмелердің құрамы мен ауданы объектіні инженерлік қамтамасыз ету есеп­­­терімен және техникалық шарттармен, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нормалары және талап­та­ры­мен анықталады.

Шаруашылық имараттар бөлек кіретін есігі бар арнаулы аймақты орналасқан бөлек корпуста немесе блокта орналасуы тиіс.

 

Эргонометрикалық параметрлер

6.2.23 Эргонометриялық талаптар бала­лар­дың, со­ның ішінде арбалылардың да (4-қосым­ша­ны қараңыз) өмір сүруіне  қажетті кеңістік өлше­мі­мен бай­ланысты. Бұған өткелдердің, дәліздердің, есік ойық­тарының, баспалдақтардың, пандус­тар­дың ені, кері айналу мен бұрылыстардың және т.с.с., бөл­ме­нің негізгі габаритін анықтайтын қа­жет­ті өлшемдері, сондай-ақ әр түрлі санаттағы мүгедектерге арналған (6.2-кестені қараңыз) кеңіс­тікті ұйымдастыруға қойы­ла­тын өзіндік (спецификалық)  талаптар жатады.

6.2.24 Арбалы мүгедектер үшін тура өткелмен қамтамасыз етуден басқа, арба 180°-қа бұрылатын орындар қарастыру керек. Мектепке дейінгілер үшін  бұрылыс шеңберінің диаметрі 120 см етіп алынады, мектеп жасындағы балалар үшін – 140 см.

6.2.25 Арбалы мүгедектердің жүруін қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды коридор, пандус, лиф­ті­лердің бұрылыстарын жобалаған кезде сақтау керек.

 

6.3 Тұратын бөлмелер мен топтық бөлмелер

(5-11-қосымшаларды қараңыз)

6.3.1 Тұратын бөлмелерді тұрғын бөлменің негізгі үш типінің оқшауланған топтары түрінде жобалау керек:

1 - мектепке дейінгі мекеме типі бойынша, онда ше­шінетін, топтық, ұйықтайтын бөлмелер мен дә­рет­ха­на өзге жайда бірімен-бірі байланысты біртұтас блок құрайды;

2 - дәліздік жүйе бойынша, онда ұйықтайтын бөл­ме тұрғын ұяның өзге бөлмелерімен дәліз арқылы байланысады (дәліздер жүйесі);

3 - пәтер типі бойынша, онда тұрғын бөлмелер «отбасы» құрушы (бір жастағы немесе әр жастағы) балалар тобы үшін жобаланады.

 

Ескерту – Кіші мектеп жасындағы балалар тобына арналған тұрғын бөлмелерді жобалау принциптері  1 тип бойынша (балабақша) да, сондай-ақ 2 тип бойынша да (дәліздік жүйе) алынады.


 

 

6.1-кесте Жай терезелерінің бағдары

 

Бөлмелер

Солтүстікке қарай 45° с.ш.

Оңтүстікке қарай 45° с.ш.

Оңтайлы

Шақтама

Оңтайлы

Шақтама

1 Сынып бөлмесі

О,Ш, О-Ш

О-Б және Б-қа

25%-тен

О, О-Ш

кез келген басқа Б және О-Б- тан

2. Сызу кабинеті

С

кез келген

С

кез келген

3. Биология лабораториясы

О

О-Ш, Б

О

О-Б

4. Ұйықтайтын бөлме

кез келген, горизонттың 315º-тан 45º дейінгі с.ш. солтүстік бөлігінен басқа

5. Логопед кабинеті

О, О-Ш, Ш

Б және О-Б-тен басқа кез келген

О, О-Ш

Б және О-Б-тен басқа кез келген

6 Плеонто-ортопедиялық бөлме, дәрігер окулистің, педиатордың, пси­хиа­тордың кабинеттері

С

Ш, С-Ш

С, С-Б

С

Ш, С-Б

7. Массаж ваннасы бар бөлме, электр және жылумен емдейтін емдеу бөл­мелері, массаж бөлмесі, физио­те­ра­пев­тік кабинет.

 

шектеусіз

 

О

 

шектеусіз

8. Медицина-процедуралық бөлме

сондай

 

О

сондай

 

Ескерту – соқыр, нашар көретін, сондай-ақ саңырау және нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттарға сынып бөлмелерімен өзге оқу кабинеттерінің және зертханалардың тек қана, көру талдағышына түсетін үлкен жүктемені ескеріп, оңтайлы бағдары болуы тиіс.


 

6.2-кесте – Түрлі аурулары бар балалар алатын аудандар

 

Сөйлеу қабілеті ауыр бұзылған саңырау, ақыл-ойы кем, нашар көретіндер

Соқырлар

Тірек-қозғалу аппараты зақымданған

 

қосымша тірексіз

 

бір қосымша тірекпен

 

екі қосымша тірекпен

а = 0,46м

С = 0,28м

а1=0,82м

С1 = 0,72м

а2=0,75м

С2=0,40м

а3= 0,65м

С3= 0,50м

а4 = 0,9 м

С4= 0,50м

 


6.3.2 Оқытылмайтын балалар топтары І тип бойынша жобаланады, мұнда топтық және шешінетін бөлмелер жай құрамында қарастырылмайды.

6.3.3 Түрлі типті топтардағы балалар саны 6.3-кес­те­ге сәйкес анықталады.

6.3.4 Тұрғын жайлар секция немесе бөлім бола алады:

- мектепке дейінгілер үшін – 2-4 топқа;

- оқушылар үшін – жасы мен ауруының  ауыр­лығына қарай 4-8 топ-сыныпқа  және одан көп топқа.

6.3.5 Балалардың жасына қарай әр тобы топтық ұяларға орналасуы тиіс, онда бөлменің құрамы өмір сү­руге жайлы жағдайды, емдеу-профилактикалық жә­не оқу-тәрбие шараларын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Жайлар құрамында міндетті түрде болуға тиіс:

- шешінетін;

- ойын бөлмесі;

- арнайы сабақ бөлмесі;

- ұйықтайтын бөлме;

- дәретхана;

- буфет.

Топтық ұялардың барлық бөлмелері бір қабатта орналасуы керек.

6.3.6 Мектепке дейінгілерге арналған әр секцияға бөлек кіреберіс қарастыру керек.

Мектеп жасындағы балаларға арналған тұрғын топтар бөлмелеріне  кіреберістер  не әр секция үшін  бө­лек вестибюль  арқылы, не бас вестибюль арқылы қарастырылуы мүмкін.

Өртке қарсы  қауіпсіздік мақсатында әр тұрғын топ­тан кем дегенде екі эвакуациялық шығаберіс қа­рас­тыру керек. Үш қабаттан биік емес ғимараттарда екінші эвакуациялық шығаберіс сыртқы баспалдақ (немесе пандус) арқылы қарастырылуы мүмкін.

 

Ескерту – Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тұрғын топтарға кіреберістер әр секция үшін бөлек вести­бюль арқылы қарастырылуы мүмкін, ал орта және ересек мектеп жасындағылар үшін – бас вестибюль арқылы.


6.3-кесте – Балалар топтарының тұрғын жайларын оқу процесі мен тамақтануды ұйымдастыруды ескеріп

жобалаудың негізгі принциптері

 

Тұрғын жайларды жобалау принциптері

Топ, адам саны

ұйықтайтын бөлмені жоспарлау

Оқу процесін ұйымдастыру

Тамақтануды ұйымдастыру

Осы принциптер ұсынылатын мекемелердің немесе бөлімдердің типтері

1

2

3

4

5

6

Балабақша типі бойынша

6-8

Барлық топтарға бірыңғай ұйықтайтын бөлме

Оқұ топтық бөлмеде

жүргізіледі

Тамақтану топтық бөл­ме­де болады

Ақыл-ойы кем балалар мен дене кемістігі бар ба­ла­ларға арналған балалар үйлерінде, сондай-ақ ин­тер­нат үйлерінде  оқитын ба­лаларға арналған мек­теп­ке дейінгі бөлімдерде

Дәлізді жүйе типі бойынша

8-12

3-4 адам ұйық-тайтын бөлме

Балаларды күнделікті оқы­ту сыныптарда – ойын бөл­мелерінде өтеді; ар­найы оқыту шеберха­на­лар­да, кабинеттерде өтеді

Балаларды тамақтан­ды­ру ортақ немесе меке­мед­е, немесе әр 2-4 топ­қа қарастырылған асха­на­ларда өтеді

Мектеп жасындағы оқы­ты­латын балаларға арналған интернат үйлерінің барлық типтерінде

Тұрғын пәтер типі бойынша

5-8

2-3 адам ұйық-тайтын бөлме

Құрдастардың «отбасы­ла­рын­да» күнделікті оқыту оқу бөлмелерінде өтеді, ар­найы оқыту шеберха-на­ларда, кабинеттерде өте­ді, әр жастағы «отба­сы­­ларда» - біртұтас блок­та орналасқан мектеп жай­­ларында

Тамақтану отбасылық пә­тер­дің ортақ бөл­ме­сін­де  өтеді. Тамақтануды іші­нара ортақ асханада (таңертеңгі ас пен түскі асты), ішінара «отба­сы­лық» блоктың ортақ бөл­ме­сінде (кешкі асты не­ме­се түскі асты) ұйым­дас­тыруға болады

Оқитын балаларға арнал­ған барлық типті интернат үйлерінде

 


6.3.7 Мектепке дейінгі балалардың тұрғын топ­та­ры­ның  бөлмелеріндегі сыртқы кіреберістен мек­тепке дейін­гі  мекемелерге қойылатын нормативтік талап­тар­ға сәйкес жобаланады.

6.3.8 Тұрғын топ бөлмелеріне кіреберістердің барлық типі шешінетін бөлме арқылы ұйымдас­ты­ры­луы тиіс. Мектепке дейінгілерге арналған секция­лар­дағы  шешінетін бөлмелер 6-8 адамды әр тұрғын топ бөлмесінің құрамына кіруі тиіс. Мектепке дейінгілер үшін 2 тұрғын топқа ортақ киім шешінетін бөлмені ұйымдастыруға болады.

Егер мектеп жасындағы балаларға арналған тұрғын жайлар тобындағы кіреберістер секциялар немесе мекемелер үшін вестибюль арқылы қарас­ты­рыл­са, киім шешетін бөлмелер солардың ішінде қа­рас­тырылуы тиіс, олар жабдықтармен бөлінген ашық жайларда орналасады. 2-4 топ үшін ортақ киім шешінетін бөлме қарастыруға болады.

 

Ұйықтайтын бөлмелер

6.3.9 Мектепке дейінгі мекемелер типі бойынша жобаланатын тұрғын жайлардың  құрамы мен ауда­нын 5-қосымшанің 1-кестесінде көрсетілгеннен кем емес етіп алу керек, ал дәлізді жүйе типі бойынша жобаланғандарда – 2-кесте.

6.3.10 Ұйықтайтын бөлмелер бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-тұрғын ұяларға  орна­ла­са­ды немесе жас ерекшелік принципі бойынша дер­бес ұйықтайтын секцияларға топталады. Ұйықтайтын бөлмелер ер балалар мен қыздар үшін жасына қарамастан бөлек болуы тиіс.

6.3.11 Арнаулы түзету мекемелерінің барлық тип­­тері үшін балалардың жасына қарамастан      4 адамға (артық емес) ұйықтайтын бөлмелер қа­рас­­ты­ры­лады.

6.3.12 Ұйықтайтын бөлмелердің ауданы полио­мие­лит және церебральды салмен ауырған ба­ла­лар­ға арналған мектеп-интернаттар бір тәрбиеленушіге 4,5 ш.м кем емес келетіндей есеппен алынады және 4,0 ш.м  кем емес - арнаулы мектеп-интернаттың басқа барлық типіндегі балалар үшін.

Ұйықтайтын бөлмелерде қол жуғыштар, әжет­ха­на­лар, қыздардың жеке гигиенасына арналған бөл­ме­лер, себезгі, киім-кешек пен аяқ киімді тазалауға арналған бөлмелер қарастырылады.

6.3.13 Таза ауада, ұйықтауды ұйымдастыру үшін  тәрбиеленушілердің 50 %-не есептелген, ауданы бір орын­ға 3,0 м² болатындай веранда қарастырған дұрыс. 

Верандалар үзіліс уақытында серуендеуге де пайдаланылатын болады, сондықтан олар рек­реациялар мен сыныптарға жақын орналасуы тиіс.

6.3.14 Тірек-қозғалу аппараты ауыратын бала­лар­ға арналған мектепинтернаттарда ұйықтайтын бөл­ме­лердің барлығы басқа бір арбалы мүге­дек­тер­мен бірге тұруға есептелуі тиіс. Интернат үй­ле­рінің қалған типтерінде (соқырлар мен нашар көретін балаларға ар­налған мекемелерден өзге) – жасына қарай топ­тың әрқайсысы үшін ұйықтайтын бөлменің 10-15 %-і.

Ұйықтайтын бөлмелерді жайғастыру сұлбаларын әзір­леу кезінде  жайлы, отбасылық жағдайға тән тұр­ғын бөлмелерді жасауды мақсат ету керек.

6.3.15 Мүгедек балаларға арналған ұйық­тай­тын бөл­мелер тек стационарлық керуеттермен жаб­­дық­та­луы тиіс, онда керуеттерді  ұзын жақ­та­ры­мен түйіс­ті­руге болмайды (ТҚА-ты бұзылған ба­лаларға ар­нал­ған ұйықтайтын бөлмелерден басқа). Керуетке ба­ра­тын жалғыз өткелдің ені-600мм кем емес, қо­сар­лының – 800 мм кем емес (6-8 қосымшаны қара).

Мектепке дейінгілерге есептелген ұйықтайтын бөл­мелерге қажеттік санитарлық-гигиеналық та­лап­тар – біріктірілген керуерттерден бас тарту, арбалы мүгедектердің өту және бұрылу мүмкіндіктері сақ­та­луы керек.

6.3.16 Кресло-арбадағы балалар үшін ұйық­тай­тын бөлме жабдығының өз ерекшелігі бар: керуерт ті­рек тұтқа мен жабдықталады, өткелдердің ені ұл­ғай­ты­лады, балалардың саны 4-ке дейін азайтылады (6-қо­­­­сымшаны қара).

6.3.17 Ұйықтайтын бөлменің түспен әрленуі көгілдір жасыл гаммалы ұнамды түспен түстелген болуы тиіс.

6.3.18 Топтық бөлме – тамақтануға, оқуға, ой­нау­ға арналған көп функциялы жай. Бөлме барлық ре­жим­де жұмыс істей алуы үшін отандық тәжірибеде дәс­­түрлі түрде жоғарыда келтірілген қызметтің бәріне жа­­рамды жиһаздар пайдаланылады. Олар тамақ­та­ну­­ға, оқу са­ба­ғына, үстелдеге ойындарға арналған же­ңіл жылжымалы үстелдер (9, 10-қосымшаларды қара).

6.3.19 Күндізгі оқу бар-жоғы 1-2 сағатты ғана алатынына қарамастан, оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талап осы жайды жоспарлауда негізгі болып табылады. Оны тиімді жобалардың міндеті топ­тық бөлменің киім шешетін, ұйықтайтын, дә­рет­хана және буфет бөлмелерінің араларын бай­ла­ныс­ты­рушы буын болып табылатындығымен де күр­делене түседі.

Мұндайда топтық бөлмеге апаратын есіктердің бәрі бір аймаққа шоғырланады, ол оқу сабақтарын өткізген кезде арбалы мүгедектер өтетін және бұ­ры­ла алатын орын, ал ойнаған кезде қозғалмалы ойын­дарға арналған орын болады.

6.3.20 Ойнайтын жерде мынадай функциональды аймақтарды қарастыру керек:

А-тамақтанатын;

Б-тыныш ойындар;

В- қозғалмалы ойындар;

Г-тәрбиесінің орны (9, 10-қосымшаларды қара).

6.3.21 Функциональды аймақтар жапсарласпауы немесе бірімен бірі, сондай-ақ ұйықтайтын, киім шешетін, дәретхана, буфет бөлмелеріне баратын негізгі жолдармен қиылыспауы тиіс.

6.3.22 Ойын бөлмесінің интерьері жылы түрлі-түсті гаммада қабырғалардың ұнамды өңімен бірге және қарама-қарсы жабдықпен шешілуі тиіс.

6.3.23 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық жайларға қойылатын талаптар:

- көру талдағышына түсетін қосымша жүктемемен байланысты бөлмені жарықтандыруды ұлғайтылуы;

- арнайы сабаққа арналған бөлмеде электр-акустикалық құралдарды орнату;

- арнайы сабаққа арналған бөлменің қабыр­ғалары мен төбесін акустикалық тақталармен әрлеу;

- екі топтық ұяға бір лаборантты есту жабдығы бар жеке сабаққа арналған орынмен бірге орна­лас­ты­ру.

6.3.24 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық бөлмелерге қойылатын талаптар:

- функциональды аймақтың автономдығы;

- функциональды аймақтың қозғалыс жолымен қиылыспауы;

- негізгі қозғалыс жолдарының өзара қиылыспауы;

- есік ойықтарының бір осьте орналасуы;

- жиһаздар мен жабдықтарды стационарлы орна­ластыру;

- жабдықта өткір бұрыш болдырмау;

- арнайы сабақ үшін бөлме жабдықтау;

- плеоптоортоптикалық;

- екі топтық ұяға пәнді практикалық оқыту сыныбы мен тифлопедагогикалық кабинетті орналастыру;

- ойнайтын жерді әрекет түріне қарай дұрыс аймақ­тандыру.

Топтық ұялардың барлығында тактильді тірек және түсті жолдарды қарастыру керек:

- топтық ұяға кіреберісте дыбысты маяк орнату қажет;

- барлық жайларға кіреберісте бедерлі нұсқа­ғыш­тарды орнату талап етіледі;

- түрлі функциональды аймақтардағы еден бетінің әр түрлі құрылымы;

- қозғалыс бағытын түспен және фактурамен бөлу.

6.3.25 Соқыр және нашар көретін балаларға ар­нал­ған жайларды жобалаудың қажетті шарты іс жүзінде тұратын, оқу, кәсіптік даярлық және персо­нал­дық соқыр балаларды үнемі қадағалап отыруына мүм­кіндік беретін басқа да жайлардың барлығында дәліз жағынан байқау терезелерін орнату болып та­бы­лады. Байқау терезелерін балалар бір өзі қалатын жай­лар­да, мысалы, дәрігерлер, емдеу каби­нет­терінде және процедуралық кабинеттерде және т.с.с. қарастырмауға болады.

6.3.26 Интеллектісі бұзылған балаларға арналған топтық бөлмелерге қойылатын талаптар:

-  бөлмені балалар әрекетінің түріне сәйкес келетін функциональды аймақтарға бөлу;

-   асхана аймағын бөлу;

- ойын алаңында балалардың қосылуына мүм­кін­дік беретін жартылай оқшауланған бұрыштарды құру, ол бұл балалар үшін қажетті қалыпты жағдайды ту­ды­рады;

- «қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыруға» ар­нал­­ған кеңістік құру (қимыл ойындары алаңы).

6.3.27 Киім шешетін жерде балалардың киінетін ай­мақтары қиылыспауы немесе өткел аймағына жап­сыр­лас болмауы тиіс. өтетін бос кеңістіктің ені және киім-кешек шкафы мен орындық арасындағы қа­шық­тық­ты 1000 мм кем емес етік алу керек (9, 10-қо­сым­ша­ларды қара).

Киім шешетін бөлме жабдығының құрамында киім-кешек пен аяқ киімге арналған сумен қыз­дырылатын және сорғысы бар кептіргіш шкафтарды, сондай-ақ балалардың киім-кешек пен аяқ киімін сақтайтын секциялы шкафтарды қарастыру керек.

 

6.4 Санитарлық тораптар

(12-15-қосымшаларды қара)

6.4.1 Балабақша принципі бойынша жобаланған тұрғын топтардағы санитарлық тораптар топтықпен қосылған жайда орналасады.

Дәлізді жүйеде тұрғын топтардағы санитарлық тораптар не әрбір ұйықтайтын бөлмеде, не ортақ дәлізде қарастырылады. Нұсқаны таңдау жобалауға берілген тапсырмамен анықталады.

«Отбасы» принципімен жинақталған топтардағы санитарлық тораптар пәтерге ортақ қарастырылады.

6.4.2 Бөлмелерді орналастыруды, құрамын және санитарлық тораптардың санитарлық жабдықтарын түрлі типтегі тұрғын жайларды 12-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес етіп алу керек.

6.4.3 Дәретхананы қолжуғыш пен әжетхана аймағынан тұратын біртұтас жай ретінде жобалау керек (9, 2-қосымшаларды қара).

Қол жуғыш аймағында балалар қолжуғыштары мен үш жағынан келуге болатын себезгі табандығы орналасуы тиіс. Көру кемістігі бар балалар үшін өкшенің тактильді сезімталдығын дамытуға арналған фактуралы төсеніші бар аяқ себезгісін қарастыру керек. Дәретхана аймағында тиексіз жабылатын кабиналарда балалар унитаздары орналасады және жабылатын кабинада – ересектерге арналған унитаз. Балалар кабинасының өлшемі жоспарда 800х750 мм.

Кабиналардың арасында биіктігі 1,2 м (еденнен), еден­ге 150 мм жетпей тұратын экран қарас­ты­ры­ла­ды.

6.4.4 Арбалы мүгедектерге қызмет көрсету мүм­кін­дігін санитарлық тораптарды құру (жайғастыру сұлбалары) ерекшеліктері алдын ала анықтайды. Ар­ба­лар үшін өткелдер, бұрылыстар қарастыру қа­жет­ті­лігі, арбалардың санитарлық құралдарға келе алу, се­безгіде бұрылатын кресло орнату мүмкіндігі – дәретхананы жобалаудың басты шарты (13- қо­сым­шаны қара).

6.4.5 Санитарлық-гигиеналық кабиналардың мүгедектер пайдаланатын есіктері сыртынан ашылуы тиіс.

Балдақпен жүретін мүгедектерге арналған сан-тораптардың әмбебап кабиналарының минималь өлшемі – 1500х900 мм; арбамен-1400х1800 мм;

Қолжуғыштың  минималь өлшемі - 1400х900 мм; себезгінікі - 1400х1800мм.

Себезгі кабиналарының қоршау құрылымдары мүгедектердің себезгіні пайдалануына қиындық кел­тір­меуі және мүгедекті кресло-арбадан себезгі орын­ды­ғын отырғызуға кедергі болмауы тиіс.

6.4.6 Ванна бөлмелерін жоспарлау нұсқалары ба­ла­лар ауруының сипатына байланысты («отырған­дар», «жатқандар») және 14,15- қосымшаларда кел­ті­рі­л­­ді.

 

6.5 Оқу жайлары (бөлмелері)

(16-22 қосымшаларды қара)

6.5.1 Оқу процесін ұйымдастыру және оқу жай­ла­рының тиісті құрамы, ауданы және орналасуы жоба­лау­ға берілген тапсырмамен анықталады.

6.5.2 Мекемелерде жайлы қызмет көрсету мақ­са­тын­да негізгі және қосымша бөлмелердің бәрін бір дең­гейге (қабатқа) орналастырған жөн. Егер ондай сәу­леттік шешім мүмкін болмаса, онда барлық ішкі бас­палдақтар пандустармен және лифтілермен ал­мас­тырылуы тиіс. ұсынылған оқу жайларды құру және орналастыру нұсқалары 6.4-кестеде келтіріледі.

6.5.3 ұяларды қалыптастыруды және жинақтауды оқу сыныптарын (топтарын) ұйымдастыруға сәйкес ба­ла­н­ың жасын, дайындық деңгейін, ауруының сипа­тын ескеріп жүзеге асыру керек.


6.5.4 Барлық мекемелердің, сколиозбен ауы­ра­тын бала­ларға арналғандардан басқа, сыныптары мен оқу және ойнайтын бөлмелерде психологиялық арылу аймағын сыныптың жалпы ауданының 10-15 %-і болатындай есеппен қарастыру керек, онда кушетка, кресло, швед стенкасын орналастыру керек. Психологиялық арылу аймағын жиһазбен немесе экранмен (16-қосымшаны қара) қоршау керек.

6.5.5 Сыныптарды, ойын сыныптарын, оқу бөл­ме­ле­рін, оқуға даярлық кабинеттерін, оқу-өндірістік шеберханаларды жоспарлау және жабдықтау оларға арбамен қозғалатын (соқыр және нашар көретін балалардан басқа) балалардың келу мүмкіндігіне әр 6-8 орынға арбалы мүгедектер үшін 1 орыннан ке­ле­тін есеппен есептелуі тиіс.

6.5.6 Сколиозбен ауыратын балаларға арналған оқу бөлмесін жоспарлау оқу процесі кезінде балалар жатқан қалыпта болатындайға есептелуі тиіс.

6.5.7 Оқу және кәсіптік даярлық жайларының бір­тұ­тас блогында орналасқан бөлмелерде сыныптағы бір орынға 1,2-1,4 ш.м болатындай есеппен рек­реациялық бөлмелер қарастыру керек.

6.5.8 Саңырау және нашар еститін балаларға арналған мекемелердегі сыныптық және оқу-ойын бөлмелерінде ауданы 12-14 ш.м, 2-3 сыныпқа бір бөл­­ме болатын жеке жұмыс бөлмесін (16-қо­сым­ша­ны қара) қарастыру керек.

Мектепке дейінгілерге арналған бөлімдерде мұн­дай бөлмелерді әр балалар тобы құрамында қа­рас­тыру қажет.

6.5.9 Барлық типтегі мектеп-интернаттардың оқу-кә­сіптік даярлық жайларының құрамында, сөйлеуі ауыр бұзылған балалар мен саңырау балаларға ар­налғандардан басқа, 70-80 балаға 6-8 орындық 1 ка­бинет келетіндей  есеппен қосымша бөлмелері бар лин­гафон  кабинеттерін қосу керек.

Лингафон кабинеттерінің ауданын балаларға ар­налған мекемелерде мынадай етіп алу керек:

- сколиозбен ауыратындар – бір орынға 6,0-6,2 ш.м;

- мекеменің басқа типтерінде – 1 орынға 4,6-4,8 ш.м;

- қосымша бөлмелердің ауданы 14-16 ш.м.


 

6.4-кесте – Оқу бөлмелерін орналастыру ұсынылған нұсқалары және оларды қолдануға ұсыным

 

Оқу жайларын орналастыру принциптері

ұсынылған қолдану

1 Балабақша принципі бойынша жобаланған балалар топтары құрамында оқу және ойын бөлмесі қарастырылады

- барлық типтегі мектеп интернаттары мектепке дейінгілер үшін;

- барлық типтегі кіші мектеп жасылдағы мектеп-интер­нат­тар­дың балалары үшін

2 Тұрғын жайлар құрамында қарастырылады:

- сабақ дайындауға әрі ойнауға да арналған бөлме болатын оқу және ойын бөлмелері;

- жекелеген пәндер бойынша мамандандырылған кабинеттер оқу-өндірістік жайлардың ортақ блогында орналасады

- барлық типтегі мектеп-интернаттардың кіші және орта мектеп жасындағы балалар үшін;

- ақыл-ойы кем балаларға арналған мектеп-интернаттардағы ересек мектеп жасындағы балалар үшін;

- соқырлар мен нашар көретіндер  үшін;

- тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балалар үшін

3 Барлық оқу бөлмелері оқу-өндірістік жай блогында ор­на­ла­са­ды, ал тұрғын жай құрамында ойын бөлмелері қарастырылады

-саңырау және нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттағы орта және ересек мектеп жасындағы балалар үшін;

- сөйлеу кемістігі бар балалар үшін;

- сколиозбен ауыратын балалар үшін

Ескертулер

1 Сыйымдылығы аз мекемелердегі физика және химия кабинеттері бір бөлмеге біріктірілуі мүмкін.

2 Стационарлы жабдықтауды қажет етпейтін география, математика, тарих, әдебиет және орыс тілі сияқты арнаулы кабинеттерді қарастырмауға да болады, бұл пәндер бойынша сабақтар тұрғын секциялар құрамындағы  оқу және ойын бөлмелерінде, немесе оқу-өндірістік жайдың блогы құрамындағы сыныптарда өткізіледі.

3 Жобалауға берілген тапсырма бойынша бөлме құрамында 36-54 ш.м сызу кабинеті, 14-56 ш.м қосалқы бөлме қарастырылуы мүмкін.



6.5.10 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардағы оқу-кәсіптік даяр­лық бөлмесінің құрамында ауданы 18 ш.м, қосымша бөл­месінің ауданы 54 ш.м тифлографика кабинетін, сондай-ақ ас үйі, санитарлық торабы, қоймасы бар бір-екі бөлмелі пәтерден тұратын әлеуметтік бейім­деу кабинетін қарастыру керек.

6.5.11 Физика, химия (17-қосымшаны қара), гео­гра­фия, математика, тарих, әдебиет және орыс әде­бие­ті, машина жазуға үйрету кабинеттерін 1 орынға төмен­дегідей есеппен орта және ересек мектеп жа­сын­дағы балалар үшін ғана қарастыру керек:

а) сколиозбен ауыратын балаларға арналған мекемелерде:

1) физика, химия, машинажазбаға үйрету каби­нет­терінде - 6,0-6,2 ш.м;

2) қалған кабинеттерде - 5,2-5,4 ш.м;

б) басқа типті мекемелерде:

1) физика, химия, машинажазбаға үйрету каби­нет­терінде - 4,6-5,0 ш.м;

2) қалған кабинеттерде - 4,2-4,4 ш.м.

Кабинетте ауданы 14-18 ш.м зертханашы немесе қоймалық бөлмелерін орналастыру керек.

6.5.12 Біртұтас блокта орналасқан оқу-кәсіптік даяр­лық бөлмелерінде  сынып немесе кабинетте бір орын­ға 1,2-1,4 ш.м болатындай есеппен рек­реа­ция­лық жайларды қарастыру керек.

6.5.13 Мүгедектерге арналған мектеп-интернат­тар­­да қарастыру қажет:

- биология кабинетін (18-қосымшаны қара) - та­би­ғат бұрышы - 60-70 ш.м зертханашы бөлмесімен бір­ге - 18 ш.м;

- ком­пьютерлік сынып (19-қосымшаны қара) - 54-74 ш.м қоймасы бар – 18 ш.м;

-кулинарлық сыныпты - 32-36 ш.м қонақ қабыл­дай­тын бөлмесі бар - 32-36 ш.м және 16-18 ш.м қойма;

- ән сабағы бөлмесін (20-қосымшаны қара) – 35-54 ш.м, құрал-сайман қоймасы бар - 18 ш.м;

- сурет сыныбын - изостудия (20-қосымшаны қара) - 50-54 ш.м, қоймасы бар - 18 ш.м (соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интер­наттардан басқа);

- кітап қоймасы мен оқу залы бар кітапханасы:

1) 300 ш.м соқыр балаларға арналған меке­ме­лер­де (21-қосымшаны қара);

2) 120 ш.м интеллектісі қалыпты балаларға ар­нал­­ған қалған типті мекемелерде (21-қосымшаны қа­ра);

3) 80 ш.м ақыл-ойы дамуында кемістік бар бала­лар­ға арналған;

- әдістемелік кабинет - 36-40 ш.м;

- педагогика жөніндегі  директордың орын­ба­са­ры­ның кабинеті - 16-18 ш.м;

- оқу бөлімі меңгерушісінің кабинеті - 16-18 ш.м;

- мұғалімдер бөлмесін - 36-40 ш.м, оны шебер­лер бөлмесімен қосуға болады.

6.5.14 ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған бөл­ме­лер бір орынды үстелдермен, тақтамен және оқу құралдары шкафымен жабдықталады. Қабыр­ға­лардың  бос учаскелерінің бойымен еден деңгейінен 500 мм биіктікте тірек тұтқалар қарастырылуы тиіс. Тұтқаның диаметрі 35-50 мм. Жиһаз еденге мықтап бе­кітіледі. Бөлме 8 балаға есептелген (22, а-қо­сым­ша­ны қара).

 

Ескерту – Егер сынып бөлмелері ғимараттың әртүрлі блогында орналастырылса, онда бір мұғалімдер бөлмесінің орнына әр блоктың құрамындағы бөлмеде ауданы 18-24 ш.м мұғалімдер бөлмелерін қарастыру қажет.

 

6.5.15 Интеллектісі бұзылған балалармен арнайы сабаққа арналған бөлмелерде балаларда қарапайым  ма­тематикалық ұғымдарды қалыптастыру, сөйлеуді, бей­нелеу әрекетін дамыту және көмекші мектепте оқу даярлау жөнінде түзету-тәрбиелеу жұмыстары жүр­­гізіледі. Сабаққа арналған бөлмелер тек бір орын­ды үстелдермен жабдықталуы тиіс. Ойын тү­рін­дегі сабақтарға арналған аймақтар бөлінгені жөн. Үстелдердің орналасуы емін-еркін сипатта бо­луы тиіс (22, б -қосымшаны қара).

6.5.16 Естуі бұзылған балаларға арнайы сабаққа арналған бөлме (22, в -қосымшаны қара) топтық ұя құрамында орналасады және сурдотехникалық ап­па­ра­тура пайдаланылатын және қалған есту қабілетін сақтау мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық сақ­талып қалған талдауыштар негізінде ауызша тілін қалып­тастыруға (көру, тактильді-вибрациялық) ба­ғыт­талған арнайы оқытуды жүйелі өткізуге арналған. Бөлменің қабырғалары мен төбесі акустикалық тақтамен әрленуі тиіс. Балаларды аудиологиялық зерттеуге арналған орындары бар радиотехника кабинетінде ауа және соққы дыбысоқшаулағышпен қамтамасыз ететін болуы тиіс.

6.5.17 Көруі бойынша мүгедек балалармен ар­найы сабақтар бөлмесінде үстелдерді сол жақтан та­би­ғи жарықтандыру  қажет. Екі орынды үстелді қол­да­нуға болмайды, тіпті әр үстелге еркін баруы қам­тамасыз етілуі тиіс. Бөлмеде жылы су аққышы бар қол жуғыштар орнату керек. (22, г -қосымшаны қара).

6.5.18 Үстелдер арасындағы қашықтық - өткелдер 900 мм кем болмауға тиіс,  үстелдерден терезеге  дейінгі  қашықтық – 500 мм кем емес, қарама-қарсы қабырғада – 1000 мм. Бөлмеге кіреберісте  кресло-ар­балардың кері бұрылуына және кіруіне арналған ау­даны 1500х1500 мм кем емес бос кеңістік болуы қажет.

6.5.19 Кітапханаға келушілерге арналған барлық кеңістік мүгедек балалардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс. Оған жататындар: оқу залдары, або­не­мент­тер, анықтама бөлмелері, картотекалар, ашық кітап қоймасы  және т.б.

6.5.20 ТҚА-ты бұзылған мүгедектер үшін жұмыс орындары аймағы (кресло-арбада және көмекші тү­зету құралдарын пайдаланушылар) бөлек және кө­ру қабілетіне қарай мүгедектер үшін бөлек болуы тиіс.

6.5.21 ТҚА-ты бұзылған мүгедектерге арналған жұмыс орындары  дененің қалпын бекітетін арнайы құрал-саймандармен  жабдықталуы тиіс. Жұмыс үс­те­­лінің құрылымы кресло-арбаның үстелдің астына еркін кіруін қамтамасыз етуі тиіс.

Абонементтегі кітап берілетін тірек-тосқауыл бөлігі еден деңгейінен 700-900 мм дейін төмен­де­тіл­ген болуы тиіс.

Ашық жердегі кітаптар кресло-арбадағы баланың қолы жететін (созған қолы) аймақ шегінде орналасуы тиіс, оның биіктігі 1220 мм болады. Стеллаждар жа­нын­дағы өткел ені – 1065 мм.

6.5.22 Кресло-арбадағы бір балаға тиесілі жұмыс орны аймағының габариті 1800х900 мм кем емес болады. Жұмыс үстелдерінің арасындағы еркін жү­ру­ге және үстелге келуге арналған өткел 900 мм кем болмауы тиіс, яғни жұмыс аймағы габаритін өткелмен қоса алғанда – 1800х1800 мм.

6.5.23 Көру қабілетіне қарай мүгедектерге арналған жұмыс орнының қосымша периметральды жарықтандырылуы және басқа да бірқатар қажетті құрал-саймандары болуы тиіс.

 

6.6 Мәдени-көпшілік

қызмет көрсету жайлары

(23-27-қосымшаларды қара).

6.6.1 Мекеменің құрамында мәдени-көпшілік қыз­мет көрсету жайларын қарастыру керек:

- акт залдары;

- үйірме бөлмелері;

- дене шынықтыру- спорт залы;

- бассейндер;

- ыстығы құрғақ моншалар.

Мәдени-көпшілік қызмет көрсету жайларының құрамы мен ауданы жобалауға берілген тапсыр­ма­мен және 23-қосымшамен анықталады.

6.6.2 ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған көрер­мен залындағы орындарды бірінші және соңғы қа­тар­да, міндетті түрде еденнің көлденең бөлігінде жаб­дық­талған дұрыс. Кез келген нұсқада олар өткелге жанасуы тиіс (24-қосымшаны қара).

6.6.3 Кресло-арбадағы мүгедек балаларға арнал­ған отыратын орындар залда сахна әрекеті кеңіс­ті­гі­мен қосылуы тиіс.

6.6.4 Аймақтағы габариттер кресло-арбадағы мүге­декке арналған бір орын үшін - 900х1200 мм (келу өткелін есепке алмағанда). өткел ені - 900 мм кем емес, бұрылысы бар подъезд үшін - 1500 мм кем емес.

6.6.5 Залдағы кәдімгі креслолардың бір бөлігі арнайы бекітетін және тірек құрал-саймандарымен жабдықталуы мүмкін.

6.6.6 Есту қабілетінде  кемістігі бар мүгедек балаларға арналған көрермен орындарын көрер­мен­дер залының акустикалық жүйесімен байланыстыру керек. Креслоларда жеке есту аппараттарын қосу нүк­телері жабдықталуы тиіс. Дыбысты дауысын кү­шей­ту наушниктер көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс. Наушниктер сақталатын арнайы орындар  крес­ло­­лардың шынтақшаларына немесе арқалықтарына орнатылуы мүмкін.

6.6.7 Сахнаға көтерілу үшін баспалдақтардан басқа, ені 900 мм кем емес, еңісі 8 %. Стационарлы немесе тіреуіш пандус және бүйірлері бойынша ернеушелер  қарастырылған болуы тиіс.

6.6.8 Сахнаға апаратын баспалдақтар  мен пандустардың бір жағынан 500, 700, 900 мм қос тұтқасы бар қоршауы болуы тиіс.

6.6.9 Көрермендерді залдан эвакуациялау жолдарында  қабырғаның бойымен еден деңгейінен 500, 700 және 900 мм биіктікте тірек тұтқа-қанат орнату қажет. Есік ойығынан  немесе дәліз бұры­лы­сы­нан 1500 мм-де тұтқа бетінің фактурасы ауысып отыруы тиіс.

6.6.10 Залға (фойеге) кіреберіске тікелей жақын тұста мүгедек балаларға арналған өткелсіз демалыс және күту аймағын қарастыру керек. Бір балаға тие­сілі аймақ 1200х1800 мм; аймақтың жалпы ау­да­ны кем дегенде үш балаға есептелуі тиіс.

6.6.11 Мекемелерде не вестибюльде, не арнайы залда орналасатын ойын автоматтарын қарастыруға болады.

6.6.12 Ақыл-ой дамуында кемістігі бар балаларға арналғандардан басқа, мектеп-интернаттарда құрғақ ыс­тық монша (сауна) блогын қосымша бөлмелерімен қо­са қарастырған жөн (23-қосымшаны қара). Осы тип­тегі жайларды жобалаған кезде ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 және ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 талаптарын басшылыққа алу қажет.

6.6.13 Барлық жалпы білім беретін арнайы түзету мекемелері дене тәрбиесінің түрлі формасын ұйым­дас­тыру  үшін сыйымдылығына қарамастан, ауданы 162 м2 (9х18) кем емес спорттық дене шынықтыру залдары мен бассейндері болуы тиіс.

 

Ескертулер

1 Спорт залдары емдік дене шынықтыру сабағы үшін пайдалану мүмкіндігіне есептеліп жабдықталуы тиіс.

2 Спорттық жайлардың құрамы мен ауданы жобалауға берілген тапсырмамен анықталады, мұнда көлемі үлкен ваннадай бассейндер және ауданы үлкен залдар жобалауға болады.

 

6.6.14 Спорт залы бірінші қабатта орналасады және учаскедегі спорттық аймақпен тікелей (дәліз арқылы) ыңғайлы байланыс қарастырылады. Бол­жамды құрам мен ауданды 23-қосымшадан қараңыз.

6.6.15 Залдағы ер балалар мен қыздар үшін бөлек-бөлек киім шешетін бөлме мен себезгілердің залымен тікелей (немесе дәліз арқылы) байланысы болуы және жылжымалы есігі бар шкафтармен, немесе киім-кешек ілгіштермен және кіреберіс есіктің жанында биіктігі 1,75 м қорғаныш қалқан-экран­дар­мен жабдықталуы тиіс. Киім шешетін бөлмеде санитарлық торап болуы тиіс.

6.6.16 Спорт залында снаряд бөлмесі, қажет жағдайда, аспалы спорт жабдықтарын сақтайтын екі жарық бөлме қарастырылады. Снаряд бөлмесінің едені табалдырықсыз зал еденімен бір деңгейде болуы тиіс.

6.6.17 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарда гимнастика залын жос­парлау мен жабдықтау, көру қабілеті бұзылған балалардың бағдар алу ерекшеліктерін, олардың дұрыс жүру дағдысына үйрету қажеттілігін ескеруі тиіс, соған орай қарастыру керек:

- залды екі аймаққа бөлу: кіші - «снарядтық» немесе снарядпен шұғылданатын гимнастикалық және үлкен - ойын әрекетіне арналған негізгі; балалардың жалған бағдар алуын болдырмау үшін снарядтар стационарлы бекітіледі; залдың кіші бө­лі­гін­дегі еден негізгі аймақ еденіне қарағанда 6-7 см жо­ғары (сәл көтерілген) болуы тиіс. Залдың негізгі бө­лігінде еденінің құрылымы біртекті жабыны болуы керек:

-  төсеніштің дірілдеткіш жолағын еденнің зал қабырғасы бойы периметрі бөлігіне салу және екі аймақ арасындағы залды бөлу үшін: зал аймақтары ара­сындағы дірілдеткіш жолақ залдың үлкен бөлігіне қарай 10-12°-қа еңіс болуы тиіс; залды бөлу үшін  жоға­рыдан төмен түсетін, жүкпен (құм салынған қап­шықтар) тартылған капрон тор пайдаланылады;

- көпшілік мектептерде жалпы қабылданған жабдықтар (гимнастикалық стенкалар, ат, сақина, арқан, сырық, бөрене мен маттар және т.б.), сондай-ақ қосымша түрлі типті тренажерлар теннис, хоккей доптары және т.б. лақтыруға арналған нысаналар.

6.6.18 Мектепке дейінгілерге арналған меке­ме­лер­дегі дене шынықтыру залы, ән сабақтарын өт­кі­зу­ге де пайдаланылады. Мектепке дейінгілерге ар­нал­ған мекемелерде сыйымдылығы 160 орыннан жоғары зал­дар дене шынықтыру және ән сабақтарын бөлек өт­кізу үшін қарастырылады.

6.6.19 Дене шынықтыру залында тежелген және нашар көретін балаларды жарақаттанудан сақтау үшін «жұмсақ қабырға» қарастыру керек.

6.6.20 Балаларға арналған спорттық ойын түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру үшін кем дегенде 36х18 м болатын зал қарастыру керек. Егер сабақ бағдарламасына арбадағы баскетбол қосылмаса, онда зал өлшемі 30х18 м болуы мүмкін.

6.6.21 Саңырау балаларға, нашар еститіндерге, ақыл-ойы кемдерге, тірек-қозғалыс аппараты бұзы­л­ған­­­дар­ға арналған мекемелерде дене шынықтыру алаң­шаларын С-Ю (С-О) бойлық осімен, ал соқыр­лар мен нашар көретіндер үшін В-З (Ш-Б) осімен бағдарлау керек.

6.6.22 Дене шынықтыру залы мен бассейндері бар жайларда кресло-арбадағы мүгедек оқушылар үшін бір орынға 900х1200 м келетіндей есеппен көрермендер орындарының қауіпсіз аймақтарын қа­рас­тыру қажет. Аймақ кем дегенде 2-3 орынға есеп­телген болуы тиіс.

6.6.23 Мекеменің құрамында бассейндер қарастырған жөн:

- бассейн ваннасымен 5х10 (м) немесе 6х12,5 (м) тереңдігі 0,8 м-ден 1,1 м-ге дейін.

Бассейн бөлмесінің құрамы мен ауданын тапсырмаға және 23-қосымшаға сәйкес етіп алу керек.

6.6.24 Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған бала­лар­­ға арналған мектеп-интернаттарда түбі көте­рілетін жүзу бассейні болуы керек, ал ол кез келген жастағы қозғалу саласы түрліше зақымданған балалармен сабақ жүргізуді қамтамасыз етеді.

6.6.25 Көру қабілеті нашарлаған соқырлар мен нашар көретін балаларға арналған жүзу бассейн­де­рінде қосымша сақтандыру шараларын қарастыру керек:

- бассейн ваннасының жиектері резеңкемен көмкерілуі тиіс;

- ваннаның таяз бөлігі пенопластан (ваннаға көлденең) жасалған органикалық тақтамен және жүгі бар тормен бөлінеді;

- ваннаға түсу үшін қанаты бар екі қосымша баспалдақ қарастырылады; ваннаның айналасы және қабырғаның бойында биіктігі еденнен 30 және 50 см қанат болуы тиіс.

Бассейн ваннадағы судың есептік температурасы 29° болуы тиіс; залдағы ауа - 30°; киім шешінетін жер мен себезгіде - 25°; айналма жол бетінде - 30°.

6.6.26 Бассейн ваннасы мүгедек балалардың пайдалануға қойылатын арнайы талаптарды ескеріп жабдықталған болуы тиіс.

6.6.27 Жүзу бассейні бөлмесіндегі өтетін аяқ ваннасының беті тегіс, тайғанақ емес және жылтыр болуы тиіс. Себезгіден және бассейн залына қарай қозғалатын бағытта орналасқан аяқ ваннасының тереңдігі 0,1 м, жоспардағы өлшемі 1,0х0,85 (м).

6.6.28 Ванна периметрімен айналма жол қарас­ты­ры­лады. Беттің фактурасы жүзу бассейнінің айналма жолына шығар жерде ауысуы тиіс (25-қосымшаны қара).

6.6.29 Жүзу бассейнінің айналма жолының ені 2000 мм кем болмауға тиіс. Айналма жолдарда кресло-арбаны сақтауға және өзге де қосымша үй­­лес­тіру құралдарына арналған арнайы орындар бө­лу керек. Мүгедек балалар пайдаланатын бас­сейн ваннасының айналасында міндетті түрде ер­неу­­ше­лер жасалуы тиіс. 26-қосымшада бала­лар­дың бас­сейн­ге кіруін жеңілдету үшін қол­да­ны­ла­тын құрал-сай­мандар мен жабдықтар келтірілді.

6.6.30 Мүгедектер арбаларының өтуіне және бұрылуына қойылатын талаптарды сақтау, киім шешетін бөлмені жобалау кезінде де қажет.

Спорт залы мен бассейндегі киім шешетін бөл­ме­нің арбалы-мүгедектердің өмір сүру өзгешелігін ес­ке­ре­тін жайғастыру ерекшеліктері 27-қосымшада кел­ті­рі­лді.

 

6.7 Тағам блогы

(28-29-қосымшаларды қара)

6.7.1 Асхана бөлмесі бірінші қабаттағы арнайы блокта бөлінеді, шаруашылық аулаға шығатын бөлек шығаберісі болады, мектептер бірнеше ғимаратта орналасқан жағдайда – оқу және тұрғын жайлар­дағы жабық өткелдер.

6.7.2 Асхана бөлмесінің құрамы мен ауданын СанЕжН 6.01.002-94 «Жалпы білім беретін мектептер және мектеп-интернаттар» талаптарына сәйкес шикізатпен жұмыс істеу есебінен алады. Мұндайда мынадай қосымша талаптар ескеріледі:

- қолжуғыштарды өткелсіз жайдағы түскі ас залында немесе залға апаратын кеңейтілген өткелдер мен дәліздер де (3,6-4,0 м2 дейін) мынадай есеппен орналастырады:

а) 18-20 отыратын орынға бір қол жуғыш;

б) соқыр және нашар көретін балалар үшін – 10 отыратын орын, бір қол жуғыш;

в) ақыл-ойы кемдер үшін – 15 отыратын орынға 1 қол жуғыш.

6.7.3 Ас үйдің өндірістік бөлмесін барлық типтегі мекемелерде шикізатпен жұмыс істеуге есептеу керек. Барлық типтегі мекемелер үшін балаларды тамақтандыру бір ауысымда ұйымдастырылады. Асхана бөлмелері мен ас үйдің өндірістік бөлмесінің шамамен алғандағы құрамы мен ауданын 28-қосымшадан қараңыз.

6.7.4 Мектеп-интернаттарда тамақтандыру ұйымдастырылады:

- топтық бөлме ауданында мектепке дейінгі жастағы балалар үшін (балабақша типі бойынша);

- мектеп жасындағы балалар үшін  ортақ асханада секцияға немесе барлық мекемеге;

- оқытылмайтын балалар үшін тамақтану ұйықтайтын бөлмелерде ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгілер үшін секция құрамында 2-4 топқа буфеті бар арнайы асханалар қарастырылады. Мұндайда балалар топтары бөлмелерінің құрамында буфетті қарастырып керек жоқ. Тамақтандыруды ұйым­дастыру нұсқасы жобалауға берілген тапсыр­ма­мен анықталады.

6.7.5 Балаларды тамақтандырудан басқа, қызметкерлер де тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс. Қызметкердің тамақтануы үшін бір орынға 1,8 ш.м кем емес есеппен өзіне-өзі қызмет көрсететін не ас үй, немесе әкімшілік жайына кіреберіске жақын ор­на­ласқан, не учаскеден бөлек кіреберісі бар арнайы түскі ас залын қарастыру керек. Қызметкерлердің түскі ас залының сыйымдылығын нақты жағдайға қарай есептеу керек (қызметкердің жалпы санынан, тамақтанушылар санынан, түскі ас уақытының ұзақ­ты­ғынан, орынның өткізу мүмкіндігі).

6.7.6 Ас үй бөлмесіндегі оқшаулағышқа қызмет көрсету үшін ауданы 16 - 20 ш.м болатын арнайы үлес­­тіретін орын қарастыру керек. Үлестіретін орынның ішкі коммуникациялық байланыстарға (дәліздерге, баспалдақтарға, пандустарға, лиф­ті­лер­ге) ыңғайлы жолы, сондай-ақ учаскеге шығаберісі болуы тиіс.

6.7.7 Мүгедек оқушыларға арналған мектеп бас­па­насы жайында кресло-арбадағы балалардың да пайдалану мүмкіндігі ескерілуге тиіс, өзіндік өткелсіз аймағы жабдықтары қарастырылуы тиіс. Отыратын орындардың бір бөлігін мүгедек бала­лар­дың өзіндік (спецификалық) талаптарын ескеріп ұйым­дастыру керек (29-қосымшаны қараңыз).

6.7.8 Үстелдің мүгедектің кресло-арбамен еркін келуіне мүмкіндік беретін құрылымы болуға тиіс:

- үстел аяқтарының арасындағы қашықтық - 900 мм кем емес;

- дикорациялық панельдер, сөмкеге арналған сөрелер, кресло-арбаның үстел астына ішінара кіруі­не кедергі келтірмеуі тиіс.

6.7.9 Үстелдер мен үлестіру прилавкасы бойы арасындағы еркін өту-жүру аймағы 900 мм кем емес болуы тиіс. Кресло-арбаның айналып-бұрылуына ар­нал­ған еркін аймақ кассаның жанында 1200х1500 мм кем болмауға тиіс.

6.7.10 Орындықтар ыңғайлы болуы тиіс, қара­пайым орнықты құрылымы болуы керек.

6.7.11 Мүгедектер пайдаланатын түскі ас залын­да­ғы бөлмедегі еденнің жабыны берік, қатты, тай­ға­нақ емес және құламасыз болуы тиіс.

 

6.8 Сауықтыру жайы (бөлмесі)

(30-42-қосымшаларды қара)

6.8.1 Барлық сауықтыру шаралары медициналық, кәсіптік және әлеуметтік болып бөлінеді.

· Медициналық бағдарламалар мүгедектің бұ­зыл­ған немесе жоғалтқан қабілетін қалпына келті­ру­ге немесе өтемақы беруге бағытталған.

· Кәсіптік бағдарламалар бұзылған немесе жоғал­ған дағдыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ білім, ше­бер­лік алуға және нақты дене немесе ақыл-ой кемістігін ескеріп, кәсіптік бағдарлауға бағытталған.

· Әлеуметтік сауықтыру әлеуметтік-тұрмыстық дағ­­дыларды қалпына келтіруге және қоғамдық және тұрмыстық әрекетке бейімдеуге бағытталған.

6.8.2 Оқу-тәрбие мекемелері үшін барлық үш бағыт бойынша сауықтыру шаралары жүзеге асыр­ы­луы қажет. Дегенмен, бөлме құрылымындағы ерекше өз­гешелік медициналық және кәсіптік сауықтыруға байланысты.

 

Медициналық бөлмелер

6.8.3 Медициналық қызмет көрсету жайлары ағымдағы дәрігерлік көмекке, сондай-ақ мүгедектерді сауықтыруға арналған.

Медициналық жайлардың құрамын әр нақты жағдайда жобалауға берілген тапсырма бойынша қарастыруы, ауруханалар мен емханаларды жо­ба­лау жөніндегі қолданыстағы, ауруханалар мен емха­на­ларды жобалау жөніндегі қол­да­ныстағы нормативтік құжаттарды ескеріп жобалау керек. 30-қосымшада медициналық қызмет көрсететін жайлардың шама­мен алғандағы құрамы мен ауданы келтірілді.

6.8.4 Мүгедектерге медициналық қызмет көр­се­ті­ле­тін арнайы бөлмелер үшін жайғастыру үлгілері берілді. Қалған жайлар емдеу-профилактикалық ме­ке­мелерге арналған қолданыстағы нормативтер бойынша жобаланады.

6.8.5 Практикада атауы ұқсас құралдардың, құрыл­ғылардың және т.т. өте алуан түрде қол­да­ны­ла­тынына байланысты жиһаздар мен жабдықтардың габариті шамамен келтіріледі.

6.8.6 Жайғастыру сұлбаларын әзірлеуде еске­рі­луі тиіс:

- жабдықтарды (құралдардың арасындағы, құ­рал­дар мен қабырғалардың арасындағы және т.б.) орналастыруға қойылатын технологиялық талап­тар­ды;

- арбалы-мүгедектерге қызмет көрсету қажет­ті­лі­гін (подъездер, өту жолдары, бұрылыстар);

- алуан түрлі аурулары бар  мүгедектерге қызмет көрсету ерекшелігін.

Тек мектепке дейінгілерге ғана қызмет көрсететін кабинеттерге жайғастыру сұлбаларын әзірлеген кез­де арбалы-мүгедектер үшін бұрылу шеңберінің қа­жет­ті өлшемін 1,2 м етіп есептеу керек; барлық жас­тағы балаларға арналған кабинеттер үшін – 1,4 м.

6.8.7 Барлық типтегі мекемелердің медициналық жайларының құрамына мынадай кабинеттер кіруі тиіс:

- педиатрдың – 15-16 ш. м;

- қараңғы бөлмесі бар консультативтік қабылдау (офтольмологтың жұмыс істеу мүмкіндігі үшін) – 20+8 ш.м (31-қосымша);

- тіс дәрігерінің 16-18 ш. м;

- психоневрологтың  - 14-16 ш. м;

- гинекологтың (урологтың) -  20-22 ш. м;

- гидропатия - 28-30 ш. м, 14-16 ш. м киім ше­ше­тін жері бар (31-қосымшаны қара);

- механотерапия - 36-72 ш. м (32-қосымшаны қара);

- психологиялық жеңілдету - 18-24 ш. м;

- процедура бөлмесі - 18-20 ш. м;

-стерилизациялық-автоклавтық, дәріханалық бөл­­мелер, медициналық бике кабинеті - 14 ш. м.

 

Ескерту

1 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардағы офтальмологке жеке кабинет қарастырылатын жерде консультациялық қабылдау каби­не­тін­де қараңғы бөлме қарастырып керек жоқ.

2 Медициналық жайлардың құрамында жобалауға бе­ріл­ген тапсырмаға сәйкес 24-26 ш. м болатын функцио­нальды диагностика кабинетін 8-10 ш. м қосымша бөл­ме­сі­мен бірге қарастыруға болады.

3 Механотерапия кабинеті жабдықтарының жалпы жо­ба­лауға берілген тапсырмамен анықталады, ақыл-ойы кем балаларға арналған мекемелерде механотерапия ка­би­нет­тері қарастырылмайды.

 

6.8.8 Олардан басқа белгілі бір ауру түрі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған арнайы емдеу кабинеттері бар.

Мұндай кабинеттердің  бір бөлігі мүгедектерге жақын болуы тиіс, яғни оқу-тұрғын ұяларының құра­мын­да болуы керек. Саңырау және сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде барлық ар­найы қызмет көрсететін медициналық кабинеттер оқу-тұрғын ұялардың құрамына кіреді, ал меди­ци­на­лық қызмет көрсету блогының құрамына тек барлық ауру типтеріне ортақ кабинеттер кіреді.

6.8.9 Барлық мектеп-интернаттарда, саңырау және нашар еститін балаларға арналған меке­ме­лер­ден басқа, ауданы 18-20 ш.м болатын логопед каби­не­тін (32-қосымшаны қара) қарастыру қажет:

- оқушылар үшін:

1) сөйлеу кемістігі бар және тірек-қозғалыс ап­па­раты ауыратын балаларға арналған мекемелерде – 30-40 балаға 1 кабинет;

2) қалған типтерде  - мекемеге 1 кабинет;

- мектепке дейінгі жастаға балалар үшін:

1) сөйлеу кемістігі бар және тірек-қозғалыс ап­параты ауыратын балаларға арналған  мекемелерде  - топқа (8-10 орын) 1 кабинет;

2) басқа типтегі мекемелерде – секцияға 1 каби­нет.

6.8.10 Соқыр және нашар көретін балаларға ар­нал­ған мектеп-интернаттардың медициналық қыз­мет көрсету жайларының құрамына қосу керек:

- ауданы 75-80 ш.м ұзындығы 25 м кем емес офтальмолог кабинетін (33-қосымшаны қараңыз);

- 36-50 ш.м қалған көру қабілетін дамыту кабинетін 16-18ш.м қосымша бөлмесі бар;

- 54-72 ш.м кеңістікте бағдар алуды дамытуға арналған  залды 8-10 ш.м қоймасы бар.

6.8.11 Сколиозбен ауыратын және тірек-қозғалыс ап­параты  ауыратын балаларға арналған мектеп-интер­­­нат­­тарда қарастыру керек:

- гипстеу бөлмесін, корсеттер дайындайтын шебер­­хананы;

-озокерит, парафинмен емдеу және ыстықпен қымтайтын қосымша бөлмелері бар кабинеттерді (34-қосымшаны қараңыз);

- аминозиндік кабинетті (34-қосымшаны қараңыз);

- электрмен және балшықпен емдеу кабинетін.

6.8.12 Процедуралық кабинеттердегі орындардың шамамен алғандағы  санын 6.5-кесте деректері бой­ын­­ша алу керек.

6.8.13 Кабинеттердің ауданын бір процедуралық орынға:

- ингаляторияда 4-5 ш.м;

- суасты массажы кабинеттерінде - 18-20 ш.м (35-қосымшаны қараңыз);

- жеке массаж - 16-18 ш.м;

- қалған типтегі кабинеттерде  - 7-8 ш.м (бір ван­на­ға немесе кушеткаға) болатындай есеппен алу керек.

6.8.14 36-қосымшада су процедураларына арнал­ған кабинеттердің жайғастыру  шешімдері арбалы мү­ге­дектерге  қызмет көрсетуді, сондай-ақ олардың орын ауыстыру үшін арнайы жабдықтарды  қол­да­ну­ды  ескеріп келтірілді.

6.8.15 Оқшаулағышты сыйымдылығы мектеп жа­сын­дағы балалар орындары санының 3-4%-і және мектепке дейінгі жастағы балалар орындары  са­ны­ның 6-8%-і болатындай есеппен жобалау керек.

Ол бокстарды қосуы және бір мезгілде қабылдау мен карантин бөлімі болуы тиіс. Мұндайда толық санитарлық торабы (унитаз, қолжуғышы, ванна) және тамбур арқылы учаскеге шығаберісі бар бір-екі орынды  палаталардан  тұратын бокстардың кез кел­ге­ні қабылдау-байқау  боксы бола алады.

6.8.16  Бокстар оқшаулағыш бөлмелерімен өткел тамбур-шлюздер арқылы қосылуы тиіс. Бокстар мен дәліздердің арасында персоналдардың балаларды қадағалауына арналған бітеу (ашылмайтын те­ре­зе­лер) қарастыру керек.

6.8.17 Оқшаулағыш бөлек блокта орна­лас­ты­рыл­ған  жағдайды, ол толықтай оқшауланған, немесе арнайы тамбур-шлюздер арқылы қалған бөл­ме­лер­мен (ұйықтайтыннан басқа), қосылуы мүмкін.

Тамбур-шлюзде қолжуғыш пен халаттарды ауыс­ты­руға арналған ілгіш орналасуы керек, одан басқа, өрт кезінде сырттан ауа беру қамтамасыз етілуі тиіс.

10 орыннан көп оқшаулағышты жеке тұрған корпуста орналастыру керек.

6.8.18 Құрамында персонал бөлмесі, процедура, керек-жарақ, буфет, санитарлық бөлме, дәрігер немесе медициналық бике бөлмесі бар оқшаулағыш жай­ларда, оқшаулағышты 10-нан аса, одан басқа аппаратура сақтайтын бөлмелерді (физио­тера­пе­ти­калық процедураға арналған) дербес шығаберіс қа­рас­тыру керек.

6.8.19 Бокстың тамбур-шлюз және санитарлық торапты қоса алғандығы ауданын 1 орынды бокста 24 ш.м кем емес етіп, 2 орынды бокста 30 ш.м кем емес етіп алу керек.

6.8.20 Бокстардағы сыртқа шығаберістерде еңісі 1:8 аспайтын пандус қарастыру керек.

6.8.21 Оқшаулағыш бөлмесінің құрамы мен ауданын 6.6-кестеге сәйкес алу керек.

 

Өндірістік шеберханалар

6.8.22 өндірістік шеберханалар  оларда ТҚА-ты бұзылған балаларды оқыту мүмкіндігі ескеріліп жобалануы тиіс. Осыған байланысты барлық шебер­ха­наларды мүгедектердің кресло-арбаларды пай­да­ла­нып және өзге де көмекші қозғалу құралдарымен ер­кін жүруіне арналған өткелдер мен жүретін жол­дардың қажетті енін сақтай отыра жабдықтау керек.

Шеберханалар мен цехтарда олар үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарын құру керек - әр  оқу бейіні бойынша 2-3-тен.

6.8.23 Оқу-өндірістік шеберханалар блогындағы дәліздердің екі жарықта 1800 мм-ден кем болмауы тиіс, кресло-арбадағы балалардың кедергісіз екі жақты қозғалысын қамтамасыз етеді. Егер дәліз ені 1800 мм кем болса, онда коммуникацияның әр 6 м ұзындығы сайын кеңейтілген аймақтар жасау керек.

6.8.24 Мүгедек балаларға арналған маман­дан­ды­рыл­­­ған мектептердегі оқу-өндірістік шеберханалар бөлек блок­та орналасуы, орта және ересек жастағы оқу­шы­лар­дың оқу және тұрғын жайларымен ыңғайлы байланысы болуы, сондай-ақ учаскеге шығаберісі болуы тиіс.

6.8.25 Төменгі сынып оқушылары үшін еңбекке оқы­ту және қоғамдық пайдалы еңбек шебер­ха­на­сы­ның ауданы есту қабілеті, интеллектісі бұзылған ба­ла­ларға арналған арнаулы мектептерде 1 оқушыға кем дегенде 2 м2 болатындай есеппен белгіленеді және 2,5 м2 кем емес – көру қабілеті бұзылған, по­лио­миелит пен церебральді сал зардабы бар балалар үшін.

6.8.26 Орта және ересек сынып оқушыларына арналған оқу шеберханаларының 1 орынға келетін ауданын төмендегіден кем емес етіп алу керек:

- металл мен ағашты өңдеу шеберханасын  - 4,5 м2;

- металл мен ағаш өңдейтін құрама шебер­ха­на­ны - 4,5 м2;

- маталарды өңдейтін шеберхананы және кули­нарияны - 5,5 м2;

- кәсіптік бағдарлау кабинеттерін - есту қабілеті мен интеллектісі бұзылған арнаулы мектеп интер­нат­тар­да 3 м2 және 3,5 м2- көру қабілеті бұзылған, полио­миелит пен церебральді сал зардабы бар балалар үшін;

-картондау-түптеу, ағаш шеберханасы, тоқу, құмыра жасайтын орынды - 5-6 м2;

- тігін, электр жинақтау, аяқ киім, қол өнер, механикалық құрастыру, аппаратура мен тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханасы - 4,0-4,5 м2.

Оқу-өндірістік жайларда материалдар мен дайын бұйымдарды сақтайтын қойма қарастыру керек.

6.8.27 Оқу-өндірістік шеберханалардағы орын санын 6-8 етіп алу керек; шеберханаларды маман­дан­­дыруды және олардың санын жобалау тапсыр­ма­сы­мен нақты жағдайға қарай анықтау керек: меке­ме­нің міндет-мақсаты, сыйымдылығы, жергілікті дәстүр, мамандар саны, әрі қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі және т.т.

6.8.28 Шеберхана бөлмелерінің ауданы станок жаб­дықтарын, нұсқаушы үстелін және оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру жағдайына қарай анықтайды.

Жабдықтарды қойған кезде қатарлардың (шебер­ха­на бойымен өту) арасындағы қашықтықты мына­дай етіп алу қажет екенін ескеру керек:

- 1300 мм-мен кем емес;

- полиомиелит пен церебральді сал зардабы бар балалар үшін - 1600 мм-ден кем емес);

- станоктар арасын - 1000 мм-ден кем емес;

- станоктар мен верстактар арасын - 1000 мм-ден кем  емес;

- верстактар мен станоктардан қабырғаларға дейін - 500 мм-ден кем емес;

- ағаш өндеу шеберханасындағы верстактар арасын - 1000 мм-ден кем емес.

Түрлі шеберханаларды жайғастыру  үлгілерін 37-41-қо­­­сымшалардан қараңыз.


6.5 – Түрлі типті процедуралық кабинеттердегі орынның шамамен алғандағы есебі

 

Процедура түрлері

Мекемелердегі бір процедуралық орынға келетін балалардың есептік саны

Ақыл-ойы кем балалар мен сөйлеу кемістігі бар балалар үшін

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және сколиозбен ауыратын балалар үшін

Соқыр және саңырау балалар үшін

1 Электрмен емдеу

-

25-30

25-30

2 Сәулемен емдеу

60-75

60-75

60-75

3 Сумен емдеу

30-40

30-40

30-40

4 Суасты массажы

-

75-100

-

5 Ингаляторий

20-30

20-30

20-30

6 Массаж:

 

 

 

- жеке кабинетте

80-100

20-25

80-100

- жалпы залда

60-75

10-15

60-75

7 Электрмен ұйықтату

75-100

75-100

50-60

 

6.6-кесте-Оқшаулағыш жайдың ұсынылған құрамы мен ауданы

 

Атауы

Бөлме ауданы, ш.м

Ескертулер

Оқшаулағышта

10 орынға дейін

10 орыннан жоғары

1 Бір орындық бокс

24

24

Бокс саны есеппен анық­та­ла­ды

2  Екі орынды бокс

30

30

сондай

3 Санитарлық бөлме

6

6

 

4 Процедуралық бөлме

18

18

 

5 Дәрігер, медициналық бике кабинеті

14

14

 

6 Киім шешетіні мен себезгісі бар қызметкер бөлмесі

10

12

 

7 Буфет

8

12

 

8 Тасымалданатын аппаратура сақталатын бөлме

-

12

 

9 Керек-жарақ бөлмесі

8

12

 

10 Шлюздегі қолжуғышы бар әжетхана

3

3

Қызметкер бөлмесімен қатар орналасады



6.8.29 Бастауыш мектептің кіші жастағы бала­ларына арналған қол еңбегі шеберханасында ыстық су келетін қолжуғыш орнату қажет.

Дене шынықтыру үзілісін өткізу үшін едені кілем­мен жабылған аймақты қарастыру қажет.

6.8.30 Ақыл-ойы кем балаларды оқытуға арнал­ған арнайы мекемелерде емдеу-еңбек және белсен­ділік терапиясын өткізу мақсатымен емдеу-өндірістік (еңбек ету) шеберханаларын жасау қажет.

6.8.31 Мектеп-интернаттарда орта медициналық және тәрбиелеуші персоналды дайындау үшін ау­да­ны 36 ш.м оқу құралдары қоймасы бар арнайы сы­нып қарастыру қажет.

 

Ескерту – Оқшаулағышты орналастыру, сондай-ақ бөлме­нің құрамы мен ауданы (бір орынды мен екі орынды бокстардың ара­­қатынасын қоса алғанда) жобалау тапсырмасымен анық­та­ла­ды.

 

Әлеуметтік бейімдеу жайлары (бөлмелері)

6.8.32 Мекемелерде міндетті түрде әлеуметтік бейім­де­лу кабинеті қарастырылады, ол балаларды үй шаруа­шы­лығына – азық-түлікті дұрыс таңдауға, одан белгілі бір тағам әзірлеуге, үстелге дастархан жаю­ға, қонақ­тарды қабылдауға  және т.т. үйретуге қыз­мет етеді. Бұл кабинетте туған күндер, қонақ ша­қы­рылып мерекелер өткізіледі. Кабинет жұмыс ай­ма­ғы­нан (ас үйден), сондай-ақ салтанат аймағынан тұ­рады, онда үстелдер орындықтармен болады, билер мен ойындар өткізіледі.

Екі аймақ та тіреулермен – азық-түлікті бөлуге және тамақты үстелге беруге дайындайтын жұмыс үстелі­мен бөлінген.

6.8.33 Жабдықтарды салтанат аймағында қою жөнін­де­гі ұсыныстар балалармен олардың қонақ­та­рын 11 және 21 орынға орналастырудың екі ва­рианты үшін әзір­ле­нуі (42-қосымша қара). Құрама қабыр­ға асханалық ыдыс­­­тар­ды, киім-кешекті, музы­калық техниканы, видео­тех­­ни­ка­ны, кассеталарды, дискілерді және т.т. сақтауға есеп­телген.

 

7 ИНЖЕНЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жалпы талаптар

 

Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар ғимараттарын инженерлік жабдықтау жүйелеріне мыналар жатады:

- сумен қамту, жылыту және канализация жүйе­лері мен құрылғысы;

- жылумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелері мен құрылғысы;

- электрмен жабдықтау жүйелері мен құрылғысы;

- байланыс және сигнализация (дабыл) құрыл­ғысы;

 

7.1 Сумен жабдықтау және канализация

 жүйелері мен құрылғылары

7.1.1 Сумен жабдықтау және канализация жүйе­ле­рін жобалау кезінде Қазақстан Республикасы ау­ма­ғында суық және ыстық сумен жабдықтаудың ішкі то­рап­тары, канализация, суағарлар, сумен жабдық­тау­мен канализацияның сыртқы тораптары мен има­рат­тары жөніндегі қолданыстағы нормативтік құ­жат­тар талаптары, сондай-ақ осы тараудың нұсқаулары орындалуы тиіс.

7.1.2 Балалар үйі мен мүгедек балаларға арнал­ған интернат ғимараттары суық және ыстық сумен жабдықтау және канализация мен суағарлардың жүйелерімен жабдықталған болуы тиіс. Орталық­тан­ды­­рылған немесе  жергілікті тораптарға қосу қиында­са немесе мүмкін болмаса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтерімен келісім бойынша сумен жабдықтау және канализацияның автономды жүйесін қолдануға болады.

7.1.3 Ішкі және сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су­дың шығыны ҚНжЕ 2.04-01-85*; ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртті қадағалаудың Уәкілетті органдармен келісім бойынша қабылдануы тиіс.

7.1.4 Сорғы қондырғыларды (өрттікінен басқа) аралас, сондай-ақ ұйықтайтын бөлменің, оқу және емдік-диагностикалық жайлардың асты мен үстіне орналастыруға болмайды.

7.1.5 Сутаратқыш жабдыққа берілетін ыстық судың температурасы 37°С-тен аспауы тиіс. Суық және ыстық суды сантехникалық құралдарға беруді (технологиялықтан басқа) термоараластырғыш қон­дыр­­ғысымен бірге қарастыру керек.

7.1.6 Бассейн ваннасындағы судың есептік температурасы 29°С болуы тиіс.

7.1.7 Дәретхана, себезгі және ванна бөлме­ле­рін­де сүлгі кептіргіштер қарастыру керек.

7.1.8 Ыстық сумен жабдықтау айналыммен бірге жобаланады.

7.1.9 Ыстық су құбыры тазартылған болуы тиіс, өйткені аяқ-қолының сезімталдығы әлсіз мүгедектер қатты күйіп қалуы мүмкін.

7.1.10 Суық және ыстық су құбырының тік құбыр­ла­ры, канализация және ішкі суағарлар жасырын етіп төселеді.

7.1.11 Ақыл-ой аппараты зақымданған балаларға арналған дәретхана, себезгі және ванна бөлме­ле­рін­де құбырлар мен жабық арматуралар қол жетпей­тін­дей етіп қарастырылады.

7.1.12 Балалар үйіне арналған дене шынықтыру аймағында орналасқан шашыратқы  бассейн ағын сумен қарастыру керек.

7.1.13 Балалар үйімен интернаттар үшін құмды аулаға ойыннан соң ойыншықтарды жуатын жазғы су құбыры тартылуы керек.

7.1.14 Мүгедек балаларға арналған санторап­тар­да унитазда отырып қолжуғышты пайдалану мүм­кін­дігін ескеру керек.

7.1.15 Мүгедек балаларға арналған қолжуғыштар оған тұрғанда, не сүйенгенде адам салмағына шы­дай­тындай қабырғаларға мықтап бекітілуі тиіс.

7.1.16 Санитарлық тораптың барлық бөл­ме­ле­рі­нің еденінде су ағатын траптары болуы тиіс.

7.1.17 Траптар торламасының тесігі 0,01м-нен аспайтындай болуы, сондай-ақ саңылаулардың не­ғұр­лым судың қозғалу бағытымен бойлық және диагональ орналасуы (30° және кем) тиіс.

7.1.18 Санитарлық құралдар қондырғыларының бөлменің еденінен құралдың ернеуіне дейін есеп­тегендегі биіктігі болуы тиіс:

балалар үйлерінде:

қолжуғыштардікі - 0,4 м;

себезгі табандығының (иілгіш шлангісі бар се­без­гі торының табандық түбінің үстіне орналасу биіктігі 1,5 м болғанда) - 0,3 м;

 мектепке дейінгілер топтарының сан­то­рап­та­рын­да:

қолжуғыштардікі - 0,5 м;

тұғырдағы ванналардікі - 0,6 м;

терең себезгі табандығында - 0,6 м; иілгіш шлангісі бар себезгі торламасының тұғырық түбі үстіне орналасу биіктігі -1,5 м.

мектеп топтарының сантораптарында (қолжуғыштар):

- 0,5 м І сынып оқушылары үшін;

- 0,6 м ІІ-ІV сынып оқушылары үшін;

- 0,7 м V-ΧI сынып оқушылары үшін

Табандық өрнеуінің үстінде, 0,15 м биіктікте, себезгі торын ілетін қосымша кронштейн орнатуды қарастыру керек.

 

7.2 Сумен жабдықтау, жылыту және желдету

жүйелері мен құрылғылары

 Жылумен жабдықтау

7.2.1 Мүгедек балаларға арналған мекемелер жылумен жабдықтау сенімділігіне қарай 1- санатқа жатады.

7.2.2 Жылумен жабдықтау жүйелерін қарастырған кезде тәуелсіз көздерден не сақиналанған жылу магистральдерінен жылудың екі кірмесі қарас­ты­ры­ла­ды. Тек бір ғана жылу кірмесі болғанда бөлек не ара­лас жобаланған учаскедегі резервтік қазандық қа­рас­тырылады.

7.2.3 Резервтік қазандықтың жылу қуаты ұйық­тай­тын және емдеу жайларын жылумен жабдықтауға тү­се­тін жүктеме жабыны есебімен анықтайды, қалған жайлар үшін кезекші жылытуға ғана жұмсалатын жы­лу шығыны қарастырылады.

7.2.4 Мекемені өзге ұйымға тиеселі қазандықтан жылумен жабдықтаған кезде резервтік құбырларды тө­сеу қарастырылады.

7.2.5 Жылу көздері бұрыннан болмаса, жеке қазандық салу қарастырылады.

7.2.6 Сумен жылитын қазандары бар резервтік қазандықтарда ыстық сумен жабдықтайтын бак-аккумуляторлар қарастырылмайды.

7.2.7 Автоматтандырылған жылу есептеу пунк­т­тері өзге ұйымның жылу көздерін жылумен жаб­дық­тау кезінде қарастырылады.

7.2.8 Газбен істейтін қазандықтар үшін резервтік отын қоймасының көлемі ҚР ҚНжЕ II-35-2001 5.42 т. бойынша анықталады.

7.2.9 Жылумен жабдықтаудың транзиттік құбыр­ларын ғимараттың подвалдарына және техеденас­ты­ла­рына төсеуге болмайды.

7.2.10 Жылу тораптарын тарату деңгей жоғары ыза су тұрып қалған (1,2 м жәнге жердің жайғастыру бетінен кем) учаскелерде орналасқан мекемелер үшін ауада төмен тіреулерде орындалады, ал жү­ре­тін және өтетін жерлерде – жоғары.

7.2.11 Бумен қамту технологиялық тапсырмамен анықталатын жайлар үшін қарастырылады.

7.2.12 Суы мен буы қатты қызған құбырларды жеке жылу пуктінен (ЖЖП) желдету қорабына дейін адамдар үнемі келетін жайлар мен эвакуация жолдары бойынша төсеуге тыйым салынады.

 

Жылыту

7.2.13 Мекеме ғимаратын жылыту, әрекеттегідей, орталық сумен қабылданады.

7.2.14 Жайлардағы ауаның есептік темпе­ра­ту­ра­сы мен ылғалдылығы ҚР ҚНжЕ 4.02-05.2001* сәйкес алынады.

7.2.15 Қыздыру құралдарының бетіндегі орташа температура құрауы тиіс:

- 80°С интернат үйлерінің емдеу бөлмелері үшін;

- 95°С интернат үйлерінің қалған бөлмелері үшін.

7.2.16 Жылыту жүйесін қасбетпен реттеу және ажырату жобалау тапсырмасымен қарастырылуы тиіс.

7.2.17 Жылыту жүйелерінің қыздыру құралдарын, әдетте, қуыссыз терезе астына орналастырады.

Негіздеу кезінде ішкі қоршауларда жетіспейтін қыздыру бетін жайғастыруға болады.

7.2.18 Жылыту жүйелерінде, әдетте, беті тегіс, тазалауға жеңіс беті тегіс қыздыру құралдары қол­да­ны­лады. Балалардың күйіп және жарақат алып қалмауы үшін жылыту құралдары алмалы ағаш тормалармен қоршалған болуы тиіс. Қоршауды ағаш жаққалы тақталардан салуға болмайды.

7.2.19 Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған бала­лар­ға арналған мектепке дейінгі мекемелерде қыс мез­гілінде бірінші қабаттағы ойнайтын, асхана, топтық, қабылдау, шешінетін және ұйықтайтын бөл­ме­лер еденінің бетін 22 °С температураға дейін жылыту қарастырылу керек.

7.2.20 Жылыту жүйесі құбырларын төсеген кезде ғимараттың ара-жабындары, арақабырғалары және қабырғалары арқылы ауаны желдету мен баптауда гильзалармен нығыздау қарастырылады.

 

Ауаны желдету және баптау

7.2.21 Мекеме  ғимараттарында кірме ағындық және сыртқа тарта желдеткіш механикалық және та­би­ғи қозғалыспен қарастырылады. Табиғи сыртқа тар­та желдетуге бөлек тұрған ғимарат үшін 3 қа­бат­тан аспайтын биіктікте рұқсат етіледі. Мұндайда кір­ме ағындық желдету механикалық қозғалысымен және дәліз ауа берумен бірге қарастырылады.

7.2.22 Табиғи сыртқа тарта желдетуге кірген ауаны орталықтандырмай беру (биіктігі 3 қабаттан аспайтын бөлек тұрған ғимараттар үшін) дезин­фекциялық құралдар, ағымдағы қышқыл мен сілті қоры сақталатын жайларда, ұйықтайтын бөлмелерде және көрермендер залында рұқсат етіледі.

7.2.23 IV климаттық аудан үшін жылдың жылы мезгілінде бөлмедегі ауа қозғалысының жыл­дам­ды­ғын арттыратын төбелік желдеткіштерді орнату ауаны баптамай-ақ «Ч» санатына жататын жайлар үшін қарастыруға болады.

7.2.24 Механикалық қозғаушысы  бар сыртқа тарта желдету жүйелі ағынсыз мына жайлардан қа­рас­тырылады: автоклав, жуу, себезгі, әжетхана және санитарлық бөлмелер.

7.2.25 Санитарлық-гигиеналық талаптары және жұмыс ұзақтығы бірдей жайлардың бөлімдері мен топтары, әдеттегідей, бір орталықтандырылған кірме сору және сыртқа тарта желдету жүйесімен жаб­дық­талады.

7.2.26 Аралас құрылымды және бөлменің әр то­бы­на қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптары бар, сондай-ақ жұмыс ұзақтығы әртүрлі ғимараттар үшін орталықтандырылмаған  желдету жүйесі ор­натылады (резервтік желдеткіштер саны ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес қарастырылады).

7.2.27 Кітапхана бөлмелерінде, әкімшілік каби­нет­тер­інде, фрамугалары немесе форточкалары бар сыртқы терезелі гардероб пен киім-кешек, аяқ киім қоймаларында сыртқа тартатын каналдар қарас­ты­рылмайды.

7.2.28 Автоматты орта сөндіру жүйесімен жабдықталған, қызмет көрсететін жайлардың кіретін, тартатын ауа арналарда автоматты өрт сөндіру жүйелері блокталған, электр жетектері бар автоматты жапқыштар (клапандар) қарастырылады. Жапқыштар ауа арналары қызмет көрсететін бөлмелерге тікелей жақын орнатылады.

7.2.29 В санатты процесті, сору шкафтарымен жабдықталған бөлменің сыртқа тарта  желдету  жүйе­­сі жобаланады:

- жеке ауа арнасы мен желдеткіші бар сору шкаф­тарынан орталықтандырылмаған әр бөлме үшін;

- орталықтандырылған, онда әр бөлек бөлменің сырт­­қа тартатын ауа арналары ғимараттың сыр­тын­да орналастырылған құрамы тік коллекторға бірігеді, немесе сыртқа тарту жүйелері жабдықтарына арнал­ған бөл­мелердегі техникалық қабатта орналасқан көлденең.

Орталықтандырылған сыртқа тарта  желдету  жүйе­сінде бөлмелерге баратын ауа арналары тамақ­та­рындағы отты ұстап қалатын қондырғы қарас­тырылады.

7.2.30  Сыртқа  тарта  желдетудің   орталық­тан­ды­рылмаған жүйесінде процесі В санатты бөлме­лерге қызмет көрсететін жабдықтар жүйелерін қосымша жайларды желдету жүйесіне арналған жабдықпен бірге қарастыруға болады.

7.2.31 В санатты процесті жайлар үшін ортақ кірме ағындық коллекторлар жобалауға болады.

7.2.32 Бапталатын бөлмелердегі ауаның есептік температурасы жылдың суық мезгілінде де, жылы мезгілі үшін де жобалау тапсырмасына сәйкес алы­на­ды, ал ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/с аспауы тиіс.

7.2.33 Мекеменің қалған бөлмелері үшін ауаның салыстырмалы ылғалдығы ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес жылытуды, желдетуді және ауаны баптауды жобалау бойынша алынады.

7.2.34 Кірме ағындық желдету мен ауа баптау жүйе­лерімен берілетін сыртқы ауа сүзгілерде тазаланады.

7.2.35 Сүзгілердің құрылымы және оларды орнату орындары ыңғайлы тазалауға немесе сүзгіш эле­мент­терді олардың ластану мөлшеріне қарай ауыс­ты­руға мүмкіндік берілуі тиіс.

7.2.36 Еселік ауа алмасатын жайларда кіретін ауа бойынша 1,5 және одан көп сағатта ауаны тікелей бөл­меге беру қажет. Қалған жағдайларда ауаны дәлізден берік емес есік тұтқалары арқылы беруге болады.

Желдің  есептік жылдамдығы 5 м/с және одан көп болатын аудандарда ұйықтайтын бөлмелерде ауа тежеу қарастырылады.

7.2.37 Ауа, әдеттегідей, бөлменің жоғарғы аймағына беріледі.

7.2.38 Санитарлық-гигиеналық талаптары әр түрлі және  тәулік бойындағы жұмыс уақыты бірдей бөлмелердегі ауаны баптау кезінде, әдетте, орталық көп аймақты жүйе қарастырылады.

Кондиционерлердің өзге типтерін, олар қажетті ауа баптау параметрлерін қамтамасыз еткен жағ­дайда, қолдануға болады.

7.2.39 Кірме ағындық желдету жүйесінің ауа арналары болаттан жасалуы тиіс. Ауа арналар құрылыс құрылымдарында қолданылмайды.

7.2.40 Кірме ағындық және сыртқа тарта желдету жабдығы, ауаны беретін және шығаратын құрыл­ғы­лар, ауа тартқыш шахталар мен каналдар тексеруге, тазалауға және дезинфекцияға ыңғайлы болуы тиіс.

7.2.41 Жылумен жабдықтау жүйелері авто­маттандырылған жылу пункттерімен жабдықталады.

7.2.42 Сыртқы ауаның есептік температурасы минус 40 °С және одан төмен (Б параметрлері) бо­ла­тын аудандардағы жылытылатын ғимараттар үшін тұр­ғын жайлардың суық еденасты үстінде ор­на­лас­қан, сондай-ақ адамдар үнемі келетін қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар бөлмелері еден­де­рі­нің бетін жылыту қарастырылады.

7.2.43 Сыртқы ауаның есептік температурасы минус 40°С және одан төмен (Б параметрлері) бо­ла­тын аудандардағы жылытылатын ғимараттар үшін оның қатуын болдырмайтын қоспасы бар суды қол­дануға болады (ашық жылыту жүйелерінен басқа).

7.2.44 Арнаулы мектеп-интернаттар бөл­ме­ле­рі­ндегі ауаның салыстыр-малы ылғалдылығы 40-60% болуы тиіс; ауа температурасы көрсеткіштері кли­мат­тық жағдайларға, бөлменің мақсаты мен балалардың жасына қарай, көру қабілеті және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған кіші мектеп жасындағы бала­ларға арналған жалпы білім беретін мектептер үшін 1-2°-қа ұлғайтылып қабылданған шекте болуы тиіс.

7.2.45 Оқу бөлмелерінің ауа және жылу режимі негізінен жалпы білім беретін мектептерде салу және ұстау жөніндегі қолданыстағы санитарлық ережелер талаптарына сәкес болуы тиіс.

 

7.3 Электрмен жабдықтау жүйелері мен

құрылғылары

Интернат үйлерінің электрмен жабдықтау жүйелерін және ішкі электр жабдықтарын жобалау кезінде Қазақстан Республикасы аумағында қол­да­ныс­тағы нормативтік құжаттар және осы тарау нұсқауларына сәйкес талаптар орындалады.

 

Электрмен жабдықтау

7.3.1 Электрмен жабдықтау сенімділігінің қамта­масыз етілу дәрежесіне қарай бірінші санатқа үйлер мен интернаттардың мынадай электрқабыл­да­ғыш­тары жатады:

- өртке қарсы құрылғылар, күзет дабылы, лифті­лер мен эвакуациялық жарықтандыру.

 Интернат үйлерінің қалған электрқабыл­да­ғыш­тары екінші санатқа және ЭҚЕ бойынша ішінара үшінші санатқа жатады.

7.3.2 Барлық электр желілері, сонымен бірге сыртқы жарықтандыру желісі интернат үйлері ау­ма­ғында, әдетте, кабельмен орындалады.

7.3.3 Іштетілген және жапсарлас транс­фор­ма­тор­лық қосалқы станциясы (ТП) интернат үйлерінде орна­ластыруға болмайды.

7.3.4 Интернат үйлерінің жекелеген ғимараттары мен ТП арасындағы қашықтық 15 м-нен кем болмауы тиіс.

7.3.5 Интернат үйлеріндегі электрсәулемен емдеуге арналған бөлмелерде немесе бір меди­ци­налық персонал постымен қызмет көрсетілетін  сондай бөлме тобында кірмесінде басқару аппараты бар таратқыш қалқаншаны және әр фазадағы кернеуді бақылауды орнатады.

Әр процедуралық кабинада еден деңгейінен 1,6 м биіктікте кабиналық қалқанша орнатылады.

Таратқыш қалқаншаларға қосылатын топтық желілер дербес орындалады.

7.3.6 Штепельді розеткалардың барлық жайларда орналасуы ҚР ҚН 4.04-23-2004 талаптарына және технологиялық тапсырмаға сәйкес анықталады.

7.3.7 Интернат үйлері бөлмелерін жалпы жарық­тан­дыру, әдетте, люменесцентті шамдармен орын­далады.

Қыздыру шамдары қосымша жайларды (қойма­ларды, лифтілердің машина бөлімдерін, электр­қал­қандарын, желкамераларды, техеденастын және т.т.) жарықтандыру үшін қарастырылады, сондай-ақ      ҚР ҚН 4.04-23-2004 деректерінде қарастырылған жағдайда.

7.3.8 Жалпы жарықтандыру жүйесіндегі жұмыс бетінің ең аз жарықтандырылуы, жарықтандырудың са­палық көрсеткіштері және ұсынылған жарық көз­дері жекелеген жайлар үшін ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* және ҚР ҚН 4.04-23-2004 бойынша қабылданады.

7.3.9 Люменесценттік шамдары бар шамдалдар оқу жайларында шу деңгейі өте төмен реттеуіш аппараттармен жинақталады.

7.3.10 Дәрігер кабинетіндегі кушетка жанында еденнен 1,7 м биіктікте ауруды қарау үшін қабыр­ға­лық шамдал орнатылады.

7.3.11 Оқымайтын балаларға арналған ұйық­тай­тын бөлмелердегі ажыратқыштар, жалпы жарық­тан­дыруды дәліздердегі есіктері жабылатын арнайы қуыстарға орнатады.

7.3.12 Эвакуциялық  жарықтандыру дәліздерде, негізгі өткелдерде және адамдарды эвакуациялауға арналған баспалдақтарда; электр және сәулемен ем­деу жайларында, бассейндерде, себезгілерде және бал­шықпен емдейтін ванна залдарында, ванна бөлмелерінде және сауықтыру емдеу бөлімдерінің шешінетін бөлмелерінде, сондай-ақ көрермендер залдары мен аудиторияларда қарастырылады.

7.3.13 Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер ғимараттарындағы ұйық­тай­тын бөлмелерде және оқшауланған палаталарда эвакуациялық жарықтандыру желісіне қосылған кезекші (түнгі) жарықтандыру құрылғысы қарас­ты­ры­луы тиіс.

7.3.14 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер ғимараттарында қарас­тыру қажет:

- балалар болатын жайлардағы шоқтану шамы бар шамдалдармен жалпы жарықтандыру;

- сабаққа арналған сыныпта жалпы жарық­тан­ды­ру­­дан басқа қабырғадағы сынып тақтасы үшін қосымша-жоғарғы  күңірт шам және сурдопедагогтің жеке сабағы үшін үстелдерде жергілікті жарық­тандыру;

- музыка және гимнастика сабақтарына арналған залда мынадай түрде жасалған магнитоиндукциялы ілмекті: оқшауланған мыс сым (ППВ) еденнен  1м биіктікте (терезе терезеастынан айналып өтеді, ал есіктер жоғарыдан) бөлме периметрімен жасырын, алты орам жасалатындай етіп салынады; әр орам­ның басы, ұшы және бұрышы жиілігі төмен күр­мейткіш жанына орнатылған клемникке шығарылады.

7.3.15 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді қарастыру керек:

сабаққа, топқа арналған топты және көз дәрігері кабинетінде еден деңгейінен 0,5 м деңгейде көл­де­нең жазықтықтағы жалпы жарықтандыру жүйесінде 500 лк кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін ЛБ типті ақ түсті люминесценттік шамдары бар шамдалдармен жарықтандыру, сабаққа арналған сыныпта - тік жазықтықтағы жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін қабырғадағы сынып тақ­та­сы­ның күңгірт шамы -500 лк.

7.3.16 Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді қарастыру керек:

а) топтық ұялар мен оқшаулағыш жайларда, музыка сабағы және корригациялық гимнастика зал­да­рында - шоқтану шамдары бар шамдалдар;

б) жалпы жарықтандырудан басқа топтықта – демонстрациялық және қабырғадағы сынып тақ­та­ла­ры­ның жоғарғы жарық бергіші.

7.3.17 Дене және ақыл-ой дамуы бұзылған ба­ла­лар­ға арналған мектепке дейінгі мекемелерде негізгі өтетін жерлерде (дәліздер және баспалдақ торында) және баспалдақтың басқыштарында 5 лк апатты жарықтандыруды қарастыру қажет.

7.3.18 Дене және ақыл-ой дамуы бұзылған ба­ла­лар­ға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі  топ­тық, ойын-асхана, ұйықтайтын, оқшаулағыш па­ла­та ғимараттарында  музыка және гимнастика сабақ­та­рына арналған залдарда қарастыру керек:

- эритемді увиольді (ЭУВ) немесе люми­нес­центтік эритемді (ЛЭ), жай ауданның 3 ВТ/м2 есебінен, ультракүлгін сәуле шығару көздері және оларды еденнен 2,7-2,9 м биіктікте орнату;

- 1 Вт/м2 бөлме есебінен ДБ 15 типті бакте­ри­цид­ті сәулелену көздері және оларды еденнен 2,7-2,8 м биіктікте орнату.

7.3.19 Дене және ақыл-ой  дамуы бұзылған бала­лар­ға арналған мектепке дейінгі мекемелердің  ло­го­пе­диялық бөлмелеріндегі айна жанында еңіс бұры­шы мен биіктікті өзгертуге мүмкіндік беретін крон­штейнге 1,2 м биіктікте орнатылған жергілікті жарық­тан­дыратын  қабырға шамдалдарын қарастыру керек.

7.3.20 Электр желілерін қорғау, әдетте, автомат­ты  ажыратқыштармен атқарылады.

7.3.21 Электр желілерінің тартылымдары, әдетте, жасырын ауыстырылатындай етіп жасалады.

Ашық тартылымдар жертөлелерде, еденас­ты­ларында, техникалық қабаттарда, инженерлік қызмет жайларында, коммуникациялық шахталарда, дымқыл және өте дымқыл жайларда жасалады.

7.3.22 Жерге қосу және электр қауіпсіздігі қорғаныш шаралары  ҚР ЭҚЕ, ҚР ҚН 4.04-23-2004 және ҚР ҚНжЕ 4-04-10-2002  бойынша атқарылады.

7.3.23 Жайдан қорғау ҚР ҚН 2.04-29-2005 талап­та­ры­на сәйкес орындалады.

7.3.24 Диспетчерлік  пункт орналасатын  жай, онда кезекші қызметкердің тәулік бойы болуына арналған жайлары қойылатын  талаптарға жауап беруі тиіс.

 

7.4 Байланыс және дабылдама құрылғылары

Телефон, бейнетелефон байланысы

7.4.1 Интернат-үйлер қалалық және жергілікті телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Дербес АТС-ы бар жергілікті байланыс кем дегенде 80 абоненттік нүкте болғанды қарастырылады.

7.4.2 Келушілер болатын жерлерде, вестибюль­дер­де, сондай-ақ ұйықтайтын корпустарда таксо­фон­дар қарастырылады. Бөлмелерде  тасымалданатын телефон  аппараттары үшін штепсельді ажырамалар қарастырылады.

7.4.3 Бейнетелефон байланысы көлемі мен қажеттілігі  жобалау тапсырмасымен анықталады.

7.4.4 Интернат-үйлерде тура жедел телефон бай­ла­нысымен қамтамасыз етіледі: мекеме басшылары кабинеттері, әдетте, олардың орынбасарларының, оларға байланысты басшылар кабинеттерімен, ауруханалармен, өрттен қорғаумен, апаттық газ, полициямен бірге.

7.4.5 Тура жедел дауыс үдеткіш  байланыс кезек­ші дәрігерлер,  кезекші қызметкерлер кабинет­те­рі­нен, қабылдауды күтушілер бөлмесіндегі  процеду­ра­лық кабинеттерден қарастырылады.

7.4.6 Ұйықтайтын бөлмелердегі әр бала төсегінің жанынан кезекші медициналық қызметкерді шақы­ру­ды қамтамасыз ететін екі жақты дабылды-сөйлеу құрылғысы қарастырылады.

7.4.7 Ұйықтайтын бөлмені бейнебақылау жүйе­сі­мен  жабдықтау қажеттілігі жобалау тапсыр­ма­сы­мен анықталады.

7.4.8 Интернат-үйлерде қалалық радиомен хабар тарататын үлестіргіш желілер қарастырылады.

7.4.9 Сыммен хабар тарату желілерінің  розет­калары  әр кереуеттің жанында оларды мүм­кін­дігі шектеулі балалар пайдалана алатындай етіп қарастырылады.

7.4.10  150 және одан көп орынға арналған көрер­мен  залы бар интернат-үйлерде дыбыс күшейткіш қарас­тырылады.

7.4.11 Есту кемістігі бар мүгедек балаларға арналған көрермен орындарын көрермен залының аку­ст­икалық жүйесімен байланыстыру керек. Кресло­лар­да жеке есту аппараттарын қосатын пункттер жабдықталуы тиіс. Дыбыс үнін күшейту наушниктер көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс.

7.4.12  300 және одан көп орынды тұруға ар­налған интернат-үйлерде ішкі радиомен хабар тарату жүйесі қарастырылады.

7.4.13 300 және одан көп орынды интернат-үйле­р­де дәретхана, себезгі, кір жуғыш, көкөніс қоймасы, салқындатқыш камералар, желкамералар, бас­сейн­дер, ас үйлер, жуғыштардан басқа жайлардың бә­рін­де жылу автоматты өрт сигнализациясы қарас­тырылады.

Сигнал телефон жұбы бойынша орталық бақылау пунктіне немесе жергілікті жағдайға қарай жеке сигналдық құрылғыларға (қоңырау, шам) шыға­рылады.

7.4.14 Персонал мен балаларға жарық және дыбыс сигналы арқылы өрт жөнінде хабар беру қарастырылады.

7.4.15 Интернат-үйлер уақыт құралдарымен, ішкі сағат жүйесімен жабдықталады.

7.4.16 Орталықтандырылған уақыт есептеу жүйесі қарастырылады. Екінші қайтара сағат кезекші персонал постыларында, вестибюльдерде, дәліз­дер­де, және уақыттың көрсетілуі функциональдық қа­жет­тілік болып табылатын бөлмелерде орнатылады.

7.4.17 Интернат-үйлерде эфирлік теледидар бағдарламаларын қабылдауға арналған теледидар қабылдағыштарын қосу үшін антенналы-фидерлі құрылғы қарастырылады. Көрсетілген құрылғылар қарастырылады: ұйықтайтын бөлмелерде, мекеме басшылары кабинеттерінде және оқу аудито­рия­ларында.

7.4.18 Кабельдік теледидар жүйесі, спутниктік теледидар жобалау тапсырмасымен анықталады.

7.4.19 Есту қабілеті бұзылған балалармен арнайы сабақ жүргізетін сыныптардағы үстелдерде педа­гогтің үстелімен басқару пультімен басқарылатын сурдотехникалық аппаратура қарастырылады.

 

Инженерлік-техникалық жүйелерді

автоматтандыру және диспетчерлендіру.

7.4.20 Интернат-үйлердің инженерлік-техникалық жүйелерін автоматтандыру мен диспетчерлендіруді жобалаған кезде электр қондырғыларды орнату ережелерін, автоматтандыру жүйелерін, техникалық процестерді жобалау жөніндегі нормативтік құжат­тар­ды, ғимарат пен имаратты жобалаудың өртке қарсы нор­маларын, Қазақстан Республикасы аумағында қол­даныстағы инженерлік-техникалық жүйелерді нор­малау жөніндегі нормативтік құжаттарды, және осы нормаларды басшылыққа алу керек.

7.4.21 Интернат-үйлерде автоматтандыру мен  дис­петчерлендіруге мынадай инженерлік жүйелер жатады:

- жылумен жабдықтау, жылыту, желдету, ауа баптау;

- электрмен жабдықтау, электрмен жарық­тан­ды­ру;

- сумен жабдықтау және канализация;

- лифтілер.

 

7.4.22 Өрт туындағаны туралы автоматты хабарлау жүйесімен жабдықталған интернат-үйлерде өрт болғанда көрме ағындық және ішке тарта желдетуді автоматты ажырату жүйесін және түтін шығаруды қосу жүйесін қарастыру керек.

7.4.23 Интернат-үйлерде инженерлік-техникалық жүйесінің қалыпты жұмыс режимінен ауытқуын біл­ді­ре­тін апаттық сигнализация қарастырылады, егер мұндай ауытқулар адамдардың өміріне, жаб­дық­тар­дың, ғимарат пен имараттың немесе өзге ма­те­риалдық құндылықтардың бүлуіне қауіп тудырса.

Апаттық белгі (сигнал) диспетчерлік пунктке қойылады, диспетчерлік пункт болмаса – кезекші техникалық персонал бөлмесіне.

7.4.24 Инженерлік жабдықтарды  диспет­чер­лен­діру көлемінің қажеттілігі жобалау тапсырмасымен анықталады.

Диспетчерлік пункт, әдетте, жүктеме орталығында орналасады.

Диспетчерлік  пункт орналасатын жай онда кезекші персоналдың тәулік бойы болуына арналған жайларға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

 

8 ҒИМАРАТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

(43-49 қосымшаларды қара)

 

8.1 Ғимаратқа кіреберістер

8.1.1 Әр ғимаратта кез келген дене кемістігі бар балалардың тауып алуына оңай, қолжетімді және ыңғайлы кіреберістер болуы тиіс.

Баспалдақтан басқа, кіреберіс кресло-арбадағы мү­ге­дектің бірінші қабат, вестибюль деңгейіне және т.т. келуін қамтамасыз ететін пандустармен жаб­дық­та­луы тиіс.

8.1.2 Мүгедектердің ғимаратқа келуіне арналған кіреберістер атмосфералық жауын-шашыннан қал­қа­лар­мен, күнқағарлармен қорғалуы керек және кіре­бе­ріс алдында кресло-арбамен маневр жасауға же­ткілікті, өлшемі 1000х2500 мм кем емес, бренаты бар, ал жергілікті климаттық жағдайға қарай қыздырғышы бар алаңша қарастыруы керек.

8.1.3 Кресло-арбамен қозғалатын адамдар кіре­бе­ріс есіктерге жақындай алуы үшін есіктің алдында маневр жасауға 1500 мм кем емес, кеңістік қажет, есіктің арт жағында - 1200 мм кем емес.

8.1.4 Егер кіреберіс есіктер бірінен соң бірі ор­на­тылса, онда бір жаққа қарай ашылатын есіктердегі кіреберіс есіктердің ең аз ені 1500 м кем емес, тереңдігі де сол сияқты 1500 мм кем емес болуы тиіс. Есіктің алдындағы және артындағы бас алаңшалар 1500 мм кем болмауы тиіс. Бұдан басқа, кіреберіс тамбурлар габаритінің нұсқалары болуы мүмкін     (43-қо­сымшаны қара).

8.1.5 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мекемелерде ұйықтайтын бөлмеге, кәсіптік-оқу даярлығы жайларына, баспалдақ тақталарына, кабинеттерге, залдарға және т.т. кіреберістер алдын­да­ғы еденнің беті өзгертілген бөлігі құрылысымен байланысты кеңістік бағдардың өте зор маңызы бар. Сондай беті өзгертілген еден баспалдақ құры­лы­сын­да - сатыларды, алаңшаларды жиектеу қарас­ты­рылуы тиіс.

Мұндайда есік ойықтарының қатынасына қарай бағдарлауыштарды орналастырудың біріңғай әдіс­те­ме­сі сақталғаны маңызды. Есіктің ашылатын жа­ғын­дағы бедерлі бөлік барлық жағдайда есік жап­па­сының әр жағынан 10 см кең болуы және ашық жаппадан 10 см қашық тұруы тиіс (8.1-суретті қара). Есіктің қарама-қарсы ашылатын жағындағы бедерлі бөлік ашылатын жақтағы бедерлі бөлікпен сәйкес келуі тиіс, ал тереңдігіне қарай есік ойығы енінің жзартысына тең болуы тиіс. Бала бағдар­лауыш­тарды есікке қарай орналастыруға тез дағдыланады және оны оңай пайдаланады.

8.1.6 Ғимараттарға кіреберістерде тереңдігі 1,5 м кем емес тамбурлар жобалау керек (арбалы мүге­дект­ермен бірге жобалағанда).

 

 

 

Сурет 8.1 - Беті өзгерген едені бар бағдар­лауыш­тарды орналастыру сұлбасы (соқырлар мен нашар көретіндер үшін)

 

8.2 Баспалдақтар мен пандустар

8.2.1 Пандус пен лифт арбалы мүгедектерді тік байланыспен (қабаттар арасындағы) қамтамасыз етудің  бірден бір құралы болып табылады. Пан­дус­тың лифтіден артықшылығы бар, себебі балалар меке­мелеріндегі лифтілерде болуға тиіс кезекші қыз­меткерсіз де арбалы мүгедектер пайдалана алады.

8.2.2 Баспалдақтарда тиісті жарықтандыру дең­гейі болуы, қанаттармен   және мынадай өлшем­дер­мен жабдықталуы тиіс:

- баспалдақ ені - 1200 мм кем емес;

- басқыш ені - сыртқы баспалдақ үшін 400 мм кем емес және ішкі үшін 300 мм кем емес;

- сыртқы баспалдақ үшін сатылар биіктігі 120 мм артық емес, ішкі үшін 150 мм артық емес.

 Аралықтағы көтерімдердің ең жоғарғы саны 12-13 сатымен шектелуі тиіс.

8.2.3 Мүгедек балалар жүретін жолдардағы баспалдақ сатылары бітеу, тегіс, шығыңқы жері жоқ және беті кедір-бұдыр болуы тиіс. Сатылардың қырының радиусы 50 мм аспайтын дөңгелек болуы тиіс. Белдеудің бүйір жиегі  бойымен биіктігі 20 мм кем емес ернеушелері болуы тиіс.

Сатылардың беті мықты бекітілуге тиіс тай­ға­на­май­тын материалмен  жабылуы тиіс (44-қосымшаны қара).

Баспалдақты кез келген  аралығындағы  барлық сатылар тұрақты көтеру биіктігі  және тұрақты ені бо­луы тиіс. Саты жақтауларының ашық болуына рұқсат етілмейді.

8.2.4 Көзінен мүгедектер үшін баспалдақ бел­деу­ле­рінің басы мен соңы сатылардың басы мен со­ңы­нан 600 м қашықтықта еденнің түсті бедерлі бетінен бөлініп көрсетілуі тиіс. Белдеулер арасындағы алаңша ұзындығы 1200 мм кем болмауы тиіс. Бұдан басқа, әр сатының алдыңғы жиегі контраст түсті болуы тиіс. Едендегі және қабырғадағы фактуралы және түсті жолақтар баспалдақ белдеулерінің және пандустардың бүйір жағының бойымен, сондай-ақ көру кемістігі бар балалар мекемелерінде де болғаны жөн.

Баспалдақ белдеуі бүйір шеті мен қабырғаға тимейтін сатылардың биіктігі 0,02 м кем емес ернеушелері болуы тиіс.

Көру аномалиясы бар балалар мекемелеріндегі  сатылардың бүйірінен жарық беру ұсынылуы мүмкін (44-қосымшаны қара).

8.2.5 Негізгі қолжетімділік талаптарынан арбалы мүгедектер үшін еден деңгейінің бір сатыдан көбірек өзгерген жерлерінде пандус қарастыру керек                  (45-қосымшаны қара).

Жалпы мақсаттағы жайлар үшін пандус еңісін  1:20 (8%) етіп алған жөн. Пандус еңісінің оның ұзын­ды­ғына және бұзылу түріне қарай өзгерісі 8.1-кестеде берілді.

 

8.1-кесте

 

Бұзылу  түрі

Пандус еңісі, оның ұзындығы, м болғанда

0-3

3-6

6 астам

Жүретін мүгедектер

1: 9

1:12

1: 12

Кресло-арбаны өз бетімен пайдаланушылар

1: 10

1:16

1:20

Алып жүрушісі бар кресло-арбадағы мүгедектер

1: 9

1:12

1:20

 

Пандустың ені 900 мм кем емес етіп алынады. Көл­­денең еңіс 2%, бүйір ернеушелердің  биіктігі – 50 мм.

8.2.6 Пандус аймағына кіреберіс есік алдындағы көлденең алаңша кресло-арбаның кері бұрыла алуы үшін 1500 мм кем болмауы тиіс.

Пандус ұзындығы 6 м көп болса, ұзындығы 1700 мм кем емес аралық алаңшалар қарастыру керек. Сондай-ақ әр пандустың  басы мен соңында ұзындығы 1700 мм және екі пандустың өзіне тең көлденең алаңшаларды қарастыру керек.

8.2.7 Мүгедек балалардың пайдалануына арнал­ған сыртқы және ішкі баспалдақтар мен пандус­тар­дың  екі жағынан, мектепке дейінгілер үшін биіктігі еден деңгейінен 500 мм тірек тұтқа-қанаты, оқу­шы­лар үшін 700 және 900 мм болуы тиіс. Тұтқалардың ұзындығы пандустың немесе баспалдақ белдеуінің ұзындығынан әр жағынан кем дегенде 300 мм артық болуы тиіс (45-қосымшаны қара).

8.2.8 Тұтқалар диаметрі  30 мм кем емес және 60 мм артық емес дөңгелек қималы болуы тиіс. Қанаттар мен қабырға арасындағы жарыққа қарай кеңістік  40-45 мм кем болмауы тиіс (46-қосымшаны қара). Қармауыштың беті белдеулердің соңындағы қанат тіреулерімен немесе өзге құрылымдық ғимараттармен үзілмеуі тиіс.

Мүгедек балалар мекемесіндегі баспалдақтардың тұтқалары белдеулердің бүкіл ұзындығы бойынша аралық алаңшаның ені жағынан және периметрімен қарастырылады.

Пандус қоршауының тік элементтерінің  0,1 м ас­пай­тын ойығы болуы тиіс. Қоршауды көлденеңіне бөлуге болмайды. Тұтқа тек пандус бетіне параллель орналасуы және майда жұмыр болып бітуі тиіс.

 

8.3 Лифтілер

8.3.1 Көп қабатты үйлерде лифтілер мүгедектерді жоғарғы қабаттарда орналасқан бөлмелерге жеткі­зу­дің негізгі құралы болып табылады.

- Лифт немесе лифтілер ғимаратқа бас кіре­бе­ріспен қатар орналасуы және анық таңбалануы тиіс.  Ғимаратта бар лифтілердің кем дегенде біреуі арбадағы мүгедектердің қолы жететіндей ыңғайлы болуы тиіс.

- Бірінші қабаттағы лифтіден шығаберісті өзге жайлардан өртке қарсы арақабырғалармен және есіктермен бөлінген жолда немесе вестибюльде қарастыру керек. Мүгедектер жүретін жолдағы лифтілік холлдар мен алаңшаларды аралық бас­палдақ деңгейінде орналастыруға тыйым салынады.

8.3.2 Барлық ғимараттарда бірінші қабаттан жоғары ор­­наласқан және мүгедек балалардың пайдалануына ар­нал­ған жайларда өлшемінің ені - 1100 мм; тереңдігі - 1350 мм; есік ойығының ені - 800 мм лифтілер, кабиналар қарас­ты­руы керек (47-қосымшаны қара).

Лифті алдындағы алаңшаның ең кіші өлшемі кресло-арбаның  кері айнала бұрылуына жеткілікті, 1400х1600 мм тең.

8.3.3 Лифті кабинасы едені мен лифтілік холл алаңшасының арасындағы өту деңгейінің шамасы    25 мм аспауы тиіс.

Лифтілік вестибюльдер мен холлдардағы мүгедектердің пайдалануына бейімделген шақыру батыр­малары еден деңгейінен 1000-1200 мм биік­тікте орналасуы тиіс. Шақыру батырмаларының визуальды жарық белгілері болуы тиіс, мұнда жо­ғарыға бағыттауға арналған батырмалар жоғарыда болуы тиіс. Шақыру батырмасының өлшемі ең кем дегенде 19 мм болуы тиіс.

Мүгедектер пайдаланатын әр лифтінің жанында  көрінетін және естілетін дабылдар  қарастырылады. Жарық белгісін еден деңгейінен  1830 мм биіктікте қою керек. Жарық беретін белгілер  ең кіші өлшем 64 мм кем емес болуы тиіс.

8.3.4 Қабат нөмірлерінің жарық нұсқағыштарын еден деңгейінен 1525 мм биіктікте орналастыру керек, белгілердің өлшемі 50 мм кем болмауы тиіс.

Көтергіштер мен лифтілердің есіктері автоматты түрде ашылуы және жабылуы тиіс.

8.3.5 Ғимараттарда тігінен немесе баспалдақ бойымен жылжитын платформа  түріндегі көтер­гіш­тер­ді (арбадағы мүгедектер үшін) орнатқан кезде, оның жоспардағы өлшемі 0,9 х 1,2 м кем болмауы тиіс (ені х тереңдігі). Көтергішті орнату алаңы жобалау тапсырмасында анықталады.

 

8.4 Дәліздер

8.4.1 Барлық ғимараттарда кіру аймағынан барлық жайларға баруды дұрыс жобаланған ішкі коммуникация – дәліздер арқылы қамтамасыз ету керек.

Ішкі коммуникациялар  қарапайым етіп жос­па­р­ла­нуы, стандартты өлшемге сәйкес болуы, жеткілікті жарықтандырылуы тиіс.

Ішкі өткелдердің ені жарыққа қарай кем дегенде 1500 мм кем болмауы тиіс, мұнда ашылатын есіктер, ақпарат беруші белгілер, шкафтар, орындықтар және басқалары ең кіші бос кеңістікке еніп кетуі тиіс емес.

8.4.2 Балалардың үлкен легі болады дейтін орындарда ені 1950 мм кем емес өткелдер қарас­тыру қажет.

8.4.3 Келе жатқан адамның кресло-арбадағы адаммен жолығуына және айырылуын мүмкіндік бе­ретін ең кіші ені 1500 мм құрайды, екі арбаның кіруі үшін 1800 мм (48-қосымшаны қара).

8.4.4 Егер дәліздің ұзындығы үлкен болуға тиіс болса, онда демалатын кеңістік қарастырылуы тиіс, оны бірыңғай интервалмен орналастырған жөн; осындай дәліздің бойымен, сондай-ақ демалатын орындық қарастырылуы тиіс.

Қабырғадан шығып тұратын бұрышы өткір заттар 100 мм артық шықпауы тиіс. Сондай-ақ олар дәліздің  ең кіші қажетті енін азайтпауы тиіс.

8.4.5 Төбеге ілінген визуальды ақпарат белгілері кем дегенде 2100 мм биіктікте болуы тиіс. Есік ойықтары жанындағы визуальды ақпарат белгілерін есіктің тұтқасы жағындағы қабырғада еден дең­гейінен 1400-1600 мм биіктікте орналастыру керек.

8.4.6 ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелеріндегі ашық учаскелерді мектепке дейінгі мекемелерде 0,5 м биіктікте және мектеп-интернаттар мен интернат-үйлерде 0,7 және 0,9 м биіктікте тұтқалармен жабдықтау керек.

8.4.7 Көру кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелердегі дәліз қабыр­ға­ла­ры­ның бос учаскелерінде бағдарлаушы түсті және фактуралы жолақтар қарастыру керек.

 

8.5 Есіктер мен терезелер

8.5.1 Мүгедек балаларға арналған кіреберіс есіктердің ені жарыққа қарай 900 мм кем емес болуы тиіс. Тербелмелі топсалардағы  есіктерді және ай­нал­малы есіктерді мүгедектер қозғалатын жолда қолдануға тыйым салынады.

Мүгедек балаларға арналған оқу-тәрбие меке­ме­ле­ріндегі ішкі және сыртқы есіктерге әй­нек­телген ойық орнатпаған жөн.

Есік жаппасының төменгі бөлігі  300 мм биіктікте соққыға қарсы жолақпен қорғалуы тиіс.

Ақыл-есі кем балаларға  және ТҚА кемістігі бар ба­ла­ларға арналған мекемелерде соққыға қарсы қор­ғаныш жолағының биіктігі 600 мм-ге дейін  үлкейткен жөн (49-қосымшаны қара).

8.5.2 Мүгедектерге арналған ғимараттардың кіреберісінде табалдырық болмауы тиіс, ал қажет болғанда олардың құрылғысының биіктігі 25 мм аспауы тиіс. Табалдырық түсі жағынан еден мен өте контрасты болуы тиіс.

8.5.3 Есік жаппаларындағы есік тұтқалары  еден деңгейінен 800-900 мм биіктікте орналасуы тиіс. Есік тұтқалары, қапсырма шегелер және өзге құрал-жабдықтардың бір қолмен оңай ашуға ыңғайлы пішіні болуы тиіс. П-типті тұтқаларды қолдану ұсынылады.

Көруі нашарлаған адамдарға арналған есіктерді  сәйкестендіруді  қамтамасыз ету үшін  есік және есік жақтауы  қабырғамен  контрасты түске боялуы тиіс. Есік жаппасы  мен қорабының  арасындағы  саңы­лау­лар топса жағынан иілгіш материалмен жабылуы тиіс.

8.5.4 Көру кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде есік жапасының жоғарғы бөлігіне түрлі-түсті витраждан салған жөн. Сондай-ақ есік ойығы алдындағы қабырғадағы бағдарлаушы жолақтың фактурасы мен түсін өзгерткен жөн.

Нашар көретін балаларға арналған меке­ме­лер­де­гі есік жаппалары екі контрасты түспен есіктің ашылу бағыты көрсетіліп боялуы мүмкін (49-қосымшаны қара).

Соқыр балаларға арналған мекемелерде есік ойық­­­тарының қасына түрлі дыбыстық дабылдарды  орнатқан жөн.

8.5.5 ТҚА-ты, сонымен бірге көруі бұзылған балаларға арналған мекемелерде  қабырға бойымен жүретін, есік жаппалары қасындағы тірек тұтқала­ры­ның  түсін өзгерту керек.

8.5.6 Мүгедек балаларға арналған барлық оқу-тәрбие мекемелері терезелерінің жоғарыда тұрған  ашылмалы фрамугалары мен желдеткіштері болуы тиіс. Терезе ішке қарай ашылуы тиіс. Ашылмалы терезе  элементтеріндегі  жапқыштардың  орналасу биіктігі - еденнен 2-2,2 м.

Терезе алдылардың биіктігі ақыл-есі кем балалар мекемелерінде  900 мм кем емес, көру кемістігі бар балалар мекемелерінде  600 мм аспауы тиіс.

8.5.7 Ақыл-есі кем балаларға арналған маман­дан­ды­рылған мекемелерде терезе сынбайтын шынымен әйнектеу  керек. Кәдімгі шынымен әйнектеген жағдай­да шыныны сынудан қорғайтын құрылғыны (сәндік торламаны) қарастыру керек.

8.5.8 Көру кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде таспалы әйнектеуді контрасты түсті және фактуралы  жолақты терезе ойығы бөліп тұруы керек.

8.5.9 Арбадағы мүгедек балалар үшін балкон­дағы, лоджиялардағы, галереялардағы  қор­шау құрылымдардың  биіктігі  1100 мм аспауы тиіс, мұнда қоршаудың бітеу бөлігі, кеңістік тереңдігі 1500 мм аспаған жағдайда, еден деңгейінен 600 мм аспайтын биіктікте  болуы тиіс.

 

8.6 Визуальды және дыбыстық ақпарат

8.6.1 Мүгедек балаларға арналған ғимарат­та­рын­да­ғы бағдарлаушы тосқауылдарды болдырмау үшін символдар, ақпараттық табло, дыбыстық сигналдар пай­даланылады. Белгілер мен символдар барлық жастағы балаларға түсінікті  болуы тиіс, ақпараттық мәтіндер жеңіл оқылатын болуы тиіс.

8.6.2 Визуальды және дыбыстық ақпарат қай­та­лануы тиіс.

Қабырғалық визуальды ақпарат нақты фонда еден деңгейінен 1370-1675 мм биіктікте болуы тиіс.

Аспалы визуальды ақпараттық нұсқағыштарды кеңістік осі бойымен немесе еден деңгейінен  2100 м биіктікке барар жолда орналастыру керек, ол отырған және тұрған мүгедектердің барлығының  қабыл­дауы­на ыңғайлы болады.

8.6.3 Ақпараттық жарық және түсті нұсқағыш­тар­­дың әріптері мен цифрларының өлшемдері қа­шық­­тық­­­қа қарай болуы тиіс; 10 м - 250 мм;   20 м - 400 мм; 50 м - 750 мм.

Ақпараттық нұсқағыштар жайдағы есікпен қатар тұтқа жағынан қабырғаға 1500 м биіктікке орналасуы тиіс.

Мүгедек балалардың белгілік ақпаратты өте жақсы қабылдауы үшін күңгірт фонда ашық түсті әріптерді, цифрлар  мен символдарды  пайдалануы керек.

8.6.4 Маңдайша жазуының пішіні хабарланатын ақпаратқа сәйкес болуы тиіс:

- тікбұрышты маңдайша жазу ақпарат береді;

- үш бұрыштысы «сақтануға» нұсқайды;

- дөңгелек маңдайша «тыйым салу» туралы көр­сетеді.

8.6.5 Әртүрлі мақсат үшін арнайы  кодтық түсті пайдалану қажет:

- жасыл - қауіпсіздік, бос өткел, қосалқы шыға­беріс, алғашқы жәрдем және т.т.;

- сары - тәуекелдік, ескерту, қозғалыстағы заттар, шығыңқы құрылымдар;

- қызыл - қауіп, тыйым салу және т.т.

8.6.6 Көзінен мүгедек балалар баратын ірі оқу-тәрбие және сауықтыру орталықтарында бағдар­лау­шы көрнекті  карта-жоспарлар немесе магнитофон таспасына жазылған дыбыстық нұсқау болғаны жөн.

Көзінен мүгедектер үшін негізгі қозғалыс жолағы бойымен бүйір қабырғаларда  немесе еденде түрлі-түсті, контрасты нұсқағыштарды 850 мм кем емес және 1100 мм  аспайтын  биіктікте орналастыру қажет.

8.6.7 Көруі нашарлаған балалар үшін сондай-ақ пайдалы бағдарлаушы нұсқағыш болып табылады:

- жарықтандырылу деңгейінің өзгеруі;

- күңгірт фондағы ашық түсті символдар.

Көзінен кеміс мүгедектер үшін негізгі жол мен қозғалу бағытын  бөлме осінің  бойымен  еденде ені 1500 мм кем емес контрасты түсті жолақпен бөліп көрсету керек.

8.6.8 Толық немесе ішінара жанарын жоғалтқан адамдардың болуына қауіпті жайларға апаратын есік­тердегі тұтқалар, тиектер және өзге құрал-жаб­дық­тар танымдық, беті бедерлі немесе фактуралы жайлар сияқтылар үшін бірдей болуы тиіс.

8.6.9 Әріптер мен символдар соқыр балалар саусақтарының ұшымен ақпаратты оқи алатындай белгі фонында дөңес болуы тиіс. Әріптер мен символ­дардың биіктігі 16 мм  кем емес, бірақ 50 мм артық емес болуы тиіс.

8.6.10 Кесілген фигуралар мен символдардың ені  6 мм  кем емес ойықтары  болуы тиіс. Белгілердегі  символдар мен пиктограммалар бедерлі немесе ең кем дегенде  0,8 мм кесілген болуы тиіс.

 

9 ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТАЛАПТАР

 

9.1 Мекеме ғимаратындағы қабатта бір мезгілде болатын адамдардың ең көп саны, эвакуациялау жолдарының енін есептегенде  оқу жайларының, ең­бек­ке үйрету жайларының  және ұйықтайтын  бөл­ме­лер­дің, сондай-ақ осы қабаттағы  спорт және акт залының – дәріс аудиториясының сыйымдылығын негізге ала отырып анықталады.

9.2 Мүгедектерге арналған мекемелерде:

- сырттан өрт сөндіру кезіндегі су шығынының нормасы халықтық шаруашылық және ауыз су мұқ­таж­дықтарына бір мезгілде  жұмсалатын  су шығыны кезіндегі  100 л/с кем емес етіп алынуы тиіс;

- өрт гидранттарының қызмет көрсету радиусы 150 м аспауы тиіс;

- ғимарат пен имараттың қабырғаларында  өрт гидранттарының жарық нұсқағыштарын  орнатуды қарастыру керек.


9.3 Әр тұрғын топтан екіден кем емес эва­куа­ция­лық шығаберіс қарастырылған болуы тиіс. Үш қабат­тан  жоғары емес ғимараттарда екінші эвакуациялық

шығаберісті сыртқы баспалдақ арқылы (немесе пандаус), сондай-ақ қайырмалы тобогганмен жаб­дық­талған лоджия-тұндырғыш арқылы қарастыруға болады.

9.4 Эвакуациялау жолдарында апаттық және эвакуациялық жарықтандыру қарастырылуы тиіс.

9.5 Мекемелерде автоматты өрт сигнализациясы қарастырылған болуы тиіс. Автоматты өрт сигна­ли­за­ция­сы, автоматты өрт сөндіру және адамдарға өрт жө­нінде хабарлау қондырғылары қарастырылуы тиіс, ғи­ма­раттар мен жайлар тізбесін ҚР ҚН 2.02-11-2002 сәйкес қарастыру керек.

9.6 Биіктігі 2 және одан көп қабатты ғимараттарда  те­реңдігі 2 м кем емес және ені 6 м кем емес (1-2 тұр­ғын секцияға кем дегенде бір лоджия) ашық лод­жия­лар жобалау керек, оларды өрт кезінде адамдар жи­на­латын өртке қарсы бөлмелер ретінде қарастыра отырып. Аралықтар ені 1,6 м кем болмауы тиіс. Екі-үш қабатты ғимараттардағы лоджия қоршауларында өрт кезінде эвакуациялау үшін қайырмалы құрал-жабдықты орнатқан жөн (өз денесінің салмағымен тү­су­ге арналған ашық еңіс науашалар), олар ста­цио­нар­лы, қайырмалы, құрама болуы мүмкін (9.1, 9.2- су­ретті қара).

9.7 Егер өрт кезінде эвакуациялау өрт кезінде эвакуациялауға арналған жиналмалы құрал-жаб­дық­қа есептелсе, негізгі ғимараттан тыс мектеп-интер­нат­тарда оларды сақтауға арналған, алғашқы өрт сөн­діру құралдарымен қамтамасыз етілген ауданы  8-10 ш.м жылытылатын жай қарастыру қажет.

 

 

 



 

 

 

Сурет 9.1 - өрт болған жағдайда эвакуациялауға пайдаланылатын құрал-жабдық типтері

 

 

 

 

Сурет 9.2 – Қосымша құрал-жабдық сұлбалары

 

 


1-қосымша

(ұсынылған)

 

Тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балаларға арналған емдік-ойын алаңшалры

(ЦНИИЭП оқу ғимараты ұсынысы бойынша)

 

I. Гимнастика алаңшасы: 1 - фунттағы бөрене; 2 - тіреудегі бөрене; 3 - топырақтағы тақтай; 4 - орындықтар;

5 - еңіс баспалдақ; 6 - еңіс тақтай; 7 - білеушелер; 8 - көпір ағаш;  9 - қолмен жүру; 10 - сырық; 11 - сақина;

12 - балаларды сапқа тұрғызу үшін топыраққа салынған бағдарлар; 13 - шведтік стенкалар;

14 - тік гимнастикалық  баспалдақтар; 15 - планкалары бар тақтай;

ІІ. Емдік-ойын алаңшасы: 1 - тік гимнастикалық баспалдақ; 2 - дифференциялауға қозғалысты арналған жол; 

3 - швед стенкалары; 4 - орындықтар; 5 - еңіс баспалдақ; 6 - еңіс тақтай; 7 - циклотренажер;

8 - тербелмелі жазықтық; 9 - батут; 10 - көтерілудің алуан түрлері; 11 - балаларды сапқа тұрғызу үшін топыраққа салынған бағдарлар; 12 - түрлі жабынды жолдар; 13 - валикті жолдар; 16 - толқынды тақтай;

17 - «шырша» тақтай; 16 - следоступ; 17 - жол

 

Есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған емдік-ойын алаңшалары (ЦНИИЭП оқу ғимараты ұсынысы бойынша)

 

I. Саңырау және нашар еститін балалар үшін:  1 - тіреудегі бөрене; 2 - орындықтар; 3 - еңіс баспалдақ; 4 - еңіс тақтай;

5 - бум; 6 - білеушелер; 7 - көпір ағаш; 8 - қолмен жүру; 9 - сақтандырғышты тар көтергіш; 10 - прессті бекітетін тақтай;

11 - сырықтар; 12 - сақина; 13 - балаларды сапқа тұрғызу үшін топыраққа салынған бағдар;

14 - шведтік стенкалар; 15 - көтерудің алуан түрлері; 16 - бекітілген штанга; 17 - аяққа арналған күш балансирі;

18 - қолға арналған күш балансирі

ІІ. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған: 1 - топырақтағы бөрене; 2 - тіреулердегі бөрене; 3 - топырақтағы тақтай; 4 - циклотренажер; 5 - еңіс баспалдақ; 6 - еңіс тақтай; 7 - адыммен жүру; 8 - следоступ; 9 - толқынды тақтай;

10 - «шырша» тақтай; 11 - кедір-бұдырлы тақтай; 12 - велотренажер; 13 - алуан түрлі жабынды жолдар;

14 - қалқаннан тұратын жолдар; 15 - тақтайшалы жол; 16 - дыбысты бағдарлауыштар;

17 - тік гимнастикалық баспалдақтар
2-қосымша

(ұсынылған)

 

Учаскедегі қозғалыс жолдары

 


3-қосымша

(ұсынылған)

 

Балалар үйіндегі топтық ұя бөлмелерінің құрамы мен ауданы

 

Бөлменің атауы

Жастағы балаларға арналған ауданы

0-1 г.

1 - 2. г.

2 - 3 г.

Киім шешетін бөлме

12

12

15

Кептіргіш бөлме

4

4

4

Ата-аналармен кездесу бөлмесі

6

8

8

Логопедтік кабинет

-

9

9

Ойын бөлмесі

30

40

40

Ұйықтайтын бөлме

24

37

37

Күндіз ұйықтайтын веранда

24

30

30

Массаж бөлмесі

6

-

-

Қол жуғыш пен себезгісі бар бөлме

9

9

9

Ванна-себезгі бөлмесі

4

4

4

 

 

 

Қызметтік-тұрмыстық бөлменің құрамы мен ауданы

 

Оқу-тұрмыстық бөлмелер

Топ (орын) саны – болатын бөлме ауданы, м2

2/50

4/95

6/140

7/190

12/280

Меңгеруші кабинеті

10

10

10

9

-

Шаруашылық меңгерушісі бөлмесі

-

-

-

6

-

Қызметкер бөлмесі

-

8

6

10

12

Шаруашылық қоймасы

4

5

5

8

12

Таза төсек-орынды қоятын жер

4

6

6

8

10

Костелянша бөлмесі

-

-

-

-

6

Себезгі бөлмесі

-

2

2

2

2

Қызметкерге арналған әжетхана

3

3

3

3

Барлығы:

21

34

46

58

61

 

 

 

Кір жуғыштың құрамы мен ауданы

 

Тұрмыстық жайлар

Топ/орын саны – болатын бөлме ауданы, м2

2/50

4/95

6/140

7/190

12/280

Кір жуатын

12

14

14

16

18

Үтіктейтін

-

10

10

12

12

Барлығы:

12

24

24

28

30

 

 

 

Тағам блогының құрамы мен ауданы

 

Тағам блогы (шикізатқа)

Топ/орын саны  болатын бөлме ауданы, м2

2/50

4/95

6/140

7/190

12/280

Үлестіретіні бар асүй

15

23

23

28

30

Дайындау цехы

6

8

8

12

14

Асүй ыдысын жуатын бөлме

4

4

4

5

6

Салқындатқыш камера

-

-

-

-

9

Құрғақ азық-түлік қоймасы

7

8

8

11

6

Көкөніс қоймасы

4

4

4

5

8

Тиейтін бөлме

-

4

4

5

6


4-қосымша

(ұсынылған)

 

Оқушы кресло-арбасының габариттері

 

 

 

 

 

 

Кресло-арбадағы мүгедекті орналастыратын алаңша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-қосымша

(ұсынылған)

 

Мектепке дейінгі мекеме типі бойынша жобаланған

тұрғын жайлардың ұсынылған құрамы мен ауданы

 

 

 

Бөлме атауы

Бөлме ауданы, ш. м

Ескертулер

1 орынға

барлығы

Топқа

1. Киім шешетін

-

14-16

 

2. Топтық:

 

 

 

-сколиозбен ауыратын балаларға арналған мектеп-интернаттарда

4,2

-

 

-қалған типтегі мектеп-интернаттарда

3,6

-

 

3 ұйықтайтын бөлме

3,6

-

Біртұтас бөлмені білдіреді немесе екі бөлмеден тұрады – ұлдар және қыздар үшін

4 Дәретхана

-

16

 

5 Буфет

-

5-6

Егер секция құрамында буфеті бар асхана болса, қарастырылмайды

6 Жеке жұмыс бөлмесі

-

12-14

Саңыраулар мен нашар еститіндерге арналған мекемелерде

7 Логопед кабинеті

-

18-20

Сөйлеу кемістігі бар және тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балаларға арналған мекемелерде

8 Қойма

-

6-8

 

9 Қызметкердің себезгісі мен қол жуғышы бар санитарлық торабы

-

5

 

10 Жинастыру керек-жарағын сақтау бөлмесі

-

4

 

Барлық секцияға ортақ

11 Қонақ бөлме

-

30-36

 

12 Асхана

2,3

-

Жобалау тапсырмасы бойынша

13 Буфет

-

14-16

-«-

14 Әмбебап зал

-

54-72

 

15 Залдағы керек-жарақ қоймасы

-

14-16

 

16 Дәрігер кабинеті

-

16-18

 

17 Кезекші тәрбиешілердің санитарлық торабы бар бөлмесі

-

20

Санитарлық торапта себезгі, унитаз, қол жуғыш қарастыру

18 Тифлопедагог кабинеті

-

14-17

Соқыр және нашар көретіндерге арналған мекеме-лерде

19 Логопед кабинеті

-

16-18

Ақыл-ойы кем балаларға, соқыр балаларға және сколиозбен ауыратын балаларға арналған мекемелерде

20 Тұрмыстық бөлме

-

10-14

 

21 Таза төсек орын қоймасы

-

8-10

 

22 Арбалар сақтайтын бөлме

-

10

Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған балаларға арналған мектеп-интернаттары

 

 


5-қосымшаның жалғасы

 

Дәлізді жүйе типі бойынша жобаланған, тұрғын

жайлардың ұсынылған құрамы мен ауданы

 

 

 

Бөлме атауы

Бөлме ауданы, ш. м

Ескертулер

1 орынға

барлығы

Топқа

1 3-4 орындық ұйықтайтын бөлмелер:

 

 

 

- арбалы мүгедектің келуіне есептелмеген;

5

-

 

-арбалы мүгедек баланың біреуінің келуіне есептелген

6

-

 

2 Оқу-ойын бөлмесі, сабаққа дайындалу бөлмесі::

 

 

 

-сколиозбен ауыратын балаларға арналған мектеп-интернаттарда;

5,2

-

 

- -қалған типтегі мектеп-интернаттарда

4,2

-

Психологиялық жеңілдеу аймағын қарастыру

3 Керек-жарақ бөлмесі

-

6-8

 

4 Санитарлық тораптар

:

 

 

 

- әр ұйықтайтын бөлмеде

-

6

 

- топқа ортақ секцияға

3.1-кесте деректеріне сәйкес жобаланады

 

Секцияға

5 Асхана

2,3

-

Тамақтану тұрғын жай секциясында қарастырылған жағдайда

6 Буфет

-

14-16

-«-

7 Қонақ бөлме

-

34-36

 

8 Тәрбиешілердің санитарлық торабы бар бөлмесі

-

20

Санитарлық торапта себезгі, унитаз, қол жуғыш қарастырылады

9 Кептіргіш шкафы бар шешінетін орын

 

1,4

-

Тұрғын торапқа кіру бас вестибюль арқылы қарастырылған жағдайда

10 Жеке жұмыс бөлмесі

-

12-14

Саңырау және нашар еститін балаларға арналған мекемелерде,

2-3 топ-сыныпқа біреу

11 Тұрмыстық бөлме

-

14-16

 

12 Таза төсек-орын қоймасы

-

6-8

 

13 Қызметкер себезгісі мен қол жуғышы бар санитарлық торабы

-

5

 

14 Жинастыру керек-жарағын сақтау бөлмесі

-

4

 

15 Арбаларды сақтау бөлмесі

-

10-12

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-қосымша

(ұсынылған)

 

Түрлі ауруы бар мүгедек балаларға арналған 4 орындық ұйықтайтын бөлме жабдығы

 

 

 

а - есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған ұйықтайтын бөлме:

1- кереует жанындағы тумба; 2 - бала кереуеті; 3 - киім-кешек шкафы; 4 - орындық; 5 - кілемше;

б - ТҚА-сы бұзылған балаларға арналған ұйықтайтын бөлме:1 - арнайы бала кереуеті;

2 - қабырға сөресі; 3 - кресло-арба; 4 - ходилкалар; 5 - тұтқалар; 6 - тумбочка.

 


6-қосымшаның жалғасы

 

Соқыр және нашар көретін мектеп жасындағы

балаларға арналған санитарлық тораптары бар

3 және 4 орынды ұйықтайтын бөлмелердің жайғастыру сұлбасы

 

 

 

 

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Кереует; 2. Диван; 3 Тумбочка; 4. Құрама шкаф; 5. Үстел; 6. Орындық; 7. Экран; 8. Ілгіш;

9. Еденнің құрылымымен өзгерген  бағдарлауыш; 10. Жоғарғы жарық фрамугасы;

11. Шыныланған есік; 12. Байқау терезесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 7-қосымша

(ұсынылған)

 

2 және 3 орынды ұйықтайтын бөлмелердің жайғастыру сұлбалары

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Кереует; 2. Диван; 3 Тумбочка;

4. Құрама шкаф; 5. Үстел; 6. Орындық;; 7. Кресло;

8. Торнер; 9. Банкетка; 10. Мүгедек арбасы.

 


8-қосымша

(ұсынылған)

 

6 және 9 орынды 2 пәтерге арналған ұйықтайтын секцияны жайғастыру нұсқасы

 

 

 

Бөлменің экспликациясы

 

1. 3 орынды ұйықтайтын бөлме; 2. Ортақ бөлме -асхана; 3. Асүй; 4. Оқу бөлмесі; 5. Қызметкер бөлмесі;

6. Алдыңғы шешінетін бөлме; 7. Дәрігер немесе медициналық бике кабинеті;

8. Керек-жарақ қоймасы; 9. Ашылатын тобогганы бар лоджия (10).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


9-қосымша

(ұсынылған)

 

Мектепке дейінгі жастағы мүгедек балаларды келуіне

бейімделген топтық ұя  бөлмелері жабдығы

 

 

 

 

 

а - 10 балаға арналған мектепке дейінгі топ шешінетін бөлме:

1 - балалар киім-кешегіне арналған шкаф; 2 - киінуге арналған орындық; 3 - қызметкердің киім-кешек шкафы;         

4 - орындық; 5 - айнасы бар дәретхана үстелшесі; 6 - ақпарат стенді;

 

б - 10 балаға арналған мектепке дейінгі топтық ойын бөлмесі:

1 - оқу құралдарын сақтайтын шкаф; 2 - ойыншықтарды сақтайтын шкаф; 3 - терезеалды ленталы үстел;

4 - бала орындығы; 5 - тәрбиеші орындығы; 6 - тәрбиеші үстелі; 7 - бала үстелі.

 

 

9-қосымшаның жалғасы

 

 

 

 

 

 

в - 10 балаға арналған мектепке дейінгі топтық ұйықтайтын бөлмесі:

1 - бала кереуеті; 2 - бала орындығы; 3 - тәрбиеші орындығы; 4 - киім-кешек шкафы;

5 - жеке киім жинақтамасына арналған шкаф.

 

г - мектепке дейінгілерге арналған топтық ұядағы дәретхана:

1 - бала қолжуғышы; 2 - бала унитазы; 3 - ересек унитазы; 4 - себезгі табандығы; 5 - сүлгі ілгіш;

6 - шаруашылық шкаф; 7 - фактуралы жолы бар аяқ себезгісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-қосымша

(ұсынылған)

 

Мектепке дейінгілерге арналған топтық бөлмені жинастыру нұсқасы

 

І – оқу сабақтарын өткізуге арналған жабдықтарды орналастыру;

ІІ – бөлмені асхана әрі ойын бөлмесі ретінде пайдалану кезінде жабдықтарды орналастыру

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Оқушы үстелі; 2. Арбалы мүгедекке арналған оқушы үстелі; 3 Бала орындығы; 4. Мұғалім үстелі;

5. Мұғалім орындығы; 6. Оқушы тақтасы; 7. Шкаф стеллаж; 8. Теледидар; 9. Табиғат бұрышы;

10. Кинопроекциялық аппарат; 11. Мүгедек арбасы.

 

 

 

11-қосымша

(ұсынылған)

 

Арбалы мүгедектің мұқтаждығын ескеріп, киім шешетін бөлмені жайғастыру үлгілері

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Киім-кешек пен аяқ киімге арналған жеке шкаф; 2. Мүгедекке арналған жеке шкаф; 3. Кептіргіш шкаф; 4. Мүгедек арбасы; 5. Киінуге арналған орындық; 6. Айна; 7. Қызметкер шкафы; 8. Ілгектері бар және бас киім сөресі бар ашық киім ілгіш;

9. Қолшатыр мен таяқтарға арналған кәрзеңке; 10. Жұмыс аймақтарының шекарасы

 

 

 

I - Дәлізді жүйе типі бойынша жобаланған тұрғын жайдағы 8 орынды киім шешетін бөлме

II - Мектепке дейінгі мекеме типі бойынша жобаланған топтық ұядағы 8 орынды киім шешетін бөлме
12-қосымша

(ұсынылған)

 

Балаларға арналған санитарлық тораптардың ұсынылған орналасуы,

жайлар мен жабдықтардың құрамы

 

Тұрғын жай типі

Сыйымды-

лығы

Санитарлық тораптардың орналасуы

Санитарлық торап типі

Санитарлық жабдық құрамы

1

2

3

4

5

1 Балабақша типі бойын­ша тұрғын топ бөлмесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Дәлізді жүйе типі бойын­­­ша тұрғын топ бөлмесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Пәтер типі бойынша тұрғын топ бөлмесі

6 — 8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 — 12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 — 8

Топтық ұя бөл-месі құрамында орналасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ұлдар мен қыздарға арналған санитарлық тораптар, 2-4 топқа ортақ дәлізде орналасқан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Санитарлық торап 3-4 орынды әр ұйықтайтын бөлмеге орналасады

 

 

Әр пәтер құрамында санитарлық тораптар

 

 

Ортақ дәретхана

1.  1-1,5-ға дейінгі сәбилік жастағы балалар үшін

 

 

2. 1-1,5 жастан үлкен мектепке дейінгілер мен кіші мектеп жасындағылар үшін

 

 

1 Қыздар мен ұлдарға арналған әжетхана

 

 

 

2. Қыздардың жеке гигиеналық кабинасы

 

3. ұлдар мен қыздарға арналған қол жуғыштар

 

 

4. Шешінетіні бар себезгі кабиналары

 

 

Біріккен санитарлық торап

 

 

 

1. Қол жуғышы бар әжетхана

2. Дәретхана

Бір унитаз, бір горшоктарды жууға арналған құйғыш кленка жуатын ванна, екі қол жуғыш, бір себезгісі бар балалар ваннасы

 

Экранмен қоршалған кабинадағы  екі унитаз, бір табандығы бар себезгі қауыз,  үш қол жуғыш, екі аяқ жуғыш

 

 

Әр 15-20 орынға: ұлдарға және қыздарға екіден унитаз, ұлдарға арналған әжетханадағы инсуар.

 

Қол жуғыш, бидэ

 

 

Үштен  қол жуғыш, екіден аяқ жуғыш

 

 

Бір-бір қауыздан 2-3 себезгі кабиналары

 

 

Себезгі, унитаз, қол жуғыш

 

 

 

 

Унитаз, қол жуғыш

 

Унитаз, қол жуғыш, себезгі немесе ванна

 

Ескертулер

1 Оқымайтын балаларға арналған топтық ұялардағы дәретхана жабдықтарының құрамына унитаз, бидэ, қүйылыс, себезгі, екі қолжуғыш кіреді. Бұдан басқа, жабдық құрамына горшоктар мен суденге арналған стеллаж, кленканы дезөңдеуге арналған ванна, пленка кептіргіш кіруі тиіс; Балық-жабдық кабина мен экрансыз ортақ жайға орналасуы тиіс.

2 Барлық жайдың санитарлық тораптарының еденінде суды жіберетін трап болуы тиіс.

3 Қолжуғышта, дәретханада, біріккен санитарлық торапта сүлгі кептіргіш қарастыру керек.

4.Санитарлық тораптарда (сәби тобынан басқа) жайғастыру және жабдықтау арбалы мүгедектердің пайдалану мүм­кін­дік­те­рін қарастыру керек.

 

 

 


13-қосымша

(ұсынылған)

 

Мектепке дейінгі топтарға арналған санитарлық тораптардың жайғастыру сұлбалары

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Балалар унитазы; 2. Бала қол жуғышы; 3. Себезгі табандығы; 4. Айналатын кресло;

5.Аяқжуғыш; 6. Банкетка; 7.Тұтқа-ұстағыш; 9. Шаруашылық шкаф; 10. Мүгедек арбасы;

 

 

 

 

 

 

14-қосымша

(ұсынылған)

 

Санитарлық тораптарды жайғастыру сұлбалары

                                                                                            

 

Жабдықтау экспликациясы

1.Ванна; 2.Унитаз; 3. Себезгі табандығы; 4. Қол жуғыш; 5. Мүгедек арбасы; 6. Айналатын кресло.

І - Қолжуғышы бар әжетхана

ІІ - ұйықтайтын бөлмедегі санитарлық торап, себезгісі бар нұсқа.

ІІІ - ұйықтайтын бөлмедегі санитарлық торап, себезгісі бар нұсқа.

 

 

 

 

 


15-қосымша

(ұсынылған)

 

Біріккен санитарлық торап

 

 

 

 

 


15-қосымшаның жалғасы

 

 

1- тұтқа; 2 - алмалы орындық; 3 - ашылмалы орындық;

4 - кресло-арбамен маневр жасау аймағы; 5 каталкамен маневр жасау аймағы

 

 

 

 

 

 

 

 


16-қосымша

(ұсынылған)

 

Психологиялық жеңілдеу аймағы бар 10 адамдық сыныптың жайғастыру сұлбасы

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Оқушы үстелі; 2. оқушы орындығы; 3 Мұғалім үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5. Арбалы мүгедекке арналған оқушы үстелі; 6.Мүгедек арбасы; 7.Тақта; 8.Швед стенкасы; 9.Кресло; 10. Кинопроекциялық аппарат; 11.Табуреткалар; 12. Тумбочка; 13.Кушетка; 14.Экран; 15. Қолжуғыш.

 

 

Жеке есту сабағы (саңырау және нашар еститін балаларға арналған) кабинеті

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Стеллаж; 2.Үстел; 3. Орындық;4.Айна; 5.Әдіскер үстелі; 6. Қолжуғыш.
17-қосымша

(ұсынылған)

 

10 адамға физика, химия кабинетінің жайғастыру сұлбасы

 

 

Жабдықтау экспликациясы

 

1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы орындығы; 3. Демонстрация үстелі; 4. Мұғалім орындығы;

5.Жуғыш; 6. Қоқыс багы; 7. Тақта-экран; 8. Таратқыш қалқан; 9. Шкаф-стеллаж;

10. Кинопроекциялық аппарат; 11. Мүгедек арбасы.


17-қосымшаның жалғасы

 

 

12 адамдық физика (химия) кабинетінің жайғастыру сұлбасы

(соқыр және нашар көретін балалар үшін)

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы үстелі; 3. Демонстрация үстелі; 4. мұғалім орындығы;

5.Жуғыш; 6. Қоқыс багі; 7. Тақта-экран; 8. Таратқыш қалқанша; 9. Шкаф-стеллаж;

10. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы; 11. Байқау терезесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-қосымша

(анықтамалық)

 

10 адамдық биология кабинетінің жайғастыру сұлбасы

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы үстелі; 3. Демонстрация үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5.Жуғыш;

6. Қоқыс багы; 7. Тақта-экран; 8. Шкаф-стеллаж; 9. Терезе алды деңгейіндегі аквариум, өсімдігі бар жәшіктер, құстар мен жануарлары бар торларды орналастыруға арналған аласа стеллаж;

10. Кинопроекциялық аппарат; 11. Мүгедек арбасы;

 


18-қосымшаның жалғасы

 

12 адамдық биология кабинетінің жайғастыру сұлбасы

(соқыр және нашар көретін балалар арналған)

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы үстелі; 3. Демонстрация үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5.Жуғыш;

6. Қоқыс багы; 7. Тақта-экран; 8. Шкаф-стеллаж; 9. Терезе алды деңгейіндегі аквариум, өсімдігі бар жәшіктер, құстар мен жануарлары бар торларды орналастыруға арналған аласа стеллаж;

10. Фактурасы өзгертілген еден бағдарлауышы; 11. Мүгедек арбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 


19-қосымша

(анықтамалық)

 

6 адамдық компьютер сыныбының

(соқыр және нашаркөретін балалар үшін) жайғастыру сұлбасы

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Оқушы үстелі; 2.Айналмалы оқушы креслосы; 3. Мұғалім үстелі; 5.Серверге арналған үстел

(орталық процессордың); 6.Оқушы компьютеріне (терминал) арналған үстел; 7. Құрама шкаф-стеллаж;

8. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы; 9. Байқау терезесі;

 

 

 

 

 

 

 

20-қосымша

(анықтамалық)

 

Сурет кабинетін жайғастыру үлгісі

 

 

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1.Суреттерге арналған шкаф-стеллаж, модельдер, реквизит. 2. Мольберт 2 а. Арбалы мүгедек үшін арнайы мольберт. 3.Модельдер мен натурщиктерге арналған тақтайша үстел. 4. Натурщик демалатын кресло.

 5. Ширма. 6. Айнасы бар ілгіш. 7. Оқытушы үстелі. 8. Орындық. 9.Суреттер мен картиналар көрмесі.

10. Мүгедек арбасы.

 

 

 

 

 

 

 


 21-қосымша

(анықтамалық)

 

Кітаптарға және оқырман залына жол ашық кітапхананы жайғастыру сұлбасы

(соқыр және нашар көретін балалар үшін)

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Кітаптарды ашық сақтайтын шкаф. 2. Сабақ үстелі. 3. Орындық. 4. Абонементтік қызмет көрсету үстелі.

5. Табурет. 6. Аспалы сөрелер. 7. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы.

8. Қол жуғыш. 9. Байқау терезесі.

 

 

 

21-қосымшаның жалғасы

 

Кітаптарға және оқырман залына жол ашық кітапхананы жайғастыру үлгісі

 

 

Жабдықтау экспликациясы

1. Кітаптарды ашық сақтайтын шкаф. 2. Сабақ үстелі. 2а Арбалы мүгедек сабағы үстелі. 3.  Орындық.

4. Абонементтік қызмет көрсету үстелі. 5. Табурет. 6. Аспалы сөрелер. 7. Мүгедек арбасы

 

 

 

 


22-қосымша

(ұсынылған)

 

Мектепке дейінгі мекемелердегі мүгедек балалар қатысатын

арнаулы сабақтарға арналған бөлме жабдығы

 

 

 

 

а – ТҚА-сы бұзылған балаларға арналған арнайы сабақ бөлмесі: